ВЕРНУТЬСЯ

АҚЫЛДЫ ҚЫЗ («Ақылды қыз» ертегісінің желісі бойынша сахналық қойылым)  Сахнаға жүргізуші шығады. Артынан  5- 6  бала еріп шығады. Бірінші бала:Аға, – аға, бізге ертегі айтып беріңізші. Екінші бала:Немесе кітап оқып беріңіз. Сіздің әңгімеңізді сағындық. Жүргізуші: Жақсы, балалар, онда мен сендерге бір ертегі айтып берейін. Сендер ыңғайланып отырып тыңдаңдар. Мен ертегімді бастайын: Қиын шақта табандаКеңесетін көппенен.Заманда, бір замандаХан болыпты Бек деген. Ал, әлсіздер күші кемАлдына оның барыпты.Ақылымен, ісіменХалқына хан жағыпты. Түсінетін сөз парқын,Жандар жақын қоныпты.Бір күні Бек өз халқынСынамақшы болыпты,- деп, балаларды ертіп сахнаның шетіне кетеді.I көрініс Сахна ашылады. Хан сарайы. Тақта хан отыр. Екі жағында  уәзірлері.  Есіктің алдында екі сақшы.  Хан:«Қонғалы тұр бақ, міне,Жұмбағымды  тапқанға:Дүниеде тәтті не,Һәм жүйрік не шапқанда? Құлақ салғын, жарандар,Шық ортаға зерегің.Шешкендерге шамам бар,Бір қап алтын беремін». Жүргізуші сахнаның шетінде тұрып ертегісін жалғастыра береді: Деп Бек жарлық таратып,Талай жанды тыңдапты.Отыз мәрте таң атып,Отыз мәрте  күн батты. Ханның алдына біреу келеді:Келген адам:Уа, хан ием, дүниедегі ең тәтті қант, ең жүйрік – күн  сәулесі, ай нұры болар! Хан:Таппадың жұмбағымды! Алып кетіңдер!                                     Екі жендет әлгі адамды алып кетеді. Екінші адам келеді:Дат, тақсыр, дүниедегі ең тәтті нәрсе – ұйқы болар,  ал жүйрік – садақтың жебесі емес пе? Хан :Таба алмадың жауабын! – қолын сілтейді. Екі жендет алып кетеді. Үсті  – басы тоз  – тоз болған, азып  – тозған шал келеді. Домбырамен жайлап күй  жіберіліп  тұрады. Шал:                      Уа, хан ием, қымбаттым,Бағымды бір байқайын.Шешуін сол жұмбақтыңБолса  рұқсат, айтайын... Еміренген әр адам,Алданышың, ермегің   –Бұл өмірде баладанТәтті нәрсе көрмедім. Жоқтан өзім пайда боп,Демде  хан да бола алдым.Қас  – қағымда айда боп,Жерге қайта оралдым. Сөйлемейін асырып,Шын дүлдүлдер көп екен.Дүниеде, асылы,Ойдан жүйрік жоқ екен! Хан :Жұмбақты дұрыс шештің, қартым. Бірақ мынадай ақылмен қалай жүрсің         көрінбей? Бұл жұмбақты кім шешті? Қане, шыныңды айт! Әйтпесе  басыңды аламын! – деп қаҺарын шашады. Шал:  Кешіріңіз, хан ием, кешіріңіз! бұл   жұмбақтың  шешуін   тапқан   қызым еді. Хан  сәл  ойланып:Онда  мұндай  ақылды  қызды  өзім  алам, қалың  малын  көп  төлеп. Еңсесі түскен шал сүйретіліп шығып кетеді. Жүргізуші:            Істі оңғарып құдайым,Сыйлыққа шал кенелді.Ханның сезіп сыңайынҮйге қарай жөнелді. Көңілі  сәл  бұзылса,Қуаныштан ол тасып.Баяндады қызынаХанның салған қолқасын.  Шалды қысып, құшаққа ап,Қыз үндемей түнерді.Өткеннен соң үш апта – ақ,Хан уәзірін жіберді.              II көрініс Шалдың үйі. Үй іші жұпыны.  Уәзір келеді. Ханның беріп жіберген хатын қызға  ұстатады.Қыз хатты оқып шығып, өңі қуарып кетеді. Сіңлісі қасына келіп: Апатай, енді не істейміз? – деп жылап жібереді. Қыз: Саспа, сіңлім, жауабын өзім беремін. Қыз уәзірге:Менен сәлем жолдаңыз,Хан білімін байқайын.Сіз де қапа болмаңызҚалыңымды айтайын. Керек емес алтыны,Керек емес малы оның.Орындаса хан мұны,Мен өзім – ақ барамын. Мынау болсын қалыңмал,Бұл да Бекке қолғабыс –Жиырма ит табыңдар,Және отыз жолбарыс. Қырық арыстан тағы бар,Елу аю керек – ақ.Алпыс ноқта табылар,Келіңіздер бөлек ап. Уәзір шығып кетеді.САХНА  ЖАБЫЛАДЫ. Жүргізуші:              ...Күнде думан сарайда,Себебі алда той бар – ды.Зауқы соқпай алайдаХан Бек ұзақ ойланды.                  III КӨРІНІС Хан сарайы. Жаймен музыка ойналып тұрады.Хан  ойланып  отыр.Хан:Жоқ, бұл қыз менің теңім емес екен. Қалың  малы арқылы  менің  өмірімдісуреттепті. 20 ит –  бұл менің  жиырма  жастағы  кезім. 30 жолбарыс –  менің  қайратты  шағым.  40 арыстан  дегені –  менің  қырық  жасым.  50  аю  дегені –  менің  елу  жасым.  60 ноқта  дегені – менің  кәрілігім  екен,... м – м– м. Бұл қызды мен балама  алып  берейін, ендеше! Жүргізуші:           Өз  дегенін  хан  бұзбай,Жазып  көңіл  жарасын.Көп  кешікпей  сол  қызғаҮйлендірді  баласын. ...Бір  жылдары  қыс  келіп,Дала  өңі  солыпты.Күндерде  хан  түс  көріп,Келініне  жорытты. Хан  өз  сарайында.  Алдында  келіні. Келіні: Ата, түсіңіздің  жоруы  – бұл елде  көп  ұзамай  жұт  болады  екен. Хан  біраз  ойланып  отырып:Олай  болса,  қарағым,  мен  қоныс  іздеп  кетейін.  Елді  жұттан  алып  қалу  керек.Хан шығып кетеді.Жүргізуші:             ...Тұлпарына  Бек  мініп,Талай  жерден  өтеді.Таңдайын  шөл  кептіріп,Бір  шаһарға  жетеді.  Жануы  ма  бағының,Бәріне  де  көнеді.Бек  сол  елдің  ханыныңСарайына  енеді.IV  КӨРІНІС Тақта  отырған   –  сол  елдің  ханы. Басында  шалма,  үстінде  шапан.Екі  жағында  уәзірлері.  Есік  алдында  сақшылар.Бек: Уа, хан  ием! Қоныс  іздеп  келіп  ем, жер  жаһанды  аралап.  Елімді  жұт  жайлады.  Ең  болмаса  бір  жыл отырайын.  Шұрайлы  жер  бер, ақыңды  төлеймін. Қаһарлы  Хан  Бекке  алара  қарап:Алтының   көп  болса,  өзім – ақ  шауып  аламын!Тастаңдар  мына  ханды  зынданға! Бек: – Жо – жоқ,  хан  ием!Тастатпаңыз  зынданға.Хат  жазайын  еліме.Көшіп  келеді  өздері – ақ,Берілеміз  шайқассыз! Сахна жабылады.Жүргізуші:           От  ұялап  көзіне,Хан  өшкөздік  танытты.Бектің  айтқан  сөзінеСеніпті  де  қалыпты.Қауырсынды  қолға  алып,Айтар  сөзін  аз  құрап.Сан  ойланып,  толғанып,Бек  еліне  жазды  хат                    V КӨРІНІС Бектің  сарайы.  Екі  жендет  Бектің  еліне  келіп,баласына  хатты  ұсынады. Баласы  хатты  ішінен  оқиды да біраз ойланып отырады.Ханның баласы:Әкем  көшіңдер  депті.  Тез  көшу  керек! Ханның келіні : Қайсы,  хатты  бере  тұршы ( хатты  тез  оқып шығып) Жоқ,  көшу – ағаттық.  Атам  хатын  жұмбақтап  жазыпты.  Ол  зынданда  отыр  екен.            Ханның келіні  хатты  оқиды.Үшбу  сәлем  ұлыма,Уақыт  берем  төрт – ақ  күн.Қыстап  биыл  шығуғаҒажайып  бір  жер  таптым. Күмандану  болмасын,Қос уәзірге  еріңдер.Ауылда  ешкім  қалмасын,Түгел  көшіп  келіңдер. Ойлап  істің  қамын  бар,Айтқан  сөзді  елеп  мың.Бірін  шауып  алыңдар,Келерде  қос  теректің. Елдегі  бар  дарындар,Бір  амалын  табыңдар.Егер  балтам  өтпесе,Қайрағыма  жаныңдар! Терең   ойланып:Сабақ  болар  бұл – дағы,Түйіп  алғын  сен  еске.Қос  терек  деп  тұрғаныҚос  уәзір   емес  пе! Асқар  таудай  алда  сын,Сынайтұғын  үнемі.Біреуінің  ал  басын,Шынын  айтар  біреуі. Балтасы – сен, баласы,Ал  қайрағы – мен  едім.Жаны  десе,  шамасы,Маған  айтсын  дегені... Ханның  баласы:Бұл  айтқаның   ақыл  болар!  Уәзірлеріне  қарап:Ана  екі  уәзірді  алдыма  келтіріңдер! Жендеттері  уәзірлерді  әкеледі.Ханның  баласы:Бірінің  басын  алыңдар! Жендеттер  оның  айтқанын  тез  орындайды.Екінші  уәзір  жалынып,  ханның   аяғына  жығылады.Екінші уәзір:Дат,  тақсыр,  өлтіре  көрмеңіз!  Айтқаныңыздың  бәрін  істеймін,  тек  мені  тірі  қалдырыңыз,  өтінемін!  Өлтіре  көрмеңіз! Ханның  баласы:Жақсы,  сені  өлтірмеймін.  Әкемнің  жағдайын  айт!Уәзір:                   Тақсыр,  әкеңіз  зынданда.  Біздің  ханымыз  сіздің  елді  жаулап  алғысы  келеді. Мұны  естігендер  дүркіреп  орындарынан  тұрады.Музыка  күшейе  түседі. VI  КӨРІНІСЖат  елдің   хандығы.  Бектің  адамдары  кіріп  келеді  де,  ханның  адамдарымен  айқаса  кетеді. Ханды  алып  кетеді.  Бекті  ортаға  алып  келе  жатады. АҚЫЛДЫ  ҚЫЗ:Уа,  халқым,  бізде  күш  бар,  әдіс  – айла  бар,  ақыл  бар,  көсіліп  жатқан  кең  дала  бар,  ақ  жарқын  халқымыз  бар.  Еліміз  бен  жерімізді  қорғау  үшін  бірлік  керек.  Бірлік  бар  жерде  тірлік  бар! САХНА  ЖАБЫЛАДЫ. Жүргізуші  өзімен  бірге  еріп  шыққан  балаларды  құшақтап тұрып,әр баланың бетіне қарап, күлімсірейді. Жүргізуші:Ал, балалар, менің айтқан ертегім ұнады ма? Бұл ертегі бізді ақылдылыққа, тапқырлыққа үйретеді екен, солай ма, балалар? Балалар:

  • Иә, иә, солай, ағай!
  • Бізге ертегіңіз өте ұнады.

 Жүргізуші:Деген  сөз   бар:«Елі  үшінОтқа  түскен   күймейді».Сол  халықты  енді  шынАқылды  қыз  билейді. Осымен,  балалар,Көмек  Ыбрайұлының «Ақылды қыз» ертегісінің желісі бойынша сахналық қойылымымызды аяқтаймыз! ІЗГІЛІК  НҰРЫ Сахна  тақырыпқа  сай  безендірілген.  Құлаған,  қираған  киіз үйлер,  құлазыған  дала, жүгіріс, айқай – шу   соғыс  .  Жүргізуші:         Деп «бұл дұшпан басынды»,Екі жақ та тасынды.Түрікмендер, қазақтарҚырқысқан  бір  ғасыр – ды. Мерт боп елдің асылы,Өңмеңдеді жасығы:Қырда қиқу салынса,Маң дала қан сасыды. Өтпей бір күн, таң тыныш,Көтеріліп сан қылыш,Бүгін, міне, тағы да,Басталмақшы қанды ұрыс. Арғымағын алқымдап,(Нөкері көп артында).Түрікменнің  батырыШықты шауып жал құмға. Түрікменнің  батыры  сахнаны айналып, арғымағын ойнатып, шауып жүр.Жүргізуші:         Мол байлыққа бой ұрмай,Қайтпас қанға тойынбай.Құмда атының іздеріӨрілді нән дойырдай. Аты көкке атылып,Бар даусымен бақырып.Айқай салды сол батырЖекпе – жекке шақырып.Түркменнің батыры қолын көтеріп ат үстінде айқайлап тұр:

  • Жекпе – жек!
  • Жекпе – жек!

Оған қалған түрікмен сарбаздары қосылады:  Жекпе – жек!  Жекпе – жек! Қазақтар  да: Жекпе – жек!Жекпе – жек! – деп айқайласты. Бірінші қазақ жауынгер:Шыдамаспыз азапқа әр,Елміз бе біз мазақтар! Екінші қазақ жауынгер:Я, алла,  Ер Бекет!Жақындаңдар, қазақтар! Топ ішінен бір батыр суырылып шығады:Жүрегінде түк бар ма,Жем қылайын құрттарға! Жүргізуші:          Бұлт қанаты шаң ілді,Екі жақ та сабылды.Кернейлерден үн шығып,Кепшік, дабыл қағылды. Екі жақ та ұрандарын айтып, айнала  у – шу, әлем – тапырық.  Түркменнің батыры мен қазақтың батырыжекпе – жекке шығып, айқасады.Осы кезде Құрманғазының «Адай »  күйі ойналады. Жүргізуші:       Жеңілу де  – мазақ бұл,(Бәріне ортақ азат күн!)Қос батыры шайқастыТүрікмен мен қазақтың. Екеуі де қызынды,Түймелері үзілді.Қылыш, найза, гүрзіденҚалқандары мүжілді. Көздерінде шоқ қызып,Кеуделерін кек қысып.Найзалары шарт сынып,Қылыштары кетті ұшып. Ойланатын шақ қане,Екеуі де ел мақтаны.Тер орнына қан ағып,Қалжырады аттары. Құшар мәңгі бірін көр,Қашса бірі  – жәндік ол.Екеуі де жалма  – жанҚорамсаққа салды қол. Тисе қолдан не келер,Қара жерге шегелер  –Ажал бүркіп, толассызЫңыранды жебелер. Берік еді тақымы,Көп шайқасып, ақыры...Мұрттай ұшты атынанТүрікменнің  батыры. Осы жерде  түрікменнің  батыры гүрс етіп құлайды.Екі жақ та жеңісе алмай шайқас жалғаса береді.Жүргізуші:   Аққан қаннан сай тасып,Күн тұтылды ай қашып.Үш күн, үш түн осылайЖатты екі жақ шайқасып. Көз алартқан жеріңе,Жаудың осы – емі де.Жеңіп жауын қазақтар,Жинақталды еліне Түрікмендер ұрыса жүріп, қаша бастайды.Алған жарақатынан есеңгіреген түрікменнің батыры  ыңырсып,көзін ашып  – жұмып, бірдеңе деп былдырлап, әрең сөйлейді. Түрікменнің  батыры:Атым менің Оғұлнұр,Болмай қалды жолым бір.Сіздер үшін, әрине,Жаным – қара , қолым – кір. Ақ кіргенде шашыма,Қайғы түсті басыма.Ей, батыры, қазақтыңКелші менің қасыма! Қолды бастап мен келдім,Қорғар елді ертең кім?Хас батырым, жарадың,Мен ұтылдым, сен жеңдің. Сөздің мәнін, қысқасы, ұқ,Қылма мені ит –  құсқа азық. Кіндігімнің тұсындаҮш жебең тұр  – үш қазық. Тоқтап мына түйінге,Өлмен деп ем үйімде.Жебелерді суырмайЖерле осы күйімде. Ажалды іздеп келдім бе,Сөніп барам мен мүлде.Қылышым мен найзамдыӨзімменен көм бірге. Батыр едім от емген,Жығылды ту көтерген.Қайғы әкелер қарудыАлып көрге кетем мен. Үлгі болсаң сан ұлға,Құдай сенің жағыңда.Я болмаса соңғы бірТілегімді қабылда. Жан  – дауама  дәрі сеп,»  Екуміз де арыс ек.Сүйегімді, ей батыр,Өз үйіме табыс ет!? Жатыр жарам іріңдеп,Әттең... айтар сырым көп.Сала ала ма топырақМенің жалғыз ұлым кеп. Ыңырсып  жатып, түрікменнің  батыры  көз  жұмады. Жүргізуші:         Болдырса да мүлдем ат,Жолға шығып бірден –ақ.Оғұлнұрдың үйінеКелді батыр мүрдені ап. Қазақ  батыры  түрікменнің  аулына  келеді.  Түрікмен  батырының  ауылдастары  дүрліге қарсы алды.Халықтың  түгел  жиналуын  және  ауыл  ақсақалдарының  келуін күтіп  тұрған  қазақ  батыры  сөз  бастап  кетеді.Қазақ  батыры:Қазағымда  мол  ғұрып,Айтам  ауыз  толтырып.Алдарыңа  әкелдімБатырларыңды  өлтіріп. Айтам  мұны  тым  батыл,Наркескенім  қында  тұр.«Сүйегімді  үйімеЖеткіз!» – деді  бұл  батыр.  Дау  айтады  кім, қане,Жақсылығым  бұл  дағы.Батырымын  қазақтың,Мәрт  мінез,  нар  тұлғалы. Басын  бұрып  атымның,Тез  жетуге  қапылдым...Аманаты – мойнымда,Оғұлнұрдай  батырдың».Жүргізуші:        Әкелді  жау  «өлікті»,Кім  мұндайды  көріпті?!Түрікмендер  жиналдыКілең  сеңсең  бөрікті. Түрікмендер  қазақ  батырына  ұмтылады.                                                              Ауылдың  көсемі  қолын  көтеріп,  тоқтатады. 1 –  түрікмен:  Газакларың  гахрыманы  туркмениң  гахрыманыны  өлдирди.2–  түрікмен:  Йөне өлен  гахриманиң  майтини  илине  элтип  берди.3–  түрікмен:  Гахриманың  келлесини  алың. Түрікменнің  көсемі: – Дурың!  Сабырлык  эдиң! –  деп  халықты  сабырға   шақырады. Ол:«Бұл  да  Оғұлнұр  тәрізді,Батыр  екен  жаны  ізгі. Амантты  орындау –Мұсылманға  парыз – ды. Батыр  сөзін  тыңдасақ,Адам  екен  бұл  ғажап.Шайқаста  ерлік  көрсетсе,Екінші  ерлік  тұр  жасап. Мынау  батыр  алыптыТүрікменнің  бәрі  ұқты.Қайырымды  елініңҰлы  екенін  танытты». Түрікмендер  жан – жақтан  гуілдесіп,  шулап  кетеді.Түрікменнің  көсемі  тағы  да  қолын  көтеріп,  жұртты  сабырға шақырады. Тамағын кенеп алып, сөйлеп кетеді. Түрікменнің  көсемі :Қамамаңдар  жан –жақтан!Қан  жамылды  қанша  ақ  таң!Биік  адамгершілік –Батырлық,  бар  мансаптан! Жүрмелік  біз  жол кесіп,Болсын  ашық  енді  есік!Ал,  батырым,  жарадың,Жүр,  қонақ  бол,  төрге  шық! Сахна жабылады.Түрікменнің үйі.   Түрікмендер  батырды  қаумалап  алған. 1 –  түрікмен:  Мен  сизе  гаты  миндетдар. 2–  түрікмен:  Совгатымыз  сизе  түркмен  бедеви. Ортада  бақшы,  дутаршылар.  Бәрі  көңілді.Жүргізуші:                                    ..Сан  қуалап  пернені,Бақшы  қатты  терледі.Дутар  үні  күмбірлеп,Киіз  үйді  кернеді. Түрікменше  ән  айтылады,  күй  тартылады. Жүргізуші: (сахна  сыртынан):Қайда  қалған  кек , тегі,Батыр  атын  ерттеді.Алғыс  алып  жауынанТуған  жерге  беттеді.         1–  түрікмен:  Иөне  өз  илиңе  салам  айдып  бар. 2–  түрікмен:  Бизиң  достлык  гатнашыгымыз  берик  болсун! Түрікмендер  батырды  шығарып  салады.Жүргізуші  сахнаға  шығады. Жүргізуші:Серпіл,  халқым,  көтер  бой,Қайғы  өтер, өтер той.Ізгіліктің  алдындаЖауың  да  әлсіз  екен  ғой.     Бейбітшілік  пен  татулықтың  туы  болар  ізгілік,  адамгершілік  деген  қасиетті  биік  ұстайық,  достар!                                                                                                                             КҮНДЕР АЙТЫСЫ Сахна  тақырыпқа  сай  безендірілген.Музыка  жаймен  ойналып  тұрады. Жанға жайлы  қобыз  үні. Ортаға  аптаның  барлық  күндерін  картон  қағазға  жазып,  маңдайларына  киіп алған  балалар  дабырласып  шығып  келе  жатады. Олар  бір – бірімен  таласып  жатады.Сахнаға   жүргізуші  шығады. Жүргізуші:  Жиналғанмен  барлығыҰмытылып  ас  қамы.Бір  аптаның  әр  күніКерілдесе  бастады. Белін  буып, жең  түріп,Дүйсенбі  тұр  ортада.Сөз  бастады  ентігіп,Ойын  айтпай  қорқа  ма? Ортаға   ДҮЙСЕНБІ   шығады:Тең  түсетін  кім, келгін,Ермін, шіркін, ер десе.Бәріңнен де  үлкенмін.Жол беріңдер, ендеше Бірінші  күн  мен  болам,Қайда  жүрсем  алдамын.Бек сенеді ел маған,Ағайындар, аңдағын. Сондықтан да қырағы,Көреген – мен, білгіш – мен.Дүйсенбіде шығады,Жұрт жұмысқа  тың  күшпен. Ортаға  ЖЕКСЕНБІ  шығып,  қолын  көтеріп, сөйлеп  кетеді: О, Дүйсенбім, тоқтаңыз,Бізге  кезек  беріңіз.Менің  атым  көпке  аңыз,Бәріңіз  де  сеніңіз. Жүргізуші:   Деп жексенбі  мақтанды,Жүресінен  отырып.Барлық  сырын  ақтардыКөзін  жұмып, көпіріп. ЖЕКСЕНБІ  шығып, мақтанышпен  жан – жағына  қарап: Қарап  тұрар  заман  ба,Ісім менің  көп тегі.Қуат  берем  адамға,Дем  алдырам, өйткені. Сондықтан  да  өзіме,Төрден  орын  сайлаңдар.Құлақ  қойғын  сөзіме,Менің  сондай  пайдам бар. СЕЙСЕНБІ  шығып  сөз  алады да,  төсін  соға  сөйлейді: Өсек  айтпан  күңкілдеп,Мені  қайда қойдыңдар?Өзгелерді  құр  тілдеп,Бос  мақтанмен  тойдыңдар,- Мен  де  күннің  бірімін,Кім  шақ  келер  күшіме?Дүйсенбіге  інімін,Көңіл  қояр  ісіме. Шындығында  алаңмын,Мәнсіз  өткен  күн  үшін.Толықтырам  ағамныңБітпей  қалған  жұмысын. БЕЙСЕНБІ   өктем  сөйлейді: Таныспын мен  көпке  бек,Атым  менің  Бейсенбі.Ағаларға  өкпелеп,Сөз  бастадың  Сейсенбі. Енді  СӘРСЕНБІ  алға  шығады: Әуелден  де  бақтымын,Таласатын  кімің  бар?«Сәрсенбі – бұл  сәтті  күн»Деген  сөзді  ұғыңдар! ЖҰМА  да  алқынып  сөз  алды: Таза  сақтар  тәніңді,Рухани  дәрі  аз  ба?!Шақырамын  бәріңді,Келгін  Жұма  намазға! Қуанышқа  бөленгін,Шықсын  биік  жұрт үні.Мұсылманы  көп  елдің,Демалады  бұл  күні!  Жүргізуші:Сәрсенбі  де, Жұма  даАйтысқа  анық  кірісті.Босқа  қарап  тұра  ма,Қақтығысып, тұрысты. Аптаның  әр  күні  дабырласып, төстерін  ұрып, шулап  кетеді:- Мен! Мен күштімін! Мен! СЕНБІ  шығады:Құр  мақтанмен  лепіріп,Біраз  жерге  бардыңдар.Жала  жауып өтірік,Досты  өсекке  таңдыңдар. Ағайындар, тірліктеТату  өту – бұл  парыз.Өмір  мәні  бірлікте,Сөзімді  ұғып, тыңдаңыз. Ортаға  «Мезгіл» атты  қарт  шығады.Мезгіл  ата:«Ау, балаларым! Сонша  неге  даурықтыңдар? Бөлісе  алмай  жатқандарың  не?» деп  сөзін  бастап  кетеді: Келіп  ортақ  шешімгеҚашан  тату  тұрамыз?Сақталыпты  есімдеБіздер  жайлы  бір  аңыз. «Ерте,  ерте...                      Ертеде,Сақал  жоқта  серкеде.Өркеш  барда  желкеде,Заманда  бір  ең  көне. Бірлігі  бар  бір  елде,Ағайынды, көрікті.Ер  тұлғалы  кілең  де,Жеті  батыр  болыпты. Қылыш,  найза  қолға  апты,Елін  жаудан  қорғапты.Әділдікті  қолдапты,Ешбір  араз  болмапты. Ел ішінде  бір  жылы,Жұқпалы  ауру  тарйды.Жеті  батыр  қынжылып,Өткізеді  сан  айды. Оқтан  жаман  бораған,Салады  елге  «оба»  лаң.Жұқпалы  ауру  дертіненҚырылады  көп  адам. Жеткізе  алмас  ақындар,Басқа  қайғы  төніпті.Жеті  күнде  батырларКезек – кезек  өліпті. Бірде  таңмен  таласа,Тұрып  халық  қапылды.Көпті  көрген  дана  шалБәрін  оның  шақырды. Дана  шал:   «Қайғырмаңдар  ойланып,Қолға  кетпен  алайық.Егін  егіп,  қой  бағып,Жаңа  әнге  салайық. Жанымызды  жаңғырып,Қалу  үшін  жатталып.Батырларды  мәңгілік,Есімізді  сақталық. Ашып  бақыт  есігін,Теңсіздікті  жоялық.Жеті  батыр  есімінЖеті  күнге  қоялық!» Жүргізуші:  Айтып  сөздің  төтесін,Шал  батасын  береді.Содан  бері  жеті  есімЕлмен  бірге  келеді. Демек,  балалар,  аптаның  әр  күні  де  маңызды  екен.  Әр  күн  өз  несібесін, ырзығын,  жақсылығын    ала  келеді.   Бәрімізге  қымбат  татулық  пен  бірлікті  ту  етейік! Қане, бәріміз  бірігіп  И. Нүсіпбаевтің  «Дос  болайық  бәріміз!» атты  әнін  орындайық! Сахна  жабылады. Құстар  біздің  досымыз Сахна  тақырыпқа  сай  безендірілген.  Көктемнің  алғашқы  қонақтары  – құстардың  келуін, жапырақтардың  бүр  жаруын  бейнелейтін   көркемдеуді  әр  мұғалім,  тәрбиеші  өз  қалауынша  таңдап  алады. Жүргізуші:   Ойын  қандай  көктемде,  жаз  да  қызық,Құйылар  көңілдерге  наз – тамызық.Арқырайды  өзендер бар  даусымен,Құстар  келер  аспаннан  саз  тамызып. Қандай  әйбат  табиғат  алақаны,Көк  шүйгін,  жұпар  иіс, бал  атады.Құс  үнімегн  жабылар  түн  құшағыҚұс  үнімен  атады  дала  таңы. – дегендей, көктемеде  елге  оралған  құстар  легін  қарсы  алайық. Құстар  жайлы  ән  орындалады.Маңдайларына  құстардың  атын  жазып  алған  балалар                                         ортаға  кезекпен шығады. Жүргізуші:    Балалар,  құстар  біздің  досымыз. Олар  үй құстары  және  дала  құстары  болып  екіге  бөлінеді. Қане, балалар,  айтыңдаршы, үй  құстарына  қандай  құстар  жатады? Балалар  жауап  бере  бастайды. Жүргізуші:    Ал, дала  құстарына  қандай  құстар  жатады? Қане,  кім  айтады? Балалар  жабайы  құстарды  атай  бастайды.Ендеше,  балалар,  құстар  туралы  аңыздарға кезек  берелік. Жүргізуші  құстар туралы аңыздарды оқи бастайды:    

  • Ашаршылық   жылдары  бір  бүркіт  бір  ауылды  асырапты. Бүркіт  балыққа  да  түскен.

 

  • Бағзы  бір  заманда  ауылды  жау  шапқан  кезде  ел  үдере  көшіп  кетеді  де,  бір  кемпір  мен  шал  жұртта  қалып  қояды. Себебі  шаңырағына  қарлығаш  ұялаған  екен. Олар  балапандардың  қанаты  қатайып,  қауырсыны  жетілгенше  отырамыз  деп  ұйғарады. Ауылға  баса көктеп кірген   жаудың  бір  батыры  шаңырақтағы  қарлығаштың  ұясын  көріп,  «Бұл  қайырымды  ел  екен!»  деп, елді  шаптырмайды.

 

  • Бір  жылдары  Өскемен  жерінде  жер  сілкінгенде,  тек  қарлығаштар  ұя  салған  үйлер  ғана  аман  қалыпты.

 

  • Қорқыт  бабамыз   алғашқы  қобызын  қарағайдан  ойып  шапқанда,  аққуды  көзіне  елестетіп отырыпты деген  сөз  бар. Күй  тартқанда,  қобыздың  кейде  аққуша  сұңқылдайтыны  содан  болса  керек.

 

  • Жаугершілік  заманда  кептерлер  «пошташы  құстар»  деп  аталған.

 Жүргізуші:    Ал,  енді,  балалар,  құстар  туралы  өлеңдер  оқысақ  қайтеді!  Қане,  кім  өлең  оқиды?1-бала:           ҚОҚИҚАЗ Жемін теріп, үнеміКөл жағалап жүреді.Қызыл бауыр,Тік сирақБұл құсты кім біледі?.. Бір аяқпен тұрып та,Дем алады ол ымыртта.Бір қызығы:ҚоразыБасады екен жұмыртқа!2-бала:                  ЖАРҚАНАТ Кейде түнде ісі өнбей,Күні бойы болады аш,Суға келіп түсердейЖүреді ылғи жалаңаш. Таң алдында, шынында,Сабылады жер қарап.Күндіз ұшып шығуғаҰялады ау жарқанат. 3-бала:                    ТОҚЫЛДАҚ Құрттың іздеп түр-түрін,Таппайды ол бір тыным.Күн ұзаққа тұмсығынАямайды шіркінің. Жандай-ақ ол кінәлыЖақын келсең,  бұғады.Бейне орманда морземен¹Хабар беріп тұрады.4-бала:               ШЫРША  ТОРҒАЙ Аяз  болсын  күн  мейлі,Ол  тоңуды  білмейді.Жұмыртқасын  басады,Босқа  ұшып  жүрмейді. 5 -бала:              ПИКАПАРА –ҚАЛТАЛЫ  ҚҰС Балапанын  қалтасына  салады,Самғай  ұшып, жиі  қанат  қағады.Пикапара - өзгеше  үнді  қызық  құс,Ыстықтаса  суға  сүңгіп  алады. 6-бала:         ТОҚЫЛДАҚ Тоқылдаттың  ағашты,Үнің  қырдан  әрі  асты.Саған  құлақ  тосты  маң,Үрікпеді  ешбір  аң. 7-бала:             ҮЙРЕК Үйрек  суға  сүңгіді,Балдырларды  үңгіді.Шықты  басын  нық  бұлғап,Үсті  бірақ  құп – құрғақ. 8 – бала:                ТҮЙЕҚҰС Қап – қара  боп  табаны,Жүгіруге  көндіккен.Құстай – ақ  бір  жаралы,Ұша  алмайды  ол  тіптен. Қойылған  деп  дәл  атыЖұрт  таң  қалып  қарайды.Жүгіргенде  қанатыӨзін  өзі  сабайды!«Тоқылдақ»  әні  орындалады.             ТОҚЫЛДАҚСөзі мен әні: К.Ыбрайұлынікі. Құрттың іздеп түр-түрін,Таппайды ол бір тыным.Күн ұзаққа тұмсығынАямайды шіркінің. Жандай-ақ ол кінәлыЖақын келсең,  бұғады.Бейне орманда морземен¹Хабар беріп тұрады.Жүргізуші:Ал, енді,  балалар,  құстарға  байланысты  жұмбақтар  шешейік!Жүргізушінің  өзі  жұмбақтарды  оқи  бастайды: Бір  құс  бар  денесінКәдімгі  май  басқан.Туғанда  жүгіріп,Есейіп  тәй  басқан.                                (Қаз) Бантигі бар басында,Бір құс жүр қасында.                                 (Т а у ы қ) Құралсыз үй тұрғыздым.                                  (Ұ я) Тұмсығы  – балға,Ілініп  тұр  талда.                                  (Тоқылдақ Дауылда  тауық  бола ма?                                  (Дауылда  тау  ық  болады.)Жүргізуші:Балалар,  біздің  құс  достарымыз  адамдарға,  қоршаған  ортаға  қандай  пайда  келтіреді? Балалар  жауап  бере  бастайды.•        егінді  құрттардан, шегірткелерден  қорғайды.•        ағаштардағы зиянды құрт – құмырсқаларды теріп жейді..•        адамдар  бүркіт, ителгі, қаршыға  сияқты  жыртқыш  құстарды  баптап,                      аң  аулап, күнелткен. Жүргізуші:   Жыртқыш  құстар  немен  қоректенеді? Балалар  сұрақтарға  жауан  береді.Жүргізуші:    Балалар, енді  «Қораз»  ойынын  ойнайық.Жүргізуші  ойынның  шартын  түсіндіреді. Ойынның шарты: Диаметрі  2 метр  шеңбер  сызылып, екі  бала  бір  аяқпен  тұрып,  иықтарымен  қағып,  бір – бірін  сызық  сыртына  шығарады.  Жеңген  бала  шеңбер  ішінде  қалады.Ойын  осылай  жалғаса  береді. Жүргізуші:   Балалар,  енді  құстар  туралы  өтірік  өлеңдер  оқылық! 1- бала:   Түріндім  де  жеңімді,Іс  істедім  сенімді.Айдарымен  қораздың Араладым  темірді. 2-бала:    Күнгейінен  қыраттың,Таңдап  тұрып  шіл  аттым.Бір  оғым  да  дарымай,Түкірікпен  сұлаттым.3-бала:   Сәулені  үрлеп  сиреттім,Түнді  жіппен  сүйреттім.Көлдің  бетін  жаптым  менҚанатымен  үйректің.5 -бала:    Қиналдым  да  үш  апта,Вагон  арттым  тұсаққа.Бүркіттің  мен  қанатын,Салып  бердім  ұшаққа.6-бала:    Ойландым  да  азырақ,(Кетпесе  екен  шашырап)Пайдаландым  теннискеТауық  жұмыртқасын  ап. 7-бала:    Қыс  ішінде  қырық  күн,Жарқынатты  қырықтым.Жүні  көп – ау,  шіркіннің,Ұйықтамастан  жүріппін.  «Балапан»  әні  орындалады.БАЛАПАНСөзі мен әні: К.Ыбрайұлынікі. Айтқаныма көне ғой,Жем берейін,Келе ғой.Тары  шашам,Жүгіріп,Соңымнан сен ере ғой. Балапансың - баласың,Тез алданып қаласың:Бұршақ жауса,Дән бе деп,Шоқып-шоқып аласың!..Жүргізуші:  Балалар, енді  құстар  туралы  жаңылтпаштар  айталық. «Қысқашты, құс  басты, үш  басшы»Деген  ұйқас  жақсы ма,                                              Әлде«Құс  басты,  үш  басшы,  түс  жақсы»Деген  ұйқас  жақсы ма?                      *       *       *Аласа  бала  ала  алашаны  қағып  тұрып,Ала  шағалаға  қарады.                       *       *       *Қысқыш  жүзгіш,  ұшқыш  құс.                       *       *       *Бүркітті  бір  түкті  аң  үркітті.  Жүргізуші:  Балалар, енді  Ақан  сері атамыздың  «Қара  торғай»  әнін тыңдалық. Ақан  серінің  «Қара  торғай»  әні  орындалады.Жүргізуші:  Ән  тыңдап  болдық. Енді, балалар, «Ұйқасын  тап!»  ойынын ойнап  көрелік. Жүргізуші  ойынның  шартымен  түсіндіреді. Ойынның шарты:  Өлеңнің  екі  жолы  оқылады.  Соңғы  жолының  ұйқасы  құс  атауы  болып  келуі  керек. Ұқтық  па? Ал,  ендеше,  бастаймыз.  Әнім,  жырым  арналар,Торғай,  кептер, ...                            ( қарғалар)                *    *    *Баламын  мен  өте  епті,Ұстап  алдым  ...                                (көкекті)                *    *    * Қуанатын  күн  бүгін,Сайрап  кетті  ...                         (бұлбұлым)                *    *    *Кетті  аңдар  үркіп,Қонған  кезде  ...                            (бүркіт )               *    *    *Ән  шырқайық  гәкку  деп,Қонсын  көлге  ...  кеп.                                 (аққу)                *    *    *Күй  тартып  Бек  билетті,Көлге  қонған  ...                                (үйректі)                *    *    *Берген  жемін  тауысты,Әкетіңдер  ...                                    (тауысты) Жүргізуші:  Балалар,  мына  қағаздар  құстардың  ұясын  жасауға  дайындалып  қойылған. Қане, кім  оңай  құрастырар  екен? Балалар  ұяны  құрастыруға  құлшына  кіріседі.Олардың  жұмысы  бағаланады.Ортаға  екі  «көгершін  бала»  шығады. «Көгершін  балалар»:Көңілдерге  жаттаңдар,Дәйім  бізді  мақтаңдар!Адамдармен  доспыз  біз,Құс баласын  сақтаңдар! –Біз бүкіл  жер  шарын  аралауға  кетіп  барамыз. Біздің  тілегіміз – Жер  бетінде  бейбітшілік болса  екен, адамзат  ұрпағы  өркендей  берсе  екен!Балалар!  Сендердің  әндерің  шырқалған  сайын  біз  неғұрлым  биікке  самғаймыз!  Ал,  қош  сау  болыңдар! «Көгершін  балалар»  қанаттарын  қағып, шығып  кетеді.А. Жұбановтың  «Ақ  көгершін»  әні  шырқалады.Жүргізуші:Көңілдер  де  кетті, міне,  шарықтап,Барады олар  күн  астына  бағыттап.Көгершіндер  бейбітшілік  символы,Көгершіндер  ұшсын  биік  қалықтап.Осымен  «Құстар біздің  досымыз!»  атты  тәрбие  сағатымыз  өз  мәресіне  жетті.   Қош,  сау  болыңыздар! ТҰСАУ  КЕСЕР Қазақ  халқы   ұлттық  салт  – дәстүрге  бай.  Солардың  бірі  – тұсау  кесер  рәсіміне  байланысты  өткізілетін  мереке  сценарийі.Жүргізуші:Сәби  күліп,  қызыққа  бат  ағалар,Кішілер  ақыл  тыңдар,  бата  да  алар.Гүл  сыйлаймыз  көңілге  әріптестер,Қуанышты күн  бүгін,  ата  –  аналар! Сақ,  ғұн  арғы  бабамыз  көшпендіміз,Дүреп  жанған  өскен  қыз, өскен  ұлмыз.Қане, қане,  бәріміз  қол  соғалық,Мерекеге, халайық, қош  келдіңіз! Көңілді  музыка  ойналады.Жүргізуші:Міне,  ұлыстың  ұлы  күні  де  бар  қуанышын  жайып,  келіп  жетті. Жыл  басы  деп  саналған  Наурыз  айының келу құрметіне арналған  мерекемізге  қош  келдіңіздер!Өткізген  сан  кезеңді,Біз  қазақпыз  ежелгі.Жауларымыз  көре  алмай,Талай  садақ  кезенді. Әр  жанарға  жас  тыққан,Көз  ашпадық  қастықтан.Сең  боп  ақты  қанымыз,Сан  қырылдық  аштықтан. Күлсе  сәби  жақсы  ырым,Салтты  ұстамау – басты  мін.Бүгінгіге  жалғадық,Ата  –  баба  дәстүрін,  – дегендей, қазақтың  салт – дәстүрінің  бірі  – «Тұсау  кесу»  рәсімін  өткіземіз.Салтты  бұл  жас  та  білер,  үлкен  білер,Ел  жұртым  қуанышты  күн  келді  дер.Мерекелер  ортақ  қой  бәрімізге,Дәл  бүгін  ән  айтылып,  күй  шертілер. Тұсау  кесу – қазақта  баланың  өмір  сапарының  сәтті  болуы  үшін  ақ  ниетпен  жасаған  ырымы. Ортаға  бүлдіршінімізді  тұсауын  кесу  үшін  алып  шығайық! Ортаға  тұсауын  кесетін  баланы  алып  шығады.Жүргізуші:Немерелер  үйдегі,Әдетінше  күндегі.Әжесінің алдынаТаласумен  жүргені. Бәрін  де  ол  құшады,Бәрін  де  ол  қысады.Кіп  – кішкентай  әженіңҚандай  үлкен  құшағы. Адам  болғың  келе  ме,Ал  үлкеннен  өнеге.Бір  кездері  әжеңдіКөтер сен  де төбеңе, – дегендей,   немере  үшін  ең  мейірімді,  ең  жақын  жан  – әже. Әженің  аялы  алақаны,  мөлдір  махаббаты,  жылы  жүрегі,  кіршіксіз  таза  көңілі,  жанға  жайлы  лебізі  немереге  ауадай  қажет. Әжеміздің  ақ  тілегін  тыңдап,  бата  сұрап  және  баланың  тұсауын  кесу  үшін  ортаға  шақырамыз. Жүргізуші:Көңіл,  шіркін,  шаттыққа  бөлене  ме,Еркін  тұрып  көсілсең  керегеңе.Әже  орны  бөлек  қой  әрқашан  да,Шандырынан  сүт  берген  немереге! Ортаға  әже  шығады. Әже  тұсау  кесетін  балаға  арнап  әкелген  сыйлығын  тапсырып,  баланың  беліне  кішкентай  қалта  байлайды, оның  ішіне  тәттілер  салып  тұрып мынадай сөздер айтады.Әже:                    Қалтаң  қамбадай  затты  болсын,Өмірің кәмпиттей  тәтті  болсын!Белің  қайыспайтын  қатты  болсын,Көңілің  жырға,  жүрегің  нұрға  толсын! Ала  жіппен  байлағаным  – адал  болсын,  ақ  болсын  дегенім, балам. Тұсауыңды    өткір  пышақпен  кесем, болашағың  ашық  болсын  деп, пәле – жала  қашық  болсын  деп.Құшағың  гүлге  толсын,Алғаның  жүлде  болсын!Бармақтай бағың  болсын,Қыдыр  Атаң  үйіңе  қонсын!Әже  баланың  тұсауын  кеседі  де, бір   – екі  аттам  сүйемелдеп,  жүргізіп барып, еркін  жібереді де: Қаз қаз,  балам, қаз,  балам,Жетектейін  аздаған.Арманыңның  алдағы,Оты  жансын  маздаған Қайсар  жан  бол  елгезек,Ұл  да  керек  елге  өжет.Аялдама  жан  балам,Біз  жетпеген  жерге  жет. Содан  кейін  баланың  беліндегі  қалтаны  шешіп, тәттілерді  елге  шашып,  таратады  да,  халыққа  қарап: Тұсауын  кестім  баламның,Тілегін  құптап  жаранның.Нұрлы  болсын  өмірі,Баса  берсін  қадам  мың. Күтім  керек  талға  да,Өсе  берсін  бал – бала.Қырдан  ассын  жүгіріп,Аманат  қылдым  аллаға.Жүргізуші:Қазақтың  дәстүрі  көрсетілген  той,  мерекелер  ән – бисіз, жыр  – күйсіз  өтпеген. Енді  біз  балапанымыздың  дені  сау  болып, тез  жүріп  кетуіне  тілегімізді  білдіріп, биге кезек берейік.Би  орындалады.Жүргізуші:  Жігіттің қосқан аты аламан бәйгеден  жүлде  алса немесе  күресте  жауырыны  жерге  тимей  жеңімпаз атанса, қазақтар:  «Уай,  бұл  жігіттің  нағашысы  кім  екен? », – деп  сұраған.  Жүргендей  қомақты  бір  құны  қалып,Бірін  – бірі  сөйлейді  іліп  алып.Нағашылы – жиендер  қалжыңдасар,Бұлардың  бірі – қармақ,  бірі – балық. Ортаға  нағашысы  шығып,  тілегін  айтады(әзіл  –  қалжың):Нағашысы:       Кібіртіктеп  қалдың  ба,Шыққандай  боп  жал – құмға.Жиенім,  тез  жүріп  кет,Сан  асу  тұр  алдыңда. Қатарыңның  алды  бол,Бақытты  бол,  барлы  бол.Анық  басып,  түзу  жүр,Жасап  тұрам  «контроль» Ой  қосылсын ойыңа,Көп  келелік тойыңа.Келесі  жыл  қуып  жет,Маған  сояр  қойыңа! Жүргізуші:  Атам  қазақ  бала  тәрбиесіне  көп  көңіл  бөлген  ғой. «Бала  тілі –  бал», «Балалы  үй  – базар,  баласыз  үй – мазар»   деп  бекер  айтпаған. Қонағыммен  бір  жаным, асқар тауым,Ей, мейманым, алдыңа  бас  тартамын.Өнерменен  құшалық  бәріңді  деӘннің  аты  «Қазақы  дастарқаным» «Қазақы  дастарқаным»  әні  орындалады. Жүргізуші:  Ата  сыйлау  ежелден  салтымызда,Ұсынамыз ақ шұбат, бал,қымызда.Ал,  қане,  қол  жаялық  ізет  тұтып,Бата  берер  ақсақал  алдымызда. Ортаға  бата  беретін  ақсақал  шығады. Ақсақалдың  батасы:Балам,балам,  батыл  бол,Жауға  шабар  батыр  бол.Жамандықтан  аулақ  қаш,Жақсыларға  жақын  бол. Тың  қопарып,  егін  ек.Гүл  жайнасын  төңірек.Өзің  терген  дәніңнен,Досың  болсын  көбірек. Қатарыңнан  қалыспа,Шап  әрқашан  намысқа.Бойың  қысқа  болса  да,Ойың  жүрсін  ғарышта. Түнеріп  таң  атпасын,Қарайып  күн  батпасын.Жұлдыз  болшы  көктегі,Еліңді  жұрт  мақтасын.Әумин! Жүргізуші:             Ризамыз,  ата  біз,Тек  аман  сау  жүріңіз!Қабыл  боп  ақ  батаңыз,Ұзақ  ғұмыр  сүріңіз! Нағыз  жігіт  саналған,Болсын  сәби  өр,  алып.Сөзіңізден  нәр  алғанБіз  де  аман  болалық!  Осымен «Тұсау  кесер»  рәсіміне  арналған  мерекеміз  аяқталды.  Қош  келдің,  Наурыз! Зал іші мерекеге сай безендірілген. Күй күмбірлеп, ұлттық киім киген балалар  билеп  жүреді.  Би  аяқталған  соң, олар ортаға  жайылған  кілемшеге  жайғасады. Жүргізуші:             Атты  күліп  таңымыз,Қарсы  алалық  бәріміз.Күн  менен  түн  теңелген,Жиырма  екінші  наурыз! Гүлге оранды  қаламыз,Нұрға  бөкті  даламыз.Осы  күнді  тойлапты,Біздің  ата  –  бабамыз. Уа,  жиналған  халайық,Жан  дауасын  табайық.Мерекеде  би  билеп,Әсем  әнге  салайық! Әр  көшеде  шаттық  үн,Көңіл  құшар  бақ  гүлін.Наурыз  көже  ішелік,Мереке  ғой  нақ  бүгін. К. Ыбрайұлының  «Наурыз»  әні  орындалады. Ұлттық  киім  киген  ата –  аналар  ортаға  шығып,балаларға  наурыз  көже  ұсынады. Бірінші  ата –  ана :Қуат  берер  адамға  әр,(Мұны  ішкендер  бағамдар)Наурыз  көже  ішінде,Жеті  түрлі  тағам  бар.Қане,  бәріміз  де  наурыз  көжеден  дәм  таталық. Екінші  ата –  ана:  Жақсылықпен  жыл  өтсін,Әр  көңілді  нұр  өпсін.Ақ  армандар  іске  асып,Орындалсын  тілек  шын. Үшінші  ата –  ана :Бір  –  бірімен  танысып,Наурыз  көже  –  ақ  ішіп.Ренжіскен  жандар  да,Қол  берер,  төс  қағысып. Жүргізуші:             Ендеше,  балалар,  осындай  береке, бірлік  сыйлайтын, татулық  пен  достықты  ту  ететін  Ұлыстың  ұлы  күні  – Наурыз құтты  болсын!  Енді  осы  мерекеге  арнап,  Наурыз  туралы  тақпақтар  айтайық! Қане,  кім  шығар  екен  ортаға! 1 – бала:Күнтізбенің  парағын,Бүгін  аңдап  қарадым.Мерекелі  күн  кепті,Жыртпаймын  мен  бұл  бетті!2 – бала:Наурыз  гүл  көктем,Сәнді  ай  арайлы.Күлімдеп  күн  көктемНұр  шашып  қарайды.3 – бала:Бусанып  жерім  бай,Төсінде  қалқыр  ән,Наурыз  –  көңілді  ай,Шаттығы  шалқыған.4 – бала:Ойнаймыз  щаттана,Ішеміз  күнде  айран.Балаға,  қартқа  даОртақ  қой  бұл  мейрам!5 – бала:Аламыз  бата  мың,Дем  бере  ол  да  аса.Тек  Аяз  атаныңЖоқтығы  болмаса.Жүргізуші:             Жо  – жо –  жоқ, тоқта  балақай! Аяз  ата  тек  қыста  ғана  болады. Ол  жасыл  шыршаның  жанына  келіп,  балалармен  би  билеп, ән  салып, оларға  сыйлық  үлестіреді  емес  пе? Осы  кезде  бір  бала  жүгіріп  келіп:  «Жеделхат!жеделхат!» – деп, жүргізушіге  қолындағы  қағазын  ұсынады. Балалар  даурығыса  бастайды:

  • Жеделхат  кімнен  екен?
  • Хат  қайдан  келіпті?
  • Жеделхатты  оқыңызшы!
  •  

Жүргізуші:Балалар!  Алыстан  аңыздағы  кейіпкеріміз  Саққұлақ  келе  жатыр  екен. Бір  ән  шырқап  жіберелік,  көп  кешікпей  келіп  те  қалар. Балалар  ән  шырқайды.Құлағы  орасан  үлкен  Саққұлақ  келеді. Саққұлақ:  Балалар,  құрметті  ата – аналар! Сіздерді  Ұлыстың  ұлы  күні  Наурыз   мерекесімен  құттықтаймын! Зор  денсаулық,  бақыт  тілеймін!                         Аспандарыңыз  ашық, дұшпандарыңыз  қашық  болсын!  Мерейлеріңізасып  толсын! Балалар:    Сәлеметсіз  бе,  Саққұлақ  аға! Бәрі  жамырап:Не  көрдіңіз?  Не  білдіңііз,  Саққұлақ  аға? Саққұлақ  құлағын   жерге  төсеп, тың  тыңдайды:     Ә – ә ... естіп  жатырмын  сан  түрлі  хабарды. Бір  жерлерде  қатты  су  тасқыны  болып  жатыр  екен. Адам  шығыны  да  аз  емес.  Ал,  мына  бір  мемлекетте  қақтығыс  болуда.   Тоқта!  Тоқта!  Бір  елде  шегіртке  қаптап, бүкіл  егістік  алқаптың  егінін  жалмап  жатыр  екен!  Ой,  сұмдық – ай!  Құдайға  шүкір,  еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш!   Сан  түрлі  ұлттар  мен  ұлыстар  мекендеген  қазақ  елі  наурыз  тойын  тойлауда.   Ойбай – ау,  мынау  кімдер  кең  даланы  дүбірлетіп  бізге  асығып  келе  жатқан?   Иә, иә... Қыдыр  ата  да  жақындап  қалыпты  бізге. Арқасында  қапшығы,  қолында  таяғы...  сақалы  беліне  түскен...   Алты қырдың ар жағында  арқасы құныс, мұрны сорайған  қып – қызыл, бір көзі соқыр Мыстан кемпір келеді екен. Ха!  Ха!  Ха!Аттың  орнына  сыпырғыш мініп алыпты. Шаңына  көлдер  көміліп, таулар  мұнартып, тұман  қоюланып  қалып  жатыр  екен. Бұл  бәле  тағы  не  былықтырар  екен!?   Ал, мынау кім?Тоқта! Тоқта! Ау, бұл  өзіміздің  Алдар  көсе  ғой! Мерекеге  асығып  келе  жатқан  беті екен. Жолың  жеңіл  болсын  Алдар  – еке! Саққұлақ  орнынан  тұрып,   балалар  жаққа  басын  иіп,  ізет  көрсетеді. Жүргізуші:             Балалар,  ән  салып,  би  билелік!  Қыдыр  ата  да  келіп  қалар. Балалар би билеп, ән  шырқайды. Саққұлақ  саңқылдап:Міне,  Қыдыр  ата  да  келіп  қалды,  балалар!  Сәлем,  Қыдыр  ата! Балалар  хормен: 

  • Қош  келдіңіз,  Қыдыр  ата!
  • Сәлем бердік, ата!

 Қыдыр  ата:                                  Амансыңдар  ма,  балаларым!Талай – талай   таулардан,Белес – белес  белдерден,Еңку –  еңку  жерлерден,Сан  алуан  елдерден өтіп,  сендерге жеттім. Жолда сан  қиыншылықтарды да бастан кешірдім. Бір жерде  ми  қайнатар ыстық, бір  жерде толассыз жаңбыр, енді  бір жерде  тас тұман  түсіп, ештеңені көрсетпей  тұр. Әйтеуір  сендерге  жетіп  үлгердім. Ал,  мереке  құтты  болсын, балалар!  Жүргізуші:             Мерекемізге  қош  келдіңіз,  Қыдыр  ата! Қыдыр  ата:      Менің негізгі есімім Қызыр Ілияс қой. Бірақ  жұрт мені Қыдыр ата  деп  атайды.  Ал, бәріңе  шаттық, жақсылық, мерекелік  көңіл  күй тілеймін! Жүргізуші:             Қыдыр  ата  мына  әніміз  сізге  арналады. Ән  орындалады. Ән  біткен  соң  бұрыштан  қарлыққан  дауыспен  айқайлап  Мыстан  кемпір  шыға  келеді.Мыстан кемпір:Ха! Ха! Ха! Хи! Хи! Хи! Бұл не жиналыс? Ән салсаңдар, дауыстарың  қарлығады, би билесеңдер, аяқтарың  ауырады, күлсеңдер  көмекейлерің  іседі.Түйіңіздер  санаға,Ойнаңыздар  далада.Сыйлық  берем  көр  де  тұр,Үйге  қайтқан  балаға.Ата  – аналар!  Жарандар!Жиналмаңдар  Амалға  әр,Босқа  уақыт  өткізбей,Қане,  қане,  тараңдар! Жүргізуші:             Ой,  мыстан,  не  деп  кеттіңіз!  Бүгін  күллі  шығыс  халықтары  тойлайтын  ұлы  мереке  ғой. Салтанатымыздың  шырқын  бұзбай,  аулақ  жүріңіз! Балалар  қолдарын  көтеріп  айқайлайды:

  • Кетіңіз  бұл  жерден!
  • Аулақ  жүріңіз!
  • Сізді  ешкім  шақырған  жоқ!

 Мыстан кемпір  қарқылдап  күліп,  айнала  жүгіріп: Тамаша  бұл  таң  ба  ізгі,Күй  тартылып,  ән қызды.Бүгін  тойлап  жатсыңдар,55-ші  наурызды. Қоржынынан  екі  «2» лік  алып,  теріс  қаратып  көрсетеді.  Ол  шындығында,  55  болып  шығады.Балалар  Мыстан  кемпірдің  қолынан  әлгі  сандарды  тартып  алады. Мыстан кемпір: Ырық  бермей  көнгенге,Болып  жүрем  шерменде.Енді  маған  тимеңдер,Көндім,  көндім  сендерге! – дейді  де,  кенет  жуаси  қалады,  жылайды. Жүргізуші:             Мына Мыстан енді бізге тиіспес! Мерекемізді әрі қарай  жалғастыра  берелік! Ән  орындалады.Жүргізуші:             Балалар!  Алдар  көсе  аталарың  да  жақын  жерде  жүрген  сияқты. Қане,  дауыстап  шақыралықшы! Балалар  хормен:  Ал – дар  кө – се!Ал – дар  кө – се!Ал – дар  кө – се! Есегіне  мініп  Алдар  көсе  келеді. Алдар  көсе  әндете:.Бұл  жерде  көңілді  екен  келе  аңғардым,Ән  салып  жоғары  мен  төмен  бардым.Астымда  көк  есегім  тепеңдеген,Есімім  жұртқа  мәлім  мен  Алдармын. Әрдайым  күліп  атар  таңдарым  да,Сайрандадым  әзілдің  аңғарында.Шайтан  да  өз  бармағын  тістеді  ғой,Сараңға  қой  сойдырдым  алдадым  да. Қазақтың  кең  даласын  араладым,Бабамның  дәстүр – салтын  бағаладым.Ұлыстың  Ұлы күні  басталды  ғой,Наурыз  құтты   болсын,балаларым!Еу,  балаларым!  Балалар:

  • Ортақ  мереке  оң  болсын!
  • Рахмет,  Алдар  Ата!
  • Ғұмырыңыз  ұзақ  болсын!
  • Ал,  енді  Алдар  атаға  арнап  ән  салып  берейік.

 Ән  орындалады. Бір  бала:Алдар  ата,  бүгін  мейрам  ғой.  Қызық  әзілмен  көмкерілген  бір  күлдіргі  әңгіме  айтыңызшы! Алдар  көсе:    Жарайды,  ендеше. Сендерге  бір  әңгіме  айтып  берейін: Екінші  сыныпта  оқитын  Жаманқұл деген  бала болыпты. Тәртібі  онша  емес, оның  сабағы  да  нашар  екен. Бір күні әкесі: «Балам, сен  екінші сыныптан  үшінші  сыныпқакөшсең, су жаңа велосипед сатып алып беремін,» –депті. Жаманқұл: «Жарайды,  папа!» деп  жүгіре  жөнеледі.  Бір ай  өткен соң  Жаманқұл  әкесіне  келіп: «Папа, қане, маған  беретін  велосипедің?  Мен  сыныптан  сыныпқа  көштім»  дейді.  Әкесі  теріс  қарап: «Әй,  балам – ай, ақшам  да  тапшылау  ғой. Мен  сені  оқуға  ынталансын  деп  өтірік  айтқан  едім», – дейді.  Сонда  Жаманқұл:  «Папа,  мен  де  сені  алдадым.  Екінші  сыныптан  үшінші  сыныпқа  көшкен  жоқпын», – депті. Балалар:Қызық  екен,  Алдар  ата! Алдар  көсе:  Е,қызықтар көп қой, айта берсе! Ендеше мен сендерге өтірік өлең айтып  берейін.Тыңдады  жұрт  таңданып,Түсімде  айтқан  сөзімді.Тал  түсте  мен  шам  жағып,Зорға  таптым  өзімді. Орындаймын  әртүрлі,Мылқаулардың  жүз  әнін.Әл  бермейтін  нән  пілдіБір  тал  шашпен  тұсадым.Күшіме  таң  қаламын,Айлар  бойы  күйбеңмен. Күнтізбенің  парағын,Зорға  аудардым  сүйменмен. Құлақтанды  шартарап,Мен  палуан  атандым.Бір  құдықты  арқалап,Шөлейт  жерге  апардым. Қатық  батып  тісіме,Тоғыз  ғасыр  түнердім.Аквариумның ішінеКитті  әкеліп  жібердім. Бес  аяқты  ат  көрдім,Аңы  екен  ол  түздің.Өзен,  көлді  дәптердіңСорғышымен  сорғыздым. Түсімде  аш  боп  түнімен,Ойладым  да   ас  қамын.Шалбарымның  қырыменАғаш  жарып  тастадым. Балалар:

  • Ой,  көп  рахмет,  Алдар  ата!
  • Өнеріңіз  тамаша  екен!
  • Әңгімеңіз  қатты  ұнады!

 Бала:  Алдар ата, сіз шайтанды да талай  алдап, көлік  қылып  мініп, жұмысыңызды  істетіп қойдыңыз. Біздің  арамызда  Мыстан  кемпір  жүр.  Мақсаты  – біздің  мерекеміздің  шырқын  бұзу. Соны кетірудің амалын қарастырмайсыз ба? Алдар  көсе:  Е, мыстанды кетірудің бір амалы бар. Мынадай дұғаны қайталап айтсаңдар,ол бұл маңнан лезде тайып тұрады. Балалар  жан  –  жақтан  шулап:

  • Айтыңызшы,  Алдар  ата!
  • Айтыңызшы!
  • Қандай  дұға  ол?

 Алдар  көсе:  Әттри,  мәттри,  кеттри  шаш,Мәкру,  сәкру,  аулақ  қаш!Қане,  асықпай  қайталап  айтыңдар! Балалар  бірнеше  рет  қайталайды. Мыстан  кемпір  жағымсыз  дыбыс  шығарып,  есіктен  шыға  қашады.Балалар  қол  шапалақтап,    қатты  қуанып  қалады. Қыдыр  ата:Балаларым,  мына  қоржынымдағы  дәмнен  ауыз  тиіңдер! Көп  ұзамай   кетуім  керек.  Бұл  мереке  қазақтың  кең  даласында  дүбірлеп  өтіп  жатыр.Қазақтың  ұлттық  ойындарынан :  көкпар,  жамбы  ату, бәйге, күрес, тоғызқұмалақ, т.б.  сайыстар  өтіп  жатыр.  Мен  сол  жаққа  барайын. Бата  берейін,  балаларым,  қолдарыңды  жайыңдар!Я,  Аллаһ!Өмірлерің  мәнді  болсын,Үй  – жайларың  сәнді  болсын!Несібелерің  ортаймасын!Қариялар  қартаймасын!Көңілдерің  шат болсын,Бастарыңа  бақ  қонсын!Ақ  мол,  дастарқан  тоқ  болсын!Бастарыңда  қайғы, мұң  жоқ  болсын!Ел  аман,  жұрт  тыныш  болсын!Бірауызды  ұлт  пен  ұлыс  болсын!Өнегелі тәрбие – тәлім болсын!Оқыған  батам  қабыл  болсын!Әумин! Балаларым, мен  жолға  шығамын. Ойын  – сауықтарыңды  жалғастыра  беріңдер! Балалар:

  • Әрқашан  жолыңыз  болсын!
  • Ғұмырыңыз  ұзақ  болсын!
  • Бізге  жиі  келіп  тұрыңыз!

 Жүргізуші:             Қымбат  әр  ой,  әр төбең,Мақтанышпен  айтамын.Биік  болсын  мәртебең.Қазақ  елі – байтағым. Барша  ұлт  пен  бар  ұлыс,Тойлап  жатыр  мәз – майрам.Құт  әкелсін  наурыз,Құтты  болсын  әз – мейрам. Қуанатын  күн  бүгін,Алдыңда  бас  иемін.Берік  болып  бірлігің,Асулардан  ас  елім! Осымен «Қош келдің, Наурыз!» атты көңілді кешіміз  өз мәресіне жетті. НАУРЫЗ – КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ Қазақтың киіз үйінің ішкі көрінісі. Төрде тұс киіз. Оның үстінде үкілі домбыра, қамшы, қырдың қызыл түлкісінің терісі ілулі тұр. Сол жақта сандық үстінде әдемі  жиналған көрпелер, құс жастық.              Қасында бесік. Күмбірлеген күй естіліп тұрады. Төрде әже ұлттық ою – өрнегі бар тостақанды сүртіп, наурыз көжесін араластырып  отырады. Күй саябырсығанда ұлттық киім  киген тәрбиеші менбалалар кіріп келеді. Балалар: Ақ әже, Наурыз тойы құтты болсын! Балалар әжемен қол алысып, көріседі.Әже: Төрлетіңдер, құлындарым! Жайғасып отырыңдар! Сендердің де мерекелерің құтты болсын!Балалар отырады. Жүргізуші:             Ақ әже, бүгін Наурыз мерекесі  күні балалар сізге сәлем беруге келді. Әже: Өркендерің өссін, қошақандарым! Бүгін Наурыз тойы – жыл басы. Күн мен түннің теңелер кезі. Наурыз айында жер беті көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітеді. Сендер келер деп қазан толтырып, наурыз көже пісіріп  едім.Бүгін  немерем  бір жасқа толып, тұсауын кескелі жатырмыз. Сендер жақсы келдіңдер, айналайындар! Келін көршілерді шақыруға кеткен, ұзамай келіп қалар. Жайғасып отыра беріңдер! Жүргізуші:             Әже, ұлыстың ұлы күнінде немереңіздің тұсауын кескенін көріп, біздің балалар қуанатын болды. Әже: Әй, менің көршім келмей ме? Дариға, балалар келіп отыр. Әже көршісін дауыстап шақырады. Жүргізуші:             Әже, асықпаңыз. Біздің балаларымыз сізге арнап тақпақ, ән айтқысы келеді. Әже: Е, айналайындар! Тойдың сәні ән мен жыр ғой. Қане, құлағым сендерде. Балалар бірінен кейін бірі ортаға шығып, тақпақтарын айта бастайды. 1– бала:Ей, досым, тыңдашы,                                     тыңдашы,Бұл күні күй тартып, жырлашы.Қанеки, билеші, тұрмашы,Наурыз – ұлы той, жыл басы.2– бала:Мал төлдеп, жұрт аққа кенелер,Бәйшешек гүлдерді тере бер.Бөленіп шуаққа айнала,Бұл күні күн мен түн теңелер.3– бала:Жақсының соңына ел ерер,Еңбекпен ер ісі еленер.Ертерек қамдан сен, диқаншым,Жер жыртып, дәніңді себе бер. 4– бала:Күлкісін шашады жылғалар,Таулардың самайын нұр жалар.Сағыныш толтырып үніне,Қалықтар ауада тырналар. 5– бала:Жұртшылық, бұл күні ән үзбе,Көркінен көктемнің сән ізде.Өзім– ақ ұя сап берейін,Қарлығаш, енсеңші дәлізге. 6– бала:Бұл айды кете алмас аттап құт,Бүлдіршін, шыбық ек, баптап күт.Тамырын соқтырған даламның,Наурыз – аппақ нұр, аппақ сүт.7– бала:Наурыз  – жаңа жыл, жаңа күн,Көктемім жаяды қанатын.Мейрамым, қош келдің еліме,Жерімнің иітіп танабын. 8– бала:Жамандық атаулы тыйылар,Бұл айдың тамаша сыйы бар.Көңілдің ән – жыры  сәнімен,Еңбектің күйіне құйылар. Балалар «Наурыз» әнін орындайды. Осы кезде әженің келіні, көрші әжелер келеді.Отырғандармен амандасады. Әже: Ай, ақылдыларым! Міне, күтіп отырған әжелерің де келді. Маған бір ой келді. Тұсау  кесу  рәсімін әжелер жарысынан бастасақ қайтеді, балалар?  Кім озып келсе, сол адамға немеремнің тұсауын кестірем. Ал ,жүргізуші қызым, бәрін бақылап, өзің ары қарай жалғастыр. Әжелер жарысады. Озып келген әжені бәрі қолпаштайды. Жүргізуші:Ұлжан әже, сіз жылдам екенсіз, олай болса, баланың тұсауын сіз кесіңіз! Әже: Иә, солай енді, немеремнің тұсауын Ұлжан әжелерің кессін. Дариға, Зере, Бәтима, сендер ренжіп жүрмеңдер. Дариға әже:Жоқ, ол не дегенің, ренжімейміз ғой, құрбым – ау.  Әже: Ал, балалар, жайланып бәрің  де қарап отырыңдар. Қане, келін, немерем қайда? Дайын ба? Ал, бастаймыз. Келін:Бәрі дайын, ене. Ұлжан әже:Ал, ендеше, бастайық. Бисмилләһи –рахманир–рахим! Иә, балам, келе ғой. Келін ала жіп ұсынады. Ұлжан әже ала жіпті баланың аяғына байлайды.Екі адам баланы жетектейді де, Ұлжан әже баланың соңынан еріп жүріп, «Тұсау кесерді» айтады. Ұлжан әже:                    Қаз, қаз, балам, қаз балам,Аяқ басшы аздаған.Жүрісіңді көрейін,Көрімдігің берейін.Үстем болсын мерейің,Шашуыңды терейін.Аяғыңды баса ғой,Анау қырдан аса ғой.Ал, уақыт өткізбе,Құлын –тайға жеткізбе! –деп, баланың тұсауын кесіп,  қолынан жетелеп, жүргізіп, тағы да тақпақтата жөнеледі: Қаз, қаз, балам, қаз балам,Базына айтам аздаған.Өріс жаққа барып кел,Ешкі, лақты танып кел.Қырда көп қой көбелек,Қуып, ұстап алып кел! қане, тәй, тәй басып жүре ғой, – сәл демеп жүргізеді. Жүргізуші:Ұлжан әже, қолыңыз жеңіл болсын! Нәресте өзіңіз сияқты жүйрік, алымды болсын! Әже: Орамал тон болмайды, жол болады деген бар ғой. Немеремнің осы бір тойына арнаған сыйлығымды берейін. Әже Ұлжан әжеге сыйлық береді.Жүргізуші:Біздің балаларымыздың дайындап келген әсем әндері бар. Ендеше әнге кезек берейік! Балалар «Наурыз» әнін орындайды. НАУРЫЗ Сөзі мен әні: К. Ыбрайұлынікі. Наурыз келді тағы да ұсынып гүлін,Самғаталық ән – құсын ұшырып бүгін.Құтты болсын, жаңа жылым,Думандасын дала –  қырым.Жетсін –  жетсін алысқа үнім. Қайырмасы:Уа, халайық,ән салайық,Биге басалық!Нүр жайнасын жанарлардаҚарттар жасарып.Құтты болсын, жаңа жылым,Думандасын дала – қырым,Жетсін –  жетсін алысқа үнім. Әр ошақта жағалық бақыттың шамын,Қарсы алалық бәріміз жақұт түн, таңын.Қыдыр ата әр үйге енсін,Жаңа өмірге сәби келсін,Ұлассын той,Той бола берсін! Қайырмасы. Уа, халайық, ән салайық,Биге басалық!Нұр жайнасын жанарлардаҚарттар жасарып.Қыдыр ата әр үйге енсін,Жаңа өмірге сәби келсін,Ұлассын той,Той бола берсін! Ән біткен кезде бір бала жүгіріп кіреді. Бала: Алақай, алақай, тойға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келе жатыр! Алақай! Қыдыр ата мен Наурыз қыз әсем күйдің әуенімен ішке кіреді.Барлығы орындарынан тұрып, олармен амандасады. Қыдыр ата:Тыңдаңыздар, бар ұлыс,Атаңызбен жан ұғыс.Бақыт нұры  – шашуым,Алып келдім бақ, ырыс. Ашам көңіл түндігін,Кесем ескі жыл жібін.Жырлап, билеп, ән салып,Думандатар күн бүгін! Азаймасын санымыз,Жана берсін бағымыз.Жаңа жылдың жаршысы –Құтты болсын Наурыз!Наурыз қыз:Табиғаттай анамның,Құрсағынан жаралдым.Жасасын салт  – дәстүрі,Нар тұлғалы бабамның. Жырын тыңдап сүлейдің,Сізге ат басын тіреймін.Риза болсын барша жұрт,Тек жақсылық тілеймін! Даланы гүл жайнатам,Бұлбұлдарды сайратам.Желісіне әр үйдіңТай – құлынды байлатам. Келер жаз бен сары күз,Бітік шықсын дәніміз.Жасыл көктем – жасауым,Жаса, жаса, Наурыз! Жүргізуші:Қош келдіңіз, Қыдыр ата, Наурыз қыз! Бүгін бізде үлкен мереке  – жаңа жылымызды қарсы алып жатырмыз. Әже: Төрлетіңіздер, қадірлі қонағымыз болыңыздар! Қыдыр ата мен  Наурыз қыз төрге шығып отырады. Әже: Ал, құрметті қонақтар! Халқымызда келесі жылға аман жеткізсін деп ырымдап соғымнан қалған сүр етін, құрт – ірімшік, жал – жаясын сақтап, Ұлыстың Ұлы күні –Наурыз мерекесінде дастарқанға қойып, келген қонақтарға ауыз тигізетін салт бар. Дәмімізден ауыз тиіңіз! Жүргізуші:Бүгін біз әжеміздің немересінің тұсау кесер рәсімін көрдік.Біздің балаларымыз өте өнерлі. Сіздерге тақпақтары мен әндерін орындап бергелі тұр. Қане, бірге тамашалайық!  Күй төгілсе  сағадан,Қымыз тасыр сабадан.Өтірік өлең, жаңылтпаш,Қалған мұра бабадан. Қане, балалар, өтірік өлең айтудан жарысайық. Балалар бірінен кейін бірі өтірік өлеңді жалғастырып ала жөнеледі. 1 – бала:Өлең айтты қойларым,Бірге асық ойнадым.Мерекесін Наурыздың,Сөйтіп Айда тойладым.2 – бала:Майын сорып өркештің,Жатты күліп төрде ешкім.Лағымен                Себебі,Телефонмен сөйлестім. 3 – бала:Масаларды өргіздім,Маймылға қой бөлгіздім.Шаңсорғышқа                        Байқамай,Көп сусиыр сорғыздым. 4 – бала:Бүргеге бас білгіздім,Құс жолымен жүргіздім.Қолтығынан қытықтап,Өлген пілді күлгіздім. 5 – бала:Шаң тигізбей бетіме,Шыққам желдің  өтіне.Ұя сапты бір құс кеп,Қалпағымның шетіне. 6 – бала:Бүгін қатты терледім,Айды мұзбен зерледім.Тиіп кетіп кірпігім,Құлап кетті жерге күн. 7 – бала:Күші жетпей жүз аттың,Мың тышқанға жүк арттым.Түнді бүгін болғызбай,Күн мерзімін ұзарттым. Наурыз қыз (қолын  шапалақтап):Өте тамаша! Бізде суайттар да көп екен ғой! Айтпақшы, биші қыздарымыз қайда екен? Қане, би билейік! Ортаға биші қыздар шығады. Қыздар «Қазақ биін» билейді.Балалар  «Көктем» әнін орындайды.              КӨКТЕМСөзі мен әні: К. Ыбрайұлынікі.Көктем қырға төрледі,Төрт түлік мал төлдеді.Бәйшешектер құлпырып,Деп тұрғандай: «Көр мені!» Жылы мезгіл жетіпті,Тастадық біз етікті.Қар көктемге жеткізбей,Тауға шығып кетіпті!Наурыз қыз:Балалар, мен сендерге қызық ойын әкелдім. Қане, енді ойын ойнайық. Балалар «Гүл жинау» немесе «Тақия тастамақ» ойынын ойнайды.Қыдыр ата:Өздерің  шеттеріңнен ақылды, өнерлі екенсіңдер. Мен қатты риза болып отырмын. Мына сыйлығымды сендерге арнап алып келіп едім. Наурыз қызым, сыйлықтарды балаларға үлестіріп берші. Наурыз қыз бен жүргізуші өнер көрсеткен балаларғасыйлық үлестіреді.Қыдыр ата:Ал, балалар, мені басқа жерде де күтіп отыр. Батамды беріп, жолға шығайын. Қыдыр атаның батасы:Әжелер мен балалар,Келіндер мен аналар!Ақ тілегім сізге айтқан,Ғаламшарды аралар. Жанарға жас толмасын,Ақындар жыр толғасын.Соғыс деген қасіретМәңгі енді болмасын! Көгімде ән шалқысын,Шықсын елдің даңқы шын.Бейбітшілік мақсатқа,Қорғасындар балқысын! Тамылжып таң атқанда,Сайрар бұлбұл бақтарда.Жастар өссін гүл жайнап,Қартаймасын қарттар да! Әр жүрекке нұр қонсын,Әр көңілге жыр толсын!Той  ұлассын тойларға,Берекелі жыл болсын!Әумин! Қыдыр ата бата берген соң  Наурыз қыз екеуі шығып кетеді. Жүргізуші:Ал, балалар, мерекемізді әрі қарай жалғастырамыз. Қане, бәріміз бірігіп  ән орындайық! «Наурыз – жыл басы»  деген әнді білеміз бе? Балалар:

  • Білеміз!
  • Білеміз!

Жүргізуші:Ендеше, осы әнді орындайық! «Наурыз –жыл басы» әні шырқалады. Жүргізуші:Ал, балалар, енді әжеміздің дайындаған дастарқанынан дәм татайық! Балалар дастарқанға жайғасып отырады. Мереке жалғаса береді.                                     «ЖАҢА ЖЫЛ» КЕШІ Зал  ортасында шырша.  Айнала  әсем безендірілген.  Балалар  шыршаны  айналып  ән  салып  жүр.  Ортаға  жүргізуші  шығады. Жүргізуші:Қадірлі,  ата –  аналар!Сүйкімді  біздің, балаларУақытты  тақымдап,Жаңа  жыл  жүр  жақындап. Би  билеп  бір,  ән  салып,Жаңа  жылды  қарсы  алып.Көңілденіп  жүрейік,Ойын  ойнап,  күлейік. Тойдың  ән, күй, жыр  сәні–Айналалық  шыршаны.Бүгін,  міне,  маскарад,Шықсын  алға  жас талап.      Бір  бала  ортаға  шығып  өз  өнерін  орындайды. Жүргізуші:  Ал,  қане,  балалар,  жаңа  жыл  туралы  кім  тақпақтар  айтады? 1 –бала:            Дала  ақ  қар  жамылды,Шыңдар  моншақ  тағынды. Жаңа  жылым,  тез  келші,Балалар  да  сағынды. 2 – бала:         Тоңып  ызғар  бораннан,Ой,  қыр  мақта  оранған.Айналаның  бәрі  аппақ,Таулар  қайда  жоғалған? 3 – бала:         Келер  кейін  өңгесі,Жаңа  жылым,  төрлеші.Жасыл  шырша  ортада –Ойыншықтар  көрмесі.4 – бала:         Соңынан  біз  ерейік,Ән  де  салып  берейік.Аяз  ата  қапшығын,Көтерісіп  келейік. 5 – бала:         Тұрмаңыздар  именіп,Ерекше  бір  күйге  еніп.Бәріміз  де,  қанеки,Дөңгеленіп  билелік! 6 – бала:         Ақ  тілектен  нәр  алып,Көңілденіп  бағалық.Жасыл  шырша  жанында,Жыр  төгіп,  ән  салалық. 7 – бала:         Жер  сыпырып  етегі,Аяз  ата  жетеді.Екі  – үш  сағат  қонақ  боп,Көңілденіп  кетеді. Масқарампаздар  ойыншықтарды  ұстап  көріп,  балаларды  түртіп  ойнап  жүр. Ерекше  қимыл  жасап,  күлдіреді. Бір  уақытта  сақылдап  күліп,  ертегінің  ерекше  кейіпкері  Мыстан  кемпір  келе  жатады. Кенет  шыршаны  тамашалап,  ойыншық тарды  қолымен  ұстап  көреді  де, қызын  шақырады. Мыстан  кемпір:Кизимка, кизимка,  мында  кел!  Мынадай  ойыншықтар  өсетін  шыршаны  көріп  пе  едің? Қызы  (таңданып):  Жоқ,  көргем  жоқ!  Бұл  бір  керемет  ағаш  болды  ғой! Мыстан  кемпір:Балалар,  ойыншықтар  өсетін  осы  бір  ағашты  қайдан  табуға  болады?(Сақылдап  күліп) Менде  ақша  көп.  Ендеше  сатып  аламын,  балалар! Балалар  (шуласып):

  • Жоқ,  жоқ,  сатылмайды  бұл  ағаш!
  • Кетіңіз  бұл  жерден»
  • Қызыңызды  алып,  кетіңіз  тезірек!
  •  

Мыстан  кемпір  шетке  шығып,  ойланып  тұрып  қалады. Масқарампаз  оған  жақындап:Айналайын,  түріңнен,Айналайын  үніңнен.Аз  уақыт  жүре тұр,Жоқ  қыламын  бүгін  мен. Шырқалады  ән  демде,Сен, Мыстаным,  таң  көрме.Бұл  ағашты  сататынҚойма  кілті  бар  менде. Мыстан  кемпір:  Жарайды,  жарайды! Балалар  ән  шырқап,  би  билейді.  Мыстан  кемпір  ойыншырқын  тағы  да  бұзғысы  келеді. Жүргізуші:  Балалар,  біраз  уақыт  көңілімізді  көтердік  қой. Аяз  атамыз  да  маңайлап  жүрген  шығар. Қане,  дауыстап  шақыралық,  балалар!Бәрі: А – яз  а – та!  А – яз  а – та!   А – яз  а – та!Ақ  – ша  қар!  Ақ  – ша  қар!  Ақ  – ша  қар! Залға    Аяз  ата  мен  Ақща  қар кіреді.Аяз  ата  қапшығын  иығына  асып  алған. Аяз  ата:     Есенсіздер  ме,  балаларым! Ата  – аналарың  аман  ба? Айдын  – айдын  көлдерді,  шөлейт  – шөлейт  жерлерді,  сандаған  таулар  мен  ойпаттарды  артқа  тастап,  сендерге  келдім,  балаларым!   Сендер  бақытты  Қазақстан   деген  елдің  ұландарысыңдар!  Жолдағымемлекеттерден  аш – жалаңаш  сәбилерді  көргенде,  жүрегім  елжіреп,     қатты  аядым.  Оларға  тәттілерімді  таратып  бердім. Мыстан  кемпір  таңданып,  Аяз  атаны  айналады. Мыстан  кемпір  (қызына  қарап):Сақалын  – ай  атаның,  қандай  ұзын,  қандай  биязы!  Кизимке,  саған  сақалды  иіріп,  шапан  тігіп  берсем  ғой,  шіркін! Балалар  (шуласып):

  • Мыстан  кемпірді  қуатын  мезгіл  жеткен  сияқты!
  • Мыстан  кемпір  тым  еркінсіп  кетті!
  • Бір  амалын  тауып,  арамыздан  қуалық!

 Масқарампаз:  Балалар,  сәл  сабыр  етелік!  Мен  бәрін  де  ойластырып   қойғанмын! Балалар:  Жақсы,  келісеміз! Балалар  қол  шапалақтап,  мәз  болысып  қалады.Жүргізуші:  Балалар,  Аяз  атаға  арнаған  қандай  сыйлықтарың  бар? Балалар:  Аяз  атаға  арнап тақпақ  айтып  берелік! 1 – бала:         Ашық  сіздің  қолыңыз,Болсын  дәйім  жолыңыз.Ұзақ  ғұмыр  кешіңіз,Мәңгі  бірге  болыңыз! 2 – бала:         Тақпақ  айтқан  балаға,Көңіліңіз  тола  ма?Аяз  ата,  таратарСыйлығыңыз  мол – ау, ә! 3 – бала:          Мәз  болуда  барша  жұрт,Ата,  сізді  қарсы  алып.Өзгелерге  үлгі  боп,Берсеңіз  бір  ән  салып. Аяз  ата:  Е, айтқандарың  болсын,  балаларым! Аяз  ата  ән  айтады  немесе  басқа  бір  өнерін  көрсетеді. Жүргізуші:  Балалар,  енді  Аяз  атаға  ән  салып, би  билеп  берейік! Балалар  шыршаны  айналып,  Көмек  Ыбрайұлының  С. Оспановтың сөзіне жазылған«Елкаға бардыық» деген  әнін  орындайды. Жаңадан тақпақ,Аламыз жаттап.Жаңа жыл келді,Жаңа жыл аппақ. Елкаға бардық,Әсем ән салдық.Аяз атаданСыйлықтар алдық. Қуантып елді,Жаңа жыл келді.Өсетін болдым,Бір жасқа енді. Жүргізуші:  Жарайсыңдар,  балалар! Енді  Аяз  атамен  бірге  ойын  ойналық! Жүргізушінің  нұсқауымен  әр  түрлі  ойындар  ойналады.Аяз  атаның  өзі  «Ұшты – ұшты» ойынын  өткізеді.Аяз  ата:  Уһ,  ұзақ – ұзақ  жол  жүріп,  шаршап  қалыппын,  балаларым! Бір  ысып,  бір  суындым,Сырқырап  тұр  буыным. Ән  салсаңыз,  балалар,Бұл  да  емге  саналар. Пайдасы  мол  жыр – әннің,Жазылатын  шығармын! Мыстан  кемпір:  Аяз  атаны  емханаға  жіберу  керек. Мейлі,  жаңа  жыл   10 – 15  күн  кейін  келер. Балалар  (шуласып):

  • Мыстанның  сөзін  тыңдамаймыз!
  • Мыстан,  аулақ  жүр!
  • Мерекемізге  кедергі  келтірме!

 Аяз  ата: Оу, менің Ақшақарым –көмекшім! Шыршамыз жанбай  қалыпты  ғой! Ақщақар: Ал, қане, балалар, бәріміз қосылып, шыршаның жануын  сұрайық! Қане,  бірге  айтамыз:

  • Шыршам,  шыршам,  жана  ғой!
  • Шыршам,  шыршам,  жана  ғой!

 Шыршаның  шамдары  жанып,  айнала  әсем  реңкке  бөленеді.Балалар   қол  шапалақтап,  мәз  болады.Балалар:

  • Алақай!  Алақай!
  • Шырша  қандай  жарқырап  тұр!
  • Қандай  керемет!  Ойыншықтар  қандай  тамаша!

 Би  биленіп,  тамаша  жалғаса  түседі.Бір  кезде  ортаға  масқарампаз  шығады. Масқарампаз:  Мыстан – еке, ойыншықтар  өсетін  ағашқа  қызығып  едіңіз  ғой. Менде  сол  ағаш  өсетін  қойманың  кілті  бар. Мыстан  кемпір:  Кілтің  қайда? Масқарампаз:  Мына  үлкен  қапшықтың  түбінде  жатыр. Егер  осындай  ағаш  шынымен  керек  болса,  қаптың  түбінен  іздеп  таба  ғой. Мыстан  кемпір: Қойшы – ей!  Шының  ба? Масқарампаз:  Рас  айтамын! Мыстан  кемпір  кілтті  іздемек  болып,  үлкен  қаптың  ішіне  кірген бойда, Масқарампаз  қаптың  аузын  байлап  тастайды. Мыстан кемпір тыпырлап, айқайлайды, бірақ ешкім тыңдамайды. Думан  әрі  қарай  жалғасады. Аяз  ата:  Балаларым!  Сіздерге  алғысымды  білдіремін! Қаншама  өнер  шашуын  шаштыңдар!  Мен  Жаңа  жылға  орын  беруім  керек  емес  пе? Жүргізуші:  Иә, иә.  Аяз  ата  дұрыс  айтады.  Енді,  балалар,  бәріміз  бірігіп,  Жаңа  жылды  шақырайық! Балалар  (хормен): 

  • Жаңа  жыл!
  • Жаңа  жыл! 
  • Жаңа  жыл!

Жаңа  жыл  келеді.Жаңа  жыл: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мерекені  қалай  өткізіп  жатырсыңдар? Балалар:  Қош  келдіңіз,  Жаңа  жыл! Балалар  шыршаны  айналып,  Көмек  Ыбрайұлының  «Жаңа  жылда»  деген  әнін  орындайды. Жаңа жылды бәріміз,Қарсы алуға ұйғардық.Үйде отырдық тағы біз,Кілең достар жиналып. Қайырмасы:Барлық көңіл қош бүгін,Достар әнге салады.Ал сағаттың қос тілі,Құшақтасып қалады. Көрші ауылға жаңа жыл,Біз арқылы өтеді.Сағатыңа қарағын,Он екіде жетеді. Қайырмасы. 1 – бала:           Бұрынғыдан  өзгерген  дала  бүгін,Көңілдерде  ай  жүзіп,  жанады  күн.Әр  жүрекке  жаңалық  нұрын  сеуіп,Қош  келдіңіз  ортаға, Жаңа  жылым! 2 – бала:         Сан  тілекті  естідің – жаран  үнін,Шалқысын  сан  лебіз  самалы  мың.Ескі  жылда  болмаған  жаңалықтар,Өз  бойыңнан  табылсын,  Жаңа  жылым! 3 – бала:         Тұр  дайын  жанымызда  орыныңыз,Көңілдің  қошы – алтын,  төрі – күміс.Жақсылықтың  жаршысы  атаныңыз,Жаңа  жыл  биіктерден  көрініңіз! 4 – бала:         Тоқшылық  жылы  болсын  аш  қамбаны,Талай  арқау  боларсың  дастанға  әлі.Кең  алқапта  егінің  бітік  шықсын,Өзің  болшы  бақыттың  баспалдағы. 5 – бала:         Өткеннің  оралмасын  отты  ойраны,Дұшпанның  қалсын  мәңгі  бөртпей  бағы .Босағасы  елімнің  берік  болсын!Биік  тұрсын  елімнің  көк  байрағы! Аяз  ата:   Балаларым,  көп   тақпақ  айтылып,  көп  әндер  шырқалды,  қызықты  ойындар ойналды. Сіздердің  ықыластарыңыздан  қалған  өміріме  жетерлік  нәр  алдым. Сіздерге, ата –аналарыңызға  бақыт  тілеймін!            Қане, Ақшақар  қызымыз  екеумізді  күтіп  отырған  балалар  көп. Біз  жүрейік. Сендер  мерекелеріңді  жалғастыра  беріңдер! Балалар: 

  • Қош  болыңыз,  Аяз  ата!
  • Жолыңыз  болсын!
  • Ұзақ  ғұмыр  кешіңіз!

 Аяз  ата  мен  Ақша қар  қоштасып,  шығып  кетеді. Жаңа  жылға  арналған  қызық  – думан  әрі  қарай  жалғасады.ҚҰТТЫ БОЛСЫН ЖАҢА ЖЫЛ! Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді музыка ойналып жатады. Мектепалды даярлық тобында өткізілген кеш бағдарламасы. Жүргізуші:Қымбатты қонақтар, балалар, ата – аналар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық,дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға  ынтымақ– бірлік тілейміз!Айтылды өлең, тақпақтар,Ән шарықтап, күй ақты.Айналамыз аппақ қар,Пейіліміз сияқты.Жаңа жыл да таялды ұқ,Кім көңілді, ұтады.Мектепалды даярлық,Алдарыңда  «Б»тобы. Балалар сазды әуенмен залға кіреді. Жүргізуші:Ертеңгілігіміздің алғашқы сөзін балабақшамыздың меңгерушісіне береміз.Балабақша меңгерушісі сөз сөйлейді. Жүргізуші:Қане, балалар, Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар, шырша туралы  кім тақпақ айтады? Балалар мерекеге арналған тақпақтарын айтады. 1 – бала:Көз қарылтар түсі аппақ,Ақ мақтадай дала, қыр.Аяз қарын құшақтап,Келеді әне Жаңа жыл.2 – бала:Таңдануға болады, ә!Адам біткен ырза бар.Аяз қарып, тоңа ма,Енді үйге шыршалар.3 – бала:Үй шатыры жатады,Мұздан сырға тағынып.Күттік Аяз атаны,Ақшақарды сағынып.4 – бала:Қалмасын тек жаңа жыл,Қыз күрсініп, ұл жасып.Таңдансын көп жаңа жылҚұт әкелші, нұр шашып.5 – бала:Отырайын жиілеп,Достарыма жолдап хат.Қосайын мен күйіме,Жаңа жылым, орнат бақ! 6 – бала:Қарсы болар кім, тегі,Қар – көктемгі ырысым.Қаңтар – айдың үлкені,Бәрінен де ұлысың!Жүргізуші:Жаңарғандай жанымыз,Қандай әсем күн бүгін!Шырқалық біз бәріміз,Қане, «Жаңа жыл» жырын! Балалар бәрі қосылып «Жаңа жыл» әнін орындайды. Жүргізуші:Балалар, жаңа жыл кешіміз басталып та кетті. Енді көп кешікпей Аяз атамыз да келіп қалар. Осы кезде даңғырлап даңғыра үні шығады. Залға ырылдап қасқыр кіріп келеді.Қасқыр:Ә, ә, мұнда отыр екенсіңдер ғой! Аталарың орманда адасып жүр екен. Қасқырларым аш еді. Мен соларға табыстап кеттім. Қолында ұялы телефоны бар, мен алып қуанып қалдым. Өзінің байланысатын адамдары  қандай көп, қайта –  қайта телефон шалып жатыр.Ха – ха –ха! Хи – хи –хи! Енді мәңгіге тынышталатын болды сорлы қарт!Өз обалы өзіне! Балалар(шулап):

  • Қасқыр, қасқыр! Аяз Атаны алып келіңіз!
  • Сіз бізге керек емессіз!
  • Бізде бүгін Жаңа жыл!
  • Аяз Атасыз жаңа жыл мерекесі өтпейді!

 Қасқыр:А – а! Сіздерге Аяз ата басты адам болды ғой? Жаны жәннатта болсын! Балалар:

  • Сіз не айтып тұрсыз!
  • Аяз атаға ешкім кедергі болмақ емес!
  • Аяз атаны алып келіңіз!

Қасқыр жан жағына қарап, алақтап:Жар – рай – ды!  Бәріңіз де маған қарсы болдыңыздар ғой!  Ендеше мен сендерге әртүрлі шарт қоямын. Соны орындасаңдар, мен ормандағы  қасқырла рыма «Аяз атаны босатыңдар!» деп бұйрық беремін. Осыған келісесіздер ме, балалар! Балалар:

  • Келісеміз!
  • Келісеміз!
  • Қане, шартыңызды қоя беріңіз!

 Қасқыр:Ендеше  ұялы телефонмен қасқырларыма осы шарт бойынша келіскенімді айтып қояйын. Әй, ол қанқұмарлар үлгертпей кетпесе... Қасқыр құлағына ұялы телефонды жақындатып: ыр..ыр...а, ыр.. деп арасында қыңсылап қояды.Балалар:

  • Өй, мынау не де кетті!
  • Әдейі уақыт өткізіп тұр ғой!
  • Қане, Аяз атаны тезірек әкеліңіз!
  • Тіліне түсінбедік!

 Қасқыр жуан дауыспен:Әркімнің өз тілі болады. Ал әлемдегі ең әдемі және бай тіл біздікі! Біз екі  – үш әріппен   – ақ жан сезімімізді терең түсіндіре аламыз. Ал сіздерде қанша әріп бар?Балалар(шулап):Бізде 42 әріп бар.   Қасқыр:Жар –рай–сыңдар! Сауаттанып қалыпсыңдар ғой! Ал сендер қанша ұлттың тілін білесіңдер? Балалар(шулап):

  • Қазақ, орыс тілдерін меңгердік.
  • Ағылшын тілін де үйренудеміз.

 Қасқыр:Ыр – ыр! Ав – ва! ав – ва! Бұл тілдерді сіздерге кім үйретті? Балалар:Тәрбиеші апайлар. Олар бізге көп нәрсені үйретті. Қасқыр:Сіздердің Аяз аталарың аса білімді жан болып шықты. Дүниедегі сан ұлттың тілін біледі екен. Бағана  адамдармен бірнеше тілде хабарласты. Асылы, оның телефонының сиқыры бар шығар, ә?Қасқыр  ойланып тұрған кейіп танытады. Телефонына құлағын тақаңқырап, өзінше күңкілдейді. Өй, менің қасқырларыма не болды? Жауап қатпайды ғой, қырылғырлар! Ұялы телефондарының ішіне қар кіріп кеткен шығар, сірә! Жарайды, кейін сөйлесер мін! Енді ойын шартымды айтайын! Есепке қалайсыңдар? Балалар:

  • Айтыңыз, шешеміз!
  • Уақыт кетіп бара жатыр, тезірек айтыңыз!

 Қасқыр:Үштен бір алғанда неше шығады? Балалар(шулап):

  • Екі!
  • Екі болады!

 Қасқыр:Балалар, үшбұрыш, төртбұрыштарды көріп жүрсіңдер ғой. Ендеше үшбұрыштың бір бұрышын кесіп тастасақ, қаншасы қалады? Балалар шулап, әртүрлі жауап береді. Қасқыр:Сендер жауап бере алмадыңдар, бұрыштары көбейеді, яғни төртбұрышы қалады. Ескерту: қасқыр балалардың мергендігін, шапшаңдығын сынайтындай, мысалы: асық ойыны сияқты спорттық ойындар өткізуі мүмкін. Бұл әр тәрбиешінің қалауы бойынша таңдалып алынады. Қасқыр:Сынақтан өтіп келесіңдер, балалар! Сендер мені риза еттіңдер! Енді қасқырла рыма телефон шалайын. Аяз атаға рақымшылық жасасын! Қасқыр телефонынын ұстап тұрып,«Өй, құрып кеткірлер! Жауап қатпайды ғой, түге! Ыр – ыр!» деп ызалы кейіппен қолын артына қайырып, әрлі – берлі жүре бастайды. Осы кезде әсем музыка ойнап, залға Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді.Қасқыр:Мәссаған! Аяз ата! Ақшақар! Сіздер қалай келіп қалдыңыздар?! Балалар:

  • Қош келдіңіз, Аяз ата!
  • Қош келдіңіз Ақшақар!
  • Қасқыр бізді қорқытып тастап еді, қалай жеттіңіз?

 Аяз ата мен Ақшақар:Есенсіңдер ме, балалар! Аяз ата:Аш қасқырлар бізді қоршап алып, қатты қорқытты. Ал мен өз тәсіліме көштім. Боранымды ысқыртып, дауылға айналдырдым. Олар қапелімде тосылып қалғанымен ілгер жылжи бастады. Болмаған соң 60 градус аязымды жұмсап едім, олар сол бойы қатып қалды. Ақшақар:Бір қызығы олар күліп тұрған кейіпте қалды. Ақшақар көңілденіп, күліп жібереді. Балалар шулап, қол шапалақтап, қатты қуанады.Балалар:

  • Ой, жарайсыңдар!
  • Өздеріне сол керек!

 Қасқыр:Кешіріңіздер! Кешіріңіздер! Менен бір қателік кетті. Ұялы телефоныңыз,міне. Қасқыр қаша жөнеледі. Балалар қол шапалақтап, мәз болады. Аяз ата:Қоштасты көп қалалар,Жетелеумен бал – үміт.Жеттім, міне, балалар,Өздеріңді сағынып. Балалар:

  • Иә, иә, Сізді сағындық, Аяз ата!
  • Қош келдіңіз!

 Ақшақар:Өмірдегі мол дәрім,Өнер –қуат, өнер– бақ.Жаңа жылға жолдадым,Тез жетші деп жеделхат.Жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар, сіздерге балалардың арнаған тақпақтары бар. 1 – бала:Ақ құйынын билетіп,Ысқырынып, күйлетіп.Аяз ата келеді,Аяз қарын сүйретіп.2 – бала:Дидарында нұр балқып,Өзі қандай  сері  еді!Домбырада күй тартып,Ән салып та береді.3 – бала:Аяз ата себеді,Бейне күлкі, шаттық үн.Қапшығынан бередіНеше түрін тәттінің.4 – бала:Шыршаңызға расында,Таң қаламыз тұра қап.Ақшақардың қасындаБи билеу де рахат!5 – бала:Төгілген қар ұлпасы,Аппақ мамық, қарашы.Қаңтар айы – жыл басы,Он екі айдың ағасы.6 – бала: Безендірген мұнша кім,Таңдай қағар әркім – ақ.Әйбат жасыл шыршаның,Шамдары тұр жарқырап.7 – бала:Әз жаңа жыл осы еді,Ақ жаймасы – төсегі.Бойымыз да өседі,Ойымыз да өседі.8 – бала:Бейбітшілік кілті нақ,Бірлік, достық, ынтымақ.Әр жаңа жыл алады,Адамдардан мың сынақ.9 – бала:Өрмелейміз шыңға біз,Баба жолы – салтым сол.Өткен жылға ырзамыз,Жаңа жылым, жарқын бол!10 – бала:Дала нұрға бөленсін,Еркін өссін бүлдіршін.Биік самғам көгершін,Көк аспанда күн күлсін!11 – бала:Шырша ортада – сәніміз,Би ырғақты – әніміз.Күнді айналған ғаламшарСияқтымыз бәріміз.Жүргізуші:Ән саламыз енді біз,Көңілді ішке ендіңіз.Аяз ата, Ақшақар,Дейміз тек «Қош келдіңіз!» «Аяз ата» әні орындалады.Аяз ата:Жаңа күн бұл, жаңа айым,Шырша шамын жағайын.Сендерменен, балалар,Би билеп, ән салайын.Аяз ата қолын көтеріп: Шырша, шырша, қане, жан! – деп екі – үш рет айтады. Шырша жанып, жан – жақты жарқыратып жібереді.Аяз ата:Балалар, енді сендерге ән айтып берейін! Аяз ата балаларға арнап, ән орындап береді.Балалар:

  • Рахмет, сізге, Аяз ата!
  • Мерейіңіз үстем болсын!

 Ақшақар:Атсын жарқын таң дәйім,Сендерге күй, ән дайын.Өнерімді аяман,Мен де атамнан қалмайын. Балаларға арнап Ақшақар да бір ән орындайды. Жүргізуші:Қане, балалар, біз де өнерімізді паш етіп, Аяз ата мен Ақшақарға ән айтып берейік! Балалар ән орындайды. Аяз ата мен Ақшақар балаларға қосылып, шыршаны айналыпбилеп жүреді. Аяз ата көзін қолымен көлегейлеп:Мен өз балаларымды сендердің араларыңнан көре алмай тұрмын ғой. Олар қайда жүр екен? Көргендерің бар ма? Жүргізуші:Сабыр етіңіз, Аяз ата! Олар да келіп қалар. Айтуларынша, тосын сый жасамақшы. Осы кезде көңілді,музыка ойналып,  он екі бала кеуделеріне ай аттарын  жазып залға кіреді. Аяз ата, Ақшақармен құшақтасып, амандасады. Олар бірінен кейін бірі ортаға шығып, өнерлерін көрсетеді.Аяз ата оларға қапшығынан сыйлық береді. Қаңтар:Мен ақ қарлы Қаңтармын,Бәріңізді қарсы алам.Күйін шертем әр таңның,Аязыммен ән салам.Ақпан:Дей алмаймын дарамын,Нұрлы ертеңім, бүгінім.Наурызға ағамын,Ал Қаңтарға  інімін.Наурыз:Маған да күй, ән серік,Тұрам ылғи ертемен.Кең далаға дән сеуіп,Жерді гүлмен көмкерем.Сәуір:Еңбек етем көп терлеп,Бос емеспін әр күн мен.Көйлегімді  көкпеңбек,Жуамын ақ жаңбырмен.Мамыр:Бөктерге көк жастаймын,Көсік терем құмынан.Күреп – күреп тастаймынМұздарды тау шыңынан.Маусым:Тізгінді ұстап, жиырып,Мықтап тартып                       Айылды.Келте қамшы үйіріп,Жуасытам тайымды. Шілде:Жайлауыма гүл өріп, Шақырам қыр төріне.Ыстығымды жіберіп,Шомылдырам көліме.Тамыз:Артқа тастап сан қырды,Жайлау жаққа барамын.Шыңдап алып шалғымды,Көп –көп қып шөп шабамын.Қыркүйек:Болып алғам жырынды,Босқа өтпейді бір таңым.Қайрап қырықтығымды,Қой, ешкімді қырқамын.Қазан мен Қараша қосылып:Қосылады кім тағы,Мәңгі бірге боламыз.Комбайнмен тыңдағыЕгінді біз орамыз. Бәрі қосылып  И. Нүсіпбаевтің «Дос болайық бәріміз!» деген әнін орындайды. Балалар:

  • Ақшақар, сіз Жаңа жылға жеделхат жолдадым деп едіңіз, әлі келген жоқ қой.
  • Біз Жаңа жылды тағатсыздана күтудеміз. Хабарласыңызшы!

 Ақшақар:Жаңа ғана ұялы телефонмен хабарластым. Есік алдына келіп қалдым деген... Міне, міне, өзі де келіп қалды. Ішке ентігіп, Жаңа жыл кіреді. Жаңа жыл:Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар:Қош келдіңіз, Жаңа жыл! Жүргізуші:Қане, балалар, енді Жаңа жылдың келу құрметіне ән шырқайық.Балалар жаңа жылға арналған ән орындайды.Аяз ата:Балалар, Ақшақар екеуміздің кететін уақытымыз болды. Әлгі қасқырларды да тірілтуім керек. Обал ғой! Оларға  да бір сабақ болсын! Ал, он екі балам, сендер де аман болыңдар! Достықтарың мәңгілік болсын!  Ақшақар:Жаңа жылда үлкен жетістіктерге жетіңіздер! Келесі жылы кездескенше! Қош, сау болыңыздар! Аяз ата мен Ақшақар балалармен қоштасып шығып кетеді. Балалар әндерін айтып, мерекені жалғастырады. Жүргізуші:Жатталық ән, жаңа жыр,Жаңарсын ел, қала, қыр.Өміріміз жарқын боп,Құт әкелсін Жаңа жыл! Құрметті қонақтар! Осымен Жаңа жылды қарсы алуға арналған «Құтты болсын Жаңа жыл!» атты кешіміз аяқталды.ЖАСЫЛ ШЫРША ЖАНЫНДА Көңілді музыка ойналып жатады. Балалар қол ұстасып залға енеді.Олар жасыл шыршаны айналып «Жаңа жыл жырын» шырқайды.  Жүргізуші:Балалар, қош келдіңіздер! Көңілімізді көтеріп, ән салып, би биледіңіздер! Рахмет! Жаңа жылды қатты  сағыныпсыздар. Солай ма? Балалар: Иә, иә...  қатты  сағындық! Жүргізуші:  Балалар, қадірлі  қонақтар, ата – аналар! Біз  көптен  бері  жаңа жыл мерекесін  күтудеміз. Құдайға шүкір, еліміз өркендеп, экономикамыз  дамып, қарыштап алға басып келеміз. Келе жатқан жаңа жыл да бізге жақсылық әкелсін! Мереке  құтты болсын ендеше! Қане, балалар, енді бәріміз  өз  орындарымызға жайғасамыз. Балалар  орындарына  отырады.   Жүргізуші:         Бүгін  таң  да  атқан  сын – ды  арайлы,Қар басыпты аппақ  мақта  маңайды.Жаңа жылды қалыппыз ғой  сағынып,Өткізіппіз  талай апта, сан айды. Біздің  арамызда ақын ағамыз (апамыз)  жаңа жыл мерекесіне арнап, өзінің жыр шумақтарын дайындап келген екен.  Бұл өлең жаңа жылымыздың «беташары» болсын! Ақын ортаға шығып, өлеңін оқиды. Жаңа жылда Қош келдің, сағындырып жаңа жылым,Бұрынғыдан өзгеше дала бүгін.Күміс күлкі шашырап әр аулада,Нұр сіміріп жатқандай  қала, қырым. Аппақ  қар тауды тасты қырларды ұрлап,Ақындар жатыр өріп жырдан шумақ.Ыза боп азу тісін шықырлатып,Сары шұнақ аяз да тұр қалшылдап. Тау асып шың үстіне шөкті күн де,Даланы қараңғылық өпті мүлде.Жуасып, көтерілмей жатыр «еріп»,Мұржадан тулап шыққан көк түтін де. Көшеде абыр  – сабыр, жанды шамдар,Күй күмбірлеп, шалқытты әнді ұландар.Масқарампаз күлдіріп, зыр жүгірді,Ас ішпеді кешкілік бал құмарлар. Уақыт мейіріммен үндесе ме,Ойыншық шыршаларға күнде өсе ме?Баяғы ертегінің кейіпкері,Бәрі де біздің бүгін жүр көшеде. Көңілді тұрып тұрып едік азанда анық,Арқаланып қайттық біз базар барып.Бүгінгі жұрт кеткендей жомарт болып,Жұрттың бәрі кеткендей ажарланып.Өтер  – ау басқа көш те, басқа  таң да,Биледі барын салып ақсақал да.Деп тұр ол: сирек келер қонақтар ғой,Мәз болсын Аяз ата, Ақшақар да! Балалар қол соғып, шулап, көңілдерін білдіріп жатыр:

  • Жарайсыз, ақын аға!
  • Жаңа жылды бізбен қарсы алыңыз!
  • Рахмет!

 Жүргізуші: Балалар, ақын аға құрметіне ән шырқап жіберелік! Ән орындалады.Жүргізуші: Мерекемізде Аяз ата, Ақшақар, Барыс, Қоян болмаса жаңа жылдың  сәні келмес еді. Солай ма, балалар? Балалар: Иә, иә... олар қайда жүр екен? Жүргізуші: Олармен кездесу  үшін «ертегілер еліне» саяхат жасайық, балалар! Ән  айтсақ, көңіліміз көтеріліп, жолымыз қысқармақ. Ендеше, ән айтайық! Балалар ән шырқайды.Залда көңілді музыка ойналады. Залға Спандж Боб енеді.Музыка ырғағымен қимыл жасап, балалардың  жанына келеді. Спандж Боб: Есенсіздер ме,балалар! Балалар:

  • Сәлеметсіз бе!
  • Аман саусыз ба?
  • Халіңіз жақсы ма?
  • Қазақ тілінде сөйлей алады екенсіз!

 Спандж Боб: Иә, балалар, қазақ тілі түркі тілдес елдердің ішіндегі ең әдемі, әуезді тіл. Сондықтан аз уақыттың ішінде меңгеріп алдым. Ал біздің ағылшын тілі – дүниежүзілік тіл ғой. Жарайсыңдар, балаларым, сіздердің жарқын жүздеріңізді көріп қатты қуанып қалдым. Бірақ мен араларыңнан Қоян досымды көре алмай тұрмын. Балалар шулап:

  • Досыңыз біздің арамызда!
  • Арамызда отыр!

 Қоян: Иә, иә... мен де достарыммен біргемін! Қоян алға жүгіріп шығады.Спандж Боб таңдана қарап:Оу, Қоян досым – ау, құлпырып кетіпсің ғой, түге! Қоян: Рахмет! Рахмет! Ел ықыласына бөлену деген осы! Кепшік, дабыл қағылған итарқы музыка үні естіледі Қисаңдап, аяғын шалыс басып, қарақшы көрінеді. Бет – аузын жүн басып кеткен. Мойнында дүрбі, бір аяғында бәтеңке, екінші аяғында қонышы жыртылған етік. Қарақшы тілін жалаңдатып, отырғандарға дүрбісімен қарайды. Қарақшы:  О, мін  – не керемет! Тіпті балалар да осында екен ғой. Мен таба алмай ойдан, қырдан іздеп...Дүрбісін бұрайды. Мәссаған, Қоян да Спандж Боб та осында екен ғой. Бір бала: Біздер жаңа жылды қарсы алмақпыз. Ән саламыз, билейміз! Қарақшы (таңданып): Е – е – е солай деңдер! Ендеше бұл менің жүретін жерім екен. Мереке бірге болсын! Спандж Боб: Бұл жерде саған орын жоқ. Сен мерекенің шырқын бұзасың!  Қарақшы:  Спандж  Боб, сен ақылды, мейірімді, ақ көңіл жан едің ғой. Мен ант  етем, ойын – сауықтарыңды бұзбаймын. Рұқсат етші қалуға! Спандж Боб: Балалар, бұған қалай қарайсыңдар!Қарақшының аты қарақшы  емес пе? Ойынның шырқын бұзса... Балалар:

  • Келіселік!
  • Ант етіп тұр ғой!
  • Бірге тойласын!

 Қарақшы:  Рахмет, балалар! Қандай ақылдысыңдар, қандай бауырмалсыңдар сендер! Ойындарыңа мені де қосыңдар! Жүргізуші: Қане, балалар, көңіл көтеру үшін ойын ойнап жіберейік! Жүргізуші балаларды екі топқа бөліп «Кенгуру» ойынын өткізеді. Ойын ережесі:Балалар допты тізелерімен қысып шыршаны айналып жүгіруі керек.Басты шарты: допты түсіріп алмау керек. Допты түсірмей шыршаныайналып шықса, сол адам жеңімпаз. Спандж Боб: Біздің елде  – Англияда шыршалар  биік, әрі әдемі өседі. Қарақшы:  Ал, біздің шыршалардың қасиеті өте қызық – ақ. Бір жағында   ойыншықтар өссе, екінші жағында алма, алмұрт, гүлдер өседі.Спандж Боб: Қойшы, ей, рас па? Спандж Боб шыршаның арғы жағына айналып кетеді. Қарақшы  қоянның желкесінен ұстап:Сенің етіңді жемегелі қай заман! Мұндай ұрымтал сәтті пайдаланып     қалуым керек. Қарақшы қоянды жібермей шырша маңынан жылыстай береді.Қоян: Құ – құ – құт – қар – ыңда – ар! Құтқарыңдар! Қарақшы (сұқ саусағын ерніне апарып):Тш – ш! Ақымақ болма, қылиым! Өшір үніңді! Спандж Боб естіп қалмасын! Қарақшы қоянды желкесінен қысқан күйі есіктен шығып үлгереді.Спандж Боб жете алмай қалады. Спандж Боб: Әй , алла – ай! Енді не істесем екен? Жан – жағына қарап, айқайлайды.Батырлар, қайдасыңдар! Иә, аруақ! Дабыл соғылып, ортаға батырлар шығады. Батырлар:

  • Қане, қане!
  •  Не бұйырасыз!

 Спандж Боб: Әлгі сенім білдірген қарақшымыз қоянды зорлықпен алып кетті. Биылғы жыл – Қоян жылы. Онсыз жаңа жыл мерекесі өтпейді. Қоянды қалайда  құтқаруымыз керек.   Батырлар шыға жөнеледі.Спандж Боб: Балалар, қоянды құтқару үшін Аяз атаның көмегі керек  – ақ! Аяз атаны шақырайық! Мүмкін боранда адасып жүрген шығар!Балалар:

  • Алақай, шақырсақ, шақырайық!
  • Қане, жабылып шақырайық!
  • Аяз Ата!
  • Аяз ата!

 Ішке Аяз Ата  және Аяз атаның  қапшығын арқалап Барыс кіреді. Аяз Ата:                         Боран  ұлып, қар борап,Адастым мен орманда.Аш қасқырлар алды орап,Көп кідірдім сол маңда.Бар ісімді өткеріп,Соқтым талай елдерге.Қиыншылық көп көріп,Әрең жеттім сендерге. Балалар:

  • Аяз Ата, қош келдіңіз!
  • Аман – саусыз ба!

 Жүргізуші: Төрлетіңіз, Аяз Ата! Аяз Ата: Қарағым, Спандж Боб, сені де осы жерден таптым, жолым болды.Жыл – Барыс қой. Менімен келді. Кезектегі Қоянға тәжін беруі керек емес  пе? Жүргізуші: Аяз Ата, қоянды орман қарақшысы зорлықпен  алып қашып кетті.Батырлар кетті соңдарынан. Аяз Ата: Менің жүрген жерім той, мереке ғой. Бұл қарақшы мені де қатты ренжітті, ендеше. Сиқырлы таяғымның құдіретімен бәрін де орнына келтіремін. Сендер де қапа болмаңдар! Аяз Ата (қызыл таяғын үрлеп):Сиқырлы таяғым, Қоянға көмектес! Осында келсін! Екі – рет қайталайды.Кепшік, дабыл қағылып, музыка ойналады.Залға  Қоян, қарақшы, батырлар кіреді. Аяз Ата:  Ойынды бүлдірмеуге ант етіп алып, артынша қарақшылығыңа қайта  басқансың ба?  Қарақшы: Ха –ха –ха! Ха –ха –ха! Бұл менің бабаларымнан жұққан  қасиет қой. Қастандық жасамасақ, ішкен асымыз бойымызға тарамайды. Ха –ха –ха! Хи – хи – хи!Аяз Ата қызыл таяғын аузына тақап, көзін жұмып, күбірлейді:Қатырып таста мына қарақшыныҚарақшы сол күлген күйінде қатып қалады. Қарақшының шырмауынан құтылған Қоян Аяз Атаға жақындап келеді. Қоян: Аяз Ата, қарақшы бір білместік жасаған шығар, дегенмен ең көңілдісәтіміз ғой, оны кешіре салсақ қайтеді? Аяз Ата таяғына әмір беріп,қарақшыны құрсаудан босатады. Қарақшы (жыламсырап):Балалар,кешіре көріңдер! Ағаттық жасадым. Сендердің  мерекелеріңе бөгет жасамайын. Баратын жерлерім көп еді. Қарақшы жаймен жылыстап, шығып кетеді. Спандж Боб: Балалар, Менің де бітірер шаруам бастан асып жатыр. Мен де кетейін. Қош, сау болыңдар! Спандж Боб көңілді музыка әуенімен қоштасып, шығып кетеді. Жүргізуші: Оу, бұл не тұрыс! Аяз Атаға өнерімізді көрсетейік!Балалар ән салып, би билейді.Аяз Ата  балаларға қапшығынан тәтті үлестіреді. Аяз Ата:        Уақыт зырлап тұрмайды, ә?Шешім керек мұндайда.Кешікті ғой Ақшақар,Сол немерем жүр қайда? Асыққан соң сүрініп,Қалды ма екен жығылып.Кетті ме әлде адасып,Боран болса тұр ұлып! Аяз Ата басын шайқап, мұңаяды.Зал ішін қатқыл музыка кернейді. Тарсылдаған дыбыс шығады. Көп ұзамай аңғал – саңғал болып қарақшы кіріп келеді. Қолындағы сандықшасын әрі–бері бұлаңдатып қояды. Аяз Ата:  Қолыңдағы сандықшаны тағы кімнен ұрладың?       Қарақшы: Мен...мен  ешкімнен де ұрлап алған жоқпын. Орман ішінде келе  жатқанда тауып алдым. Тұтқасында байланған хаты бар. Оны оқитын  менде сауат жоқ қой. Сендерге оқытайын деп алып келдім. Мүмкін маңызды нәрсе шығар. Әй, қойшы соны. Жолымнан қалмайын. Қарақшы қарқ  – қарқ күліп, шығып кетеді.Аяз Ата хатты ежіктеп оқып береді: «Жаңа мені қарақшы ұстап алып, сандықшаға салып қойды. Жылы залдың ішінде еріп, кішірейіп барамын.Тезірек құтқарыңдар!  Хат иесі: Аяз ата немересі Ақшақар.» Жүргізуші: Ендеше неге тұрмыз? Тезірек сандықшаны ашайық! Аяз Ата: Сандықшаны анау мұз үйшіктің үстіне қойсақ, бәрі де орнына келеді.            Қане, балалар, бір кісідей бірігіп дем үрлейБалалардың бәрі қосылып үрлейді: Фу! Фу! Фу!Мұз үйшіктің арғы жағынан Ақшақар шыға келеді. Ақшақар: Сәлеметсіз бе, Аяз Ата! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар қуана жамырап, жан – жақтан шулайды:

  • Қош келдіңіз, Ақшақар!
  • Аман – сау келдіңіз бе?
  • Біз көп уайымдадық!

 Жүргізуші: Балалар, Ақшақардың келу құрметіне өнерімізбен шашу  шашалық! Балалар Ақшақармен қол ұстасып, шыршаны айналып ән салады.  «Жаңа жылда» әні орындалады. Аяз Ата: Ал, балаларым, жоғымызды тауып, көңіліміз бірленіп қалды ғой. Өнерлеріңізді ортаға салып жатырсыздар. Маусымның  жаманы жоқ, әрқайсы–сының өз қызығы бар.  Қыстың орны ерекше ғой, шіркін!Ал, балалар, жаңа жыл, қыс туралы тақпақ жаттап келдіңдер ме? Балалар:

  • Иә, Аяз ата, иә.
  • Қазір айтамыз.

 

  1. бала:  

Әппақ қар айнала,Ақ мамық қайда да.Құлаштап кете бер,Шаңғыңды байла да. 

  1. бала:  

Демейміз тоңамыз,Көңілді боламыз.Алақай, балалар,Аққала соғамыз! 

  1. бала:  

Ауланы күрейміз,Асыр сап жүреміз.Тізеден қар кешкен,Ергежейлідейміз. 

  1. бала: 

Шығып ем үйімнен,Байқадым бүгін мен.Мұз сүңгі – люстра,Шатырға ілінген. 

  1. бала: 

Басыпты қар маңды,Күредім ауламды.Көз сорып аппақ түс,Таппадым тауларды. 

  1. бала: 

Аязды елеме,Дедім  мен Зереге.Әр үйде шырша тұр,Тоңа ма немене?

  1. бала:  

Қансонарда  із  – таңғы хат,Ақ парақты қар – кітап.Бейне тағып алыпты,Күміс кірпік   – әр бұтақ. 

  1. бала:

Аяз ата сәніміз,Шарықтайды әніміз.Қыдыр ата келгендей,Қуанамыз бәріміз.

  1. бала:

Барар жерің жырақ па,Жауап берші сұраққа.Болсайшы сен Ақшақар,Бізбен бірге бір апта.Аяз Ата:Ой,  балаларым, жарайсыңдар! Тақпақтарың тамаша екен. Енді мен сендердің ата – аналарыңды ойынға шақырамын. Қане, ата – аналар,ойын ойнайық! «Ұшты – ұшты» ойынын басталық.Ұшты – ұшты шар ұшты,Ұшты – ұшты  нар ұшты. т.б. Ережесі: қолдарын дұрыс көтермеген ата – ана өнерін көрсетеді.Ойын соңынан «вальс» ойналып, Аяз ата ата – аналармен билейді. Барыс (ортаға шығады): Мен Барыспын, Барыспын,Талай жанмен таныстым.Ізгілікті құптадым,Жамандықпен алыстым. Жалқауларға ермеңдер,Алға құлаш сермеңдер.Барыс жылы – жақсы жыл,Деді баға бергендер. Балалар, мен сендермен бір жыл тұрдым. Жақсылығымды аямадым.Көңілдеріңе саяладым. Енді мені басқа Жаңа жыл алмастырады. Балалар арасынан Қоян ытқып шығады. Қоян  Барысқа  қарап: Әуелден ормандағы таныс аға,Менімен қай жүйрігің жарысады, ә?Кемел елді көркейттің арманың жоқ,Орыныңды бердің сен, Барыс аға. Қалмастан өмір атты көштен аға,Ізгі ниет жандармен дос бол аға.Енді он екі жылдан соң табысамыз,Жортқанда жолың болсын, қош бол, аға! Қоян мен Барыс қол алысып, құшақтасады. Барыс: Қоянжан, балаларымды  және  басымдағы тәжімді саған  тапсырамын. Тәжін шешіп, Қоянға кигізеді.Қоян:Рахмет, Барыс аға! Балалар:

  • Жолыңыз болсын!
  • Қош сау болыңыз!
  • Сіз көп жылдан кейін оралғанда, көп  өзгерістер болады.
  • Онда біздердің есейгенімізді көресіз!

 Жүргізуші:Балалар, Барыс ағаға арнап ән салып  берелік! Ән орындалады.Барыс: Балалар, кездескенше! Аяз ата, Ақшақар, сау болыңыздар! Аяз Ата:Тоқтай тұр, Барыс! Екеуміз жолдас боламыз. Қазақ деген халықпыз,Талай лаулап жаныппыз. Кең далада                     көсілген,Еркін сайран салыппыз. Тау, тас, теңіз, орман, бел,Сізге сәлем жолдайды ел.Қазақ деген халықпыз,Көңіліміз сондай кең. Жаны – жомарт, жыр – нәрі,Көргенді қыз – ұлдары.Қазақ деген халықпыз,Мәрт мінез,нар тұлғалы, – дегендей ,сендер бақытты елдің ұрпақтарысыңдар! Ал, бақытқа жетер     жол  – оқу мен еңбек. Балалар, сендердің өнерлеріңді тамашалап, біразжасап қалдым.  Мені әлемнің сандаған қалалары күтіп отыр. Асығыспын. Сендерге Қоянымды қалдырып, Барысымды алып кетемін.Қош, сау болыңдар! Ақшақар: Балалар, мен де Аяз атамен бірге кетемін. Өйткені тағы да адасып жүрермін. Жаңа жылдарыңыз құүтты болсын! Балалар: Аяз ата, Ақшақар, Барыс аға! Жолдарыңыз болсын! Балалар оларды көңілді әуенмен шығарып салады. Жүргізуші: Балалар, қане, мерекемізді әрі қарай жалғастырайық! Балалар би билеп, ән салып, әртүрлі ойындар ойнайды. Жаңа жылға арналған кеш осындай қызық думанмен аяқталады.        ДОСТЫҚ  МЕРЕКЕСІ Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді музыка ойналуда. Жүргізуші:    Армысыздар, құрметті әріптестер, сүйкімді біздің бүлдіршіндер!  Бүгін  қазақ елінде үлкен той, яғни  «1 – Мамыр – Халықтар достығы» күні. Біздің Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олардың бәрі де бір кісінің баласындай  өте тату, бір үйдің жандарындай бірлікте тұрады.Сондықтан да біздің Қазақстан үнемі аршындап алға басып келеді.    Құрметті көрермендер, ата – аналар! Сіздерді Ұлы той – 1 – МамырХалықтар достығы  күні  мерекесімен құттықтаймыз! Мереке күнгі салтанаты мызға қош келдіңіздер! Жан біткенді қуантып,Гүлін өпкен, Мамырым.Мейірімге құмар қып,Нұрын төккен,  Мамырым. Кеші  – күлкі, таң мың ән,Бағын құрған, Мамырым.Кілем жайып шалғыннан,Сағындырған, Мамырым! Берекесін мың құттың,Анық көрген, Мамырым.Мерекесін бірліктің,Алып келген, Мамырым. Гүлін ырғап жайнаған,Мың құбылған, Мамырым.Түрлі құстар сайраған,Жырлы думан, Мамырым. Мерекеге дөп келдің,Мақтан етем, Мамырым.Соңғы айысың көктемнің,Әттең...әттең, Мамырым! И. Нүсіпбаевтың  «Мамыр келді,  май келді»  әні орындалады.Жүргізуші:   Қане, балалар, енді кім тақпақ оқиды?Оқушылар мерекеге арнап тақпақтар оқиды.1 – бала:      Мамырым арайлы,Күн күліп қарайды.Сағынып сен келдің,Қош келдің, жарайды!2 –  бала:  Жасантып алаңды,Жасартып ғаламды.Мамырым, тұр бүгін,Құшаққа ап даламды.3 – бала:  Тау, дала гүлденіп,Өзгеше түрге еніп.Сайрайды құс біткен,Бір ұшып, бір қонып.4 –  бала:  Айы бұл – шындықтың,Айы бұл – тың құттың.Айы бұл – достықтың,Айы бұл – бірліктің.5 –  бала:   Құйып сан баққа нұр,Әр жанды шаттандыр.Қазақтың жеріне,Төрлеші, Ақ Мамыр!6 –  бала:   Басылмай арының,Жайылсын жарығың.Көгершін самғасын,Әуеңде, Мамырым!7 –  бала:    Шуағы жағымды,Нұрлантқан таңымды.Жарты әлем тойлайды,Бірінші Мамырды!Жүргізуші:   Өте жақсы, балалар! Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіріп оқыдыңдар! Енді мен сендерге мынадай сұрақтар қоямын. Мұқият тыңдаңдар!Жомартпын, бай елмін,Үлгіге сай елмін.Достықты ту еткен,Айтыңдар, қай елмін?Балалар:     Қазақстан!Қазақстан! Жүргізуші:    Шығатын мыңдап ер,Талғамды, ынталы ел.Алыптың мекені –Табыңдар, бұл қай ел?Балалар:    Қазақ елі!Қазақстан!Жүргізуші:    Әскері қырағы,Жігерлі ұланы.Алтай мен АтырауАрасы – тұрағы.Бұл қай ел?Балалар:   Қазақ елі!Қазақстан! Жүргізуші:    Кең байтақ қазақ елінің өздеріңіз айтқандай, жері бай, елі –жомарт екен. Жер аумағының үлкендігі жөнінен әлемде тоғызыншы орында. Халқының саны – 16 миллионнан астам. Мұнда 134 ұлт пен ұлыс  тату – тәтті тұрады. Бүгін біздің мерекемізге бірнеше ұлт өкілдері қонаққа келіпті. Ұлттық киімдерін киген бірнеше ұлт өкілдері ойнақы музыка әуенімен ортаға шығады.Жүргізуші  (ұлт өкілдеріне қарап): Мақсатымыз? Ұлт өкілдері:   Достық! Жүргізуші :  Ұранымыз? Ұлт өкілдері:   Қазақстан алға! Жүргізуші :  Туымыз? Ұлт өкілдері:  Шапағын шашқан Күн!Қыранды көк байрақ! Бәрі Қазақстан туралы ән айтады. Қырғыз:  Аймағы шат, ырысты ел,Тау, құмды өлке, күміс көл.Кең жайлауда бір жүрген,Қазақтарға туыс – мен. Ол қырғыздың бір әнін орындайды. Ортаға өзбек шығады. Өзбек:Ұқсас түрім, тілім де,Ұқсас салтым, дінім де.Достығымыз мызғымас,Жалғасып тұр бүгінге. Ол сазды әуенмен «Өзбек биін» билейді.Орыс:        Куәсіміз көп істің,Қиын шақта болыстым.Қазақтармен көршілесӨкілімін орыстың.        Тақпағын  айтып  болған  соң, орыс  тілінде  бір  ән  орындайдынемесе би билеп береді .Грузин:Доссыз  жүрсем,  ауырам,Дос  келсе  егер,  сауығам.Тбилиси – астанам,Келдім  мен  Қап  тауынан! Бұл ұлттың өкілі «Лезгин  биін»  билейді.Түрікмен:Тәуелсіздік тұғырым,Сыйлағанның  құлымын.Қазақстан  көрші  елім,Мен  түрікмен  ұлымын. Түрікменше  ән  орындайды. Әзірбайжан:Ортақ  бізге  әр  ай, күн,Достықты  мен  қалаймын.Елім  Әзірбайжанда,Ассалаумағалейкум! Отырған  халыққа  иіліп  сәлем  береді.Әзірбайжан  дайындап  келген  нөмірін  орындайды. Ортаға  тәжік халқының  өкілі  шығады.Тәжік:         Астана  мен  Алматым,Душанбедей  жаннатым.Дәмі  тілді  үйірер,Шырын қарбыз, шәрбатым. Өзімен  бірге  алып  келген  қауын, қарбызын  отырғандарға  үлестіреді. Тәжік дайындап  келген  нөмірін  орындайды. Украин:         Дүрдараздық – сол қайғым,Бірлікті  мен  қолдаймын.Украина  елінен,Сәлем  сізге  жолдаймын! Жан  жүрегі  жаралы,Ал,  көңілі  қаралы.Ұлы  кобзарь  Тарасым,Тапқан  сізден  пананы. Ол  украин  биін  билеп  береді.Жүргізуші :  Айымыз  бір, күніміз бір,Жүрекжарды  үніміз  бір.Қара,  сары, ақ  түріміз  бар,Айтар  ортақ  жырымыз  бар. дегендей , бүгінгі  мереке  бәріміз  үшін  ортақ! Бәрі (хормен):

  • Бейбітшілік  жасасын!
  • Достығымыз  берік  болсын!
  • Ел  аман,  жұрт  тыныш  болсын!
  • Жойылсын  соғыс!

 А. Жұбановтың  «Ақ  көгершін»  әнін  орындайды.Жүргізуші :  Қыз  толысып,  бозбала  ер  жетуде,Заманым  адамзатты  тербетуде.Гүлге  орансын  көгілдір  планетам,Орнасын  бейбітшілік  жер  бетінде!Кездескенше  сау  саламат  болыңыздар!                                МЕРЕКЕҢМЕН, АНАШЫМ! Зал  мерекеге  сай  безендірілген. Қабырғада  бала  құшақтаған  ана  суреті.   «Мерекеңмен,  анашым!»  деген  үлкен  жазу,  ұшқан  құстар  макеті,  сары,  жасыл,  көк  түсті  шарлардан  гүл  құрастырып  ілінген. Көңілді  әуенмен  сәбилер  тобы  балалары  тізбектеліп  келіп  орындарына  отырады. Жүргізуші :  Құрметті аналар, әжелер, әріптестер! Сіздерді көктемнің алғашқы қуанышы  –  8 – Наурыз төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!Біздің бүлдіршіндеріміздің, яғни өздеріңіздің балаларыңыздың сіздерге арнаған  «Мерекеңмен,  анашым!» атты ертеңгілігін тамашалаңыздар!Мерекелік  шарамызды құттықтау сөзімен  ашып  беру үшін  балабақша  меңгерушісіне  сөз  береміз! Балабақша  меңгерушісі құттықтау сөз  айтады. И. Нүсіпбаевтің «Айналайын, ақ мамам!» әні орындалады. Осы кезде ән салып, Қызыл телпек кіреді.Қызыл  телпек:

  • Сәлеметсіңдер  ме,  балалар!
  • Ой,  қандай  әдемі  баласыңдар!
  • Қандай  құлпырып  кеткенсіңдер!

 Жүргізуші :  Қызыл  телпек , біздің  балалардың  барлығы да  әдемі,  ақылды,  ал  бүгін  ерекше  көңілді.  Себебі  олар  аналарының  мерекесіне  өз  өнерлерін  сыйға тартпақшы. Қызыл  телпек:Иә,  бүгін  көңілді  мереке.  Мен  де  әжемді  мерекесімен  құттықтауым  керек. Бірақ  әуелі  мына  әдемі,  сүйкімді   балалармен  билегім  келіп  тұр. Бүлдіршіндер  «Гүлдер  биін»  билейді.Қызыл  телпек  те  олармен  қосылып  билеп  жүреді.Жүргізуші :  Балалар,  аналарымызға  арналған  тақпақтарымызды  айтып  берейік. 1 – бала:Баламыз  күй, ән  құмар,Кәмпит, шәрбат,  бал  құмар.Деген  сөз  бар  тәттірек,«Алып  анадан  туар!»2 – бала:Ана – жердің  жүрегі,Ана – елдің  тірегі.Бүгін  үлкен  мереке,Аналардың  гүл  өңі.3 – бала:Тәуелсіздік  – теңдігім,Қуанышты  келді  күн.Құттықтаймын,  анашым,Мерекеңмен мен  бүгін.4 – бала:Есейерміз  ертең  біз,Сан  арманға  жетерміз.Аналардың  ақ  сүтін,Ақтай  алар  ма  екенбіз!?5 – бала:Деп  тілейміз  бәріміз,Атсын  нұрлы  таңымыз.Құтты  болсын  мереке,Сегізінші  наурыз! Осы  кезде  музыка  қатулана  түсіп, залға  Қасқыр  кіріп  келеді.Қасқыр  тілін  салақтатып,  жан – жағына жалаңдайды. Қасқыр:  Мен  Қызыл  телпекті  іздеп  жүрмін. Иісінен  сезіп  тұрмын, ол осында. Ол  осында.  Әлде  келіп  кетті  ме  екен? Мен  оны  ұстап  алуым  керек.  Қайда? Қайда? Оқыс  қимылдармен  жүріп  ырылдайды.Қызыл  телпек  балалардың  арасына  жасырынып  қалады. Қызыл  телпек: Көбелектер, құтқарыңдар мені! «Көбелектер  биін»  билеп,  ортаға  қыздар  шығады.Қасқыр таңданып  басын  шайқайды, оқыс  отырып, тұрады.Аңдып  жүріп, би бітісімен Қызыл  телпектің  қасына  жетіп  келеді. Қасқыр: А, міне,  өзіңе  жеттім  бе? Менің  қарным  ашып  тұр. Мен  сені  жеймін! Қызыл  телпек: Ей,  қасқыр – ау,  балалар  аналар  мейрамын  тойлауда.  Қане,  өнерін  тамашалайық!Олар  аналарына  арнап ән,  тақпақ  айтады. Мен  де  әжемді  құттықтауым  керек. Тамашаға  қатысып,  ойын  ойнайық.Қасқыр:Егер  балалардың  өнері  маған  ұнаса,  онда  мен  саған  тимеймін!Жүргізуші :  Қане,  балалар,  олай  болса,  ойын  ойнайық! «Кешігіп  қалма!»  саз –  әуендік  ойыны  ойналады. Жүргізуші :  Балалар,  қараңдаршы,  бүгін  біздің  әжелеріміз  де  әдемі  болып,  жайнап  кетіпті. Қане,  оларға арнаған  ән, тақпағымызды  айтайық! 1 – бала:Бізді  ылғи құшады,Кеудесіне  қысады.Кіп  – кішкентай  әженіңҚандай  үлкен  құшағы! 2 – бала:Пейілі  қандай  кең  еді,Ертегі  ме  керегі?Дүңгіршекке  барғызбай,Әжем  кәмпит  береді. 3 – бала:Тың  ғой  олар  әлі  де,Сүйенбесін  дәріге.Ұзақ  ғұмыр  тілеймін,Әжелердің  бәріне!4 – бала: Әжеме  мен  еремін,Маржан  сөзін  теремін.Достарыммен  би  билеп,Ән  де  салып  беремін. 5 – бала:Бірге  олармен  жанымыз,Ортақ  жайған  дәміміз.Әжелердің  бәрінің,Туған  айы – наурыз! «Әжеме»  әні орындалады. Әні: Н.Тілендиевтікі. сөзі: Қ. Мырзалиевтікі. Жүргізуші :  Біздің  ұлдарымыз  да  өте  өнерлі.  Олар  қазір  би  билеп  бередіБи  «Робинзон» Жүргізуші :  Балалар,  күншуағын  шашып,  көктем  келді.  Құстар  сайрап  жатыр.Айнала  түрлі – түсті  боялып,  әдемі  күйге  енді. Көктемнің  көңілді  мерекесіне тамаша  ән  орындайық! «Көктем  келді»  әні  орындалады. Ән  айтылып  болғаннан  кейін  Қызыл  телпек  өзі  алып  келген  себеттің  бетіндегі  жапқышын  ашып,  ішіндегі  әр  түрлі  гүлдерді     балаларға  сыйлайды. Балалармен  қоштасып,  залдан  Қасқыр  екеуі  шығып кетеді.   Балалар  гүлдерді  аналарына  сыйлайды.   Жай  екпіндегі  музыка  естіліп тұрады. Жүргізуші :  Болсын  дейді  балалар,Бақытты  өмір,  береке.Әжелер  мен  аналар,Құтты  болсын  мереке! Осымен  көктемнің  алғашқы  мерекесі – 8 – Наурызға  байланысты әже,  аналарымызға  арнаған  тамаша  концерттік  бағдарламамыз  аяқталды!  Көріскенше  күн  жақсы  болсын!«ЗЕРДЕ»  ОЙЫНЫ. Екі  топ  төрт баладан  бөлініп  қарама  қарсы  отырады. Әр  топтың  алдында  ойынға  керекті  құрал – жабдық  қойылған үстел. Ойынға  қажетті  құрал – жабдықтар: қағаз,  қарындаш, қалам,  сызғыш.Жүргізушінің  қолында  қоңырау.Ол балалардың назарын аудару үшін әр сөзін қоңырау соғумен  бастайды. Жүргізуші:Білім  күшін  ұран  қып,Қазір  сұрақ  беремін.Бүгін  таңдап  шығардық,Зеректердің  зерегін. Тапқышбектер                           білеміз,Жақсы  ұпай  ала  алар.Сәттілік  біз  тілейміз,Сайысушы  балалар! Жүргізуші:Құрметті,  көрермендер!  Енді  сайысатын  топтармен  таныстырып  өтейін.  Оң  жақта  жайғасқан  «Ай»  тобы. Ал,  сол  жақтағылар  «Күн»  тобы.Ендеше  екі  топтың  басшыларын  ортаға  шақырамыз. Топ  басшылары  ортаға  шығады. «Ай»  тобының  басшысы:Сұрақтарды  қосылып,Тырысамыз  шешуге.Қалсаң  егер  тосылып,Көрерменім,  кешірме. «Күн»  тобының  басшысы:Құр  бекерге  төс  кермей,Біз де  қарсы  тұрамыз.«Ай»  тобына  дес  бермей,Озып,  алға  шығамыз. Топ  басшылары  орындарына  отырады. Әдемі  музыка  ойналады. Жүргізуші:Бірінші  сұрағым  екі  топқа  да  бірдей. Алдарыңыздағы  параққа  «Қ»  әрпінен  басталатын  сөздерді  тізесіздер.Кім  көп  жазса,  соның  ұпайы  көп  болады. Екі  минут  уақыт  беріледі. Залда  жеңіл  музыка  ойналып  тұрады. «Ай»  тобының  жауабы:                       «Күн»  тобының  жауабы:         Қара                                                              ҚұранҚарбыз                                                         ҚұралҚотыр (күлкілі)                                           ҚалампырҚоңыр                                                          ҚамшыҚораз                                                            Қамыр                                                                      Қорықтық Жүргізуші: «Ай»  тобы  бес  сөз  жазған  екен. Ендеше 5 ұпай  жинады. «Күн»  тобы  алты  сөз  жазыпты. Олар  6  ұпай  жинады. Көрермендер  ду  қол  шапалақпен  ойыншыларды  қолпаштайды. Жүргізуші:Келесі  тапсырма:  «А» әрпінен  басталатын  сөздерді  тіземіз. Бұл  ойынның ерекшелігі   – сөздер  «А»  әрпінен  басталып,  «А»  әрпіне  аяөталуы  керек. «Ай»  тобының  жауабы:                       «Күн»  тобының  жауабы:         Ара                                                               АлқаАрна                                                             АсаАлша                                                            АласаАлаша                                                          АрқаАраша Жүргізуші:«Ай»  тобы  бес  сөз  жазған  екен, олай болса 5 ұпай  жинады.«Күн»  тобы  төрт  сөз  жазыпты. Ендеше  екі  топтың  да  ұпайлары  теңесті. Енді  топтарға  бөлек  таптсырма  беріледі. Жұмбақ  жасырамын.  Берілетін  уақыты – 2 минут. «Ай»  тобына:Төрт  аяқты,Бес  табанды  жануар,Іздесеңіз , төрт  түліктен  табылар!                             (Жауабы:  Түйе. Бесінші  табаны: төсі) «Күн»  тобына:Бес  жолменен  жүреді,Бар  әуенді  біледі.                             (Жауабы:  Нота) Екі  топтың  басшылары  да  жауаптарын  тез  табады.Жүргізуші  екі  топтың  да  ұпай санын  хабарлайды. Жүргізуші:Балалар!  Қадір  атамыз  бір  жаңылтпашында «Шеше, кеше  неше  кесе  сынды»  деп  бастаған  екен. Сол  сияқты  сендерге  қазір  бір  есеп  беріледі. «Ай»  тобына  тапсырма: Топтарыңдағы  төрт  балаға  3 алма  беріледі.  Осы  алмаларды  тең  қылып  бөліп  алу  үшін  не  істер  едіңдер? Жауабы:  Әр  алманы  төртке  бөліп,  әрқайсысы  үш  – үштен                                       бөліп  алады. «Күн»  тобына  тапсырма:Мараттың  екі  балапаны,  екі  лағы,  бір  көжегі  бар. Бұлардың  бәрінің  аяқтары  нешеу?Жауабы:   Он  алты. Жүргізуші  екі  топтың  да  ұпай санын  хабарлайды.Жүргізуші:Енді  мынадай  тапсырма  беріледі: «Ай»  тобына:Таблоға  мынадай  есептер  жазылады:5 + ? =  8          3 +  ? = 9         8 – ? =  3        7 –  ? = 1«Күн»  тобына:Таблоға  жазылған  есептер:3  +  ?  =  10      4  +  ?  =  8      8 – ?  = 3       9  –  ?  =  5 Жүргізуші  екі  топтың  да  ұпай санын  хабарлайды.Жай  екпінде  музыка  ойналады.Жүргізуші:Балалар,  ерте,  ерте,  ертеде,  ешкі  жүні  бөртеде  бір  үш  көзді  айдаһар  болыпты. Ол  кәрі  адамдардың  еті  қатты  деп,  балалардың  еті  тәтті  деп  үнемі  ауылға  келіп,  ата  – аналарды  жылатып,  балаларын  алып  кетеді  екен.  Бүкіл  елдің  адамдары  жабылса  да,  әлгі  айдаһар  әл  бермепті.  Бір күні алыстан  Дәуір атты шал келіп, былай деп ақыл айтыпты. Дәуір атты шал:Айдаһарды күшпен ала алмасымыз белгілі.Ендеше менің сөзімді тыңдаңдар.Оның осал жері – көздері. Көздерінің сырын ұғып, бір ай шыдасақ, айдаһар дың өзі – ақ құса болып өледі. Оның көздері үш түрлі.Үшеуін кезек – кезек ашып тұрады. Қызыл көзін ашса, бәріміз де тұра қалуымыз керек. Сары көзін ашса, жүруге дайындық жасаймыз. Ал енді жасыл көзін ашқанда, алға қарай жүріп кетуіміз керек, депті. Ауыл адамдары бір ай бойы осы тәртіпке бағыныпты.Айдаһар әуелі пысқырыпты, сосын ысқырыпты. Ақыры тілінен жалын атып, жанталасып өліп қалыпты. Жүргізуші: Балалар, қашанда да ауызбірлік жақсылыққа жетелейді. Сөйтіп ауыл адамдары ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетіпті. «Ай» тобын ортаға шақырамын. Жүргізуші бағдаршамды бейнелейтін, көздері жанатын ойыншықты пайдаланады. Топқа  «Дайындалыңдар!»  деген белгіні қоңырау үнімен береді. Сөйтіп қызыл, жасыл, сары «көздердің» бұйрығымен ойын басталады. Келесі «Күн» тобын ортаға шақырып сынақтан өткізеді. Ойын біткен соң жүргізуші қорытынды жасап,екі топтың ұпай санын жариялайды.Жүргізуші:Енді, балалар, тағы бір ойын ойнаймыз. Шарты мынадай: Мен өлеңнің бірінші  жолын айтамын, ал топтағылар келесі жолын жалғастыруы  керек. Ұйқастың мағынасы  сай келіп, өлең жолдарының көркін ашып  тұруы керек. Мысалы:  «Бек айнаға қарады,»  десем,                 «Тарақпен шаш тарады » деп жалғастыруға болады.  Көрермендерге қызықты болуы үшін күлкілі жауап берілуі шарт. Мысалы: мен«Бек айнаға қарады» дегенде,«Басы қышып барады» десе күлкі тудырары анық қой.Я болмаса,Шауып келдім  есекпен,Атқылама кесекпен.(немесе : сен тұрмапсың төсектен) деп ұйқастырамыз. «Ай»  тобына:Ұрып едім Тұрышты,(Тәрбиешім ұрысты.) Қораз таңда шақырды,(Бітті демі ақырғы.) Бұл көшеде достары аз,(Төбелесті қос қораз.) Қашып кетті танаң,(Деп ұрысты мамам.) «Күн»  тобына:Жығып кетті тайым,(Үркіткен соң Сайын.) Мініп алып құланды,(Басып кеттім жыланды.) Ауырғанда құлағым,(Бүгін қатты жыладым.) Мен сабаққа бармадым,(Босқа көше шарладым.) Ойын аяқталған соң екі топтың ұпай сандарын шығарып, жеңімпаздарды анықтайды. Топтарға сыйлықтар беріледі.Жүргізуші:Сөз мәйегін теріңдер,Білім нәрін еміңдер.Келесі бір «Зердеге»Дайындалып келіңдер.  Кім мұндайдан құр қалар,Көңілдері нұрланар.Сайыстардан осындай,Ой – жүйеңіз шыңдалар! Көңілді музыка ойналады.Жүргізуші «Зерде» ойынының аяқталғанын хабарлайды.                                АЛТЫН КҮЗ МЕРЕКЕСІ Зал іші күз мезгіліне сай безендірілген. Сахна пердесіне әртүрлі жапырақтар жапсырылып, айналаға көрік беріп тұр. Төрге  қойылған  тақтарда – Күз Ханшасы және оның үш баласы: Қыркүйек,Қазан, Қараша отырады.  Қастарында қолына шиыршықталған хат –хабарлама ұстап тұрған хабаршы.Сахнаның екі жағына қатысушыларға арнап орындықтар қойылған. Хабаршы:Бәріңе! Бәріңе! Құлақ салып тыңдаңыздар!  Бүгін  Күз Ханшасы және оның балалары –Қыркүйек,Қазан, Қараша бәріңізді күзгі бал кешіне шақырады! Ханшайымның бұйрығы бойынша барлық қонақтар  ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңілмен кешті тамаша өткізуі керек. Қазір ортаға  «Балауса»  патшалығы сарайының ханзадалары мен ханшайымдары келіп тұр. Қарсы алайық! Көңілді әуен ойналады.  Балалар бір қыз бен бір ұлдан қол ұстасып залға кіріп, орындықтарға жайғасады. Олар орналасқан соң хабаршы алға шығады. Хабаршы:Шақыралық ізгі жанды,Келер сонда сәніміз.Бірге өткізіп күзгі балдыҚуаналық бәріміз!Әуен ойналады. Осы кезде есік жақтан айқай– шу естіледі. Балалар:

  • Мұнда кіруге болмайды!
  • Біз ойын – сауық өткізіп жатырмыз.

 Күз Ханшасы орнынан тұрып, есік жаққа қарайды. Күз Ханшасы:Біздің мерекеміздің шырқын бұзуға кімнің батылы жетті екен? Кім бұл? Хабаршы есік жаққа жүгіріп кетеді. Бірақ ішке кіруге рұқсат бермегеніне қарамастан, бір адам бірден ханшайымға қарай бет алады. Бұл бау – бақшада  құстарды үркітіп тұратын қарақшы еді.Ол Күз Ханшасына  жақындап келіп, оң қолын жүрек тұсына апарып, иіліп тағзым етеді. Қарақшы:Біздің Алтын Күз ханшамыз! Бір ауыз сөзім бар. Айтуға рұқсат етіңіз!Қарақшы тағы да иіледі.Күз Ханшасы:Сен  кімсің? Қайдан жүрсің? Қайда барасың? Күзгі балға  алба – жұлба болып киініп келгенің не? Қарақшы:Мен әрқашан да  осылай киінемін. Бақта да, далада да бәрі менен қорқады. Хабаршы:Күз ханшасына дұрыс жауап бер жұмбақтамай! Осы кезде Қарақшы қалтасынан жапырақтан жасалған бет орамалымен көзінің жасын сүртіп, мұңайып қалады.Қарақшы:Мен ешқандай жалқау да, жұмыссыз да емеспін. Мен бау– бақшаның еңбекқор қорғаушысымын. Қыста да, жазда да дем алмай жұмыс жасаймын. Менің жалғыз досым бар. Ол – жел. Жел болса, билеймін, ешкімге тимеймін.Тамақ та жемеймін, ұйықтамаймын да. Куәлер де бар. Құстар, айтыңдаршы, мен сендерді бақшадан қуамын ғой, иә? Құстар:Қуасыз. Иә, қуасыз! Қарақшы:Өсімдік атаулы, айтыңдаршы! Мен сендерді қорғаймын ғой? Өсімдіктер:Бізді қорғаймын деген  желеумен  бағымызға көрік беріп , әдемі әуенімен сайрап тұрған бұлбұл атаулыны құрттыңыз емес пе? Қарақшы үндемей мүләйімсіп қалады.Күз Ханшасы:Жарайды. Бәрі де түсінікті болды. Сен бұларға ренжіме. Біздің мерекемізге қатысып, қонағымыз бол! Отыр. Мүмкін біздерден үлгі –өнеге  алып, өміріңізді өзгертерсіз. Қарақшы басын иіп, құстар отырған жерге отырады.құстарға қарап: Кыш! Кыш! –деп қояды. Қыркүйек (Күз ханшасына қарап):Ардақты анамыз! Біз сіздің балаларыңыз, осы мерекеде өнерімізді көрсетіп, Сізді қуантқымыз келеді.  Күз Ханшасы:Мерекені бастауды кешіктіріп алдық.  Ендеше күзгі баллды ашық деп жариялаймын!  Балаларым, өздерің бастаңдар! Қыркүйек:Мынау сөздің түйіні–Қою бұлтты жүздіріп,Үстімде жаз киімі,Әкелгем жоқ ызғырық. Ей, жолаушым, келе кет,Ауқат ішіп әлденгін.Жаңбырымды себелеп,Қуаң жерге нәр бердім. Қыркүйек:Мен енді ән орындап берейін! «Күзгі жапырақтар» әні орындалады.Күз Ханшасы:Жарайсың,Қыркүйек! Әнің көңілді, жақсы екен! Ал, Қазан, сенің қандай өнерің бар?Қазан:Бұлттың түсі өзгеріп,Дер: сыздап тұр желінім.Орыңдаршы тез келіп,Жайқалып тұр егінім. Шуды азайтты орман, көл,Түсті дәні беденің.Таңым суық болғанмен,Түсте жаз боп кетемін. Мен болсам керемет би билетемін. «Жапырақтар» биі биленеді.Күз Ханшасы:Тамаша! Жарайсың, балам! Биің керемет екен! Осы кезде құстардың шиқылдаған дыбысы шығады. Күз Ханшасы:Бұл жылы жаққа ұшып бара жатқан құстар  даусы. Өзі сондай мұңды ғой! Қазан:Жоқ, бұл жылаған дауыс емес. Бұл туған жерлерін қимай, ұшып бара жатқан құстар үні. Күз Ханшасы:Құстар, сендер қайғырмаңдар! Көктем, жаз бойына ән салдыңдар. Сол әндеріңді тыңдайық. Ән айтыңдар! Т. Молдағалиевтің сөзіне жазылған Н. Тілендиевтің «Құстар әні» орындалады.Күз Ханшасы:Міне, жақсы болды. Енді, Қараша балам, сенің өнеріңді тамашалайық! Қараша:Өктемдігін байқатып,Күздің айы ақырғы.Тал біткенді шайқалтып,Жапырақты сапырды. Қатайды да жас шыбық,Бұлт бүркеді аспанды.Қырдағы шөп морт сынып,Орман жалаңаштанды. Ылықтырды қаншалық,Сабан тойлар – көп сауық.Келген құстар ән салып,Жылы жаққа кетті ауып.Қарақшы:Туһ, тоңып кеттім ғой. Өлеңіңнен ызғырық жел есіп тұр. Қайдағы боранды айтып, Күз ханшасының көңілін құлазытып  жібердің ғой. Кештің көңілді өтуі үшін мен азғана көмектесіп жіберсем қайтеді?Хабаршы:Ол сенің қолыңнан қайдан келсін! Сен жұрттың көңілін мына түріңмен қайдан көтермексің? Қарақшы:Мен бәрін білемін. Менің қолымнан бәрі келеді. Хабаршы:Даурықпа! Күз Ханшасы:Таласпаңдар! Бүгін бәріңе де өз өнерлеріңді көрсетуге мүмкіндік бар. Қане, Қарақшы, не келеді қолыңнан? Қандай ойың бар? Қарақшы:Мына  кешке қатысамын деп арнап келген қонақтарымыз балалар не дер екен? Олардың қолдарынан не келеді екен? Мен балаларға кезек беріп, солардың өнерлерін тамашаласақ па деп едім. Күз Ханшасы:Айтқаның болады, Қарақшы. Қане, енді балалардың өнерін тамашалайық! Хабаршы:Қане, балалар күзге арналған тақпақтарың бар ма? Балалар:

  • Иә, бар!
  • Әдейі арнап тақпақ жаттап келдік.
  • Тек Күз ханшасының рұқсатын күтіп тұр едік.

Хабаршы:Ал, ендеше, бастаңдар! Күз ханшасы рұқсат берді. 1 – бала:Бар  бойында  жүз белгі,Шайпау мінез, мұз демді.Ынтықтырып  біздерді,Алтын түсті күз келді.2 – бала:Сары масақтың мұрты шық,Неге тұнжыр әнші бақ.Ағаштардан тұр түсіп,Жапырақтар тамшылап. 3 – бала:Кетті таудан, қырдан әр,Құс азайды ән салатын.Көкте жүзді тырналар,Марғау қағып қанатын. 4 – бала:Тауы – ызғарлы, орманы – ық,Желі – күпті, жері – сыз.Қойнауына толған құт,Мақтан етем сені, Күз. 5 – бала:Күз әкелер бізге бақ,Күз – еңбектің дастаны.Күз – молшылық, күз – жомарт,Күз – береке бастауы. 6 – бала:Еңбек күйін қыздырған,Мыңдаған ұлт, мың ұлыс.Күз – мереке, күз – жыр, ән,Күз – сабантой, күз – ырыс. 7 – бала:Жыр – тақырып білгенге,Тау, тас, орман, түз, тақыр. Күз күйбеңдеп жүргенде,Қыр астында қыс жатыр. 8 – бала:Орып бердік, ал, қапта,Дегендей – ақ дән дайын!Кең егістік алқапта,Жүзіп жүр кіл комбайн. 9 – бала:Бұл алқаптың ерлері,Дала – еңбек төрі дер.Мақташының еңбегі,Күз айында көрінер.10 – бала:Маусым осы – гүлі аз,Түн мерзімін ұзартты.Қыс – аға да, іні – жаз,Бұл – ортаншы  ұл Күз атты. Күз Ханшасы:Бәрекелді, балалар! Қандай тамаша! Бәрің де шетінен өнерлі екенсіңдер. Мен риза болдым. Қарақшы:Маған бір ой келді. мына ханзада мен ханшайымдардың қайсысы жылдам, епті екен, соны сынап көрсек қайтеді? Күз ханшасы, сіз қалай қарайсыз? Күз Ханшасы:Сынасақ, сынайық. Не істегің келіп тұр? Қарақшы:Балалармен ойын өткізсек деп едім. «Қаппен жүгіру» ойыны өткізіледі. Ойын аяқталған кезде Қарақшы жеңімпаз болған баланы хабарлап, ойын нәтижесін жариялайды. Күз ханшасы соңында орнынан тұрып ортаға келеді. Күз Ханшасы:Біз бүгін «Күзгі балл» мерекесін тойладық.Иә, балалар, мен әртүрлі болып өзгеріп отырамын. Кейде көңілсіз, кейде күндей жарқыраған  ашық, кейде бұлтты болып, түнеріп тұрамын.Бірақ мен бақыттымын. Себебі сендер менің сұлулығымды, тіпті ақкөңіл, аңғалдығымды, ақылдылығымды ұнатып қалыпсыздар. Сол үшін де мен қуанамын. Осы мерекеге қатысып, өнер көрсеткендеріңе рақмет айтамын.  Хабаршы:Балалар, олай болса, Күз ханшасына арнаған әнімізді орындайық! Балалар хормен «Күзде» әнін орындайды. Сөзі: С.Баязитовтікі.Әні: К. Ыбрайұлынікі. Қоңырау боп сылдырлап,Алақай – ау, күз жетті.Қурап түскен гүл  құрақ,Әсем жазды іздетті. Жабырқасақ, жазды ойлап,Сәнді екен – ау сары күз.Оқу оқып, доп ойнап,Мәз боп жүрміз бәріміз. Тек тырналар тізбегі,Төбемізден өткенде.Қимай қалдық біз де оны,Тез орал деп көктемде.  Барлығы «Күзгі вальс» әуенімен вальс билейді. Хабаршы:Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Күз мерекесіне арналған кешіміз осымен аяқталды. Келесі күзде кездескенше!БАСТАУЫШЫМ – БАЛБҰЛАҒЫМ Бастауыш сыныппен қоштасу кеші. Зал мерекеге сай безендірілген. Жаймен музыка ойналып тұрады.Залға ғарыштан келген құлтемір- қонақ кіреді. Құлтемір - қонақМен – мен қайда тап болдым? Қандай елге, қандай мерекеге келдім? Маған кім түсіндіреді екен? 1 –жүргізуші:Сіз Қазақстан жеріне, Ақтау қаласына келіп қондыңыз. Бүгін №21 мектепте бастауыш сыныппен қоштасу мерекесі өтіп жатыр. Мектеп – алып кемеміз,Білім алып келеміз.Қош келдіңіз, ендеше,Біз достыққа сенеміз. Болсын дейміз жолыңыз,Марқайыңыз, толыңыз.Ал, ғарышкер ағамыз,Бүгін бірге болыңыз. Балалар:

  • Қош келдіңіз!
  • Бізбен бірге тамашалаңыз!
  • Кейін қайтуға  асықпаңыз!

 2–жүргізуші:Гүл жайнаған мектебім,Жас шыбықтай көктедім.Білім нәрін біз алдық,Күлімдесін көкте күн. 1 –жүргізуші:Ширықтырып, шыңдайсың,Әр көңілде – нұрлы айсың.Құшақтағым келеді,Құшағыма сыймайсың. 2 –жүргізуші:Құрметті ұстаздар, қадірменді ата – аналар! Бүгін сіздер бастауышпен  қоштасу салтанатына жиналып отырсыздар. Алдарыңызда тұрған балалар  төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған кішкентай бүлдіршіндер еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш сыныпты аяқтап, ортаңғы буынға қадам басқалы отыр. 1 –жүргізуші:Бізді өсірген жетектеп, арқалап та,Ұшқын шашып дем берген жан – қанатқа.Қош келдіңіз, қадірлі ұстаздарым,Қош келдіңіз, ата –ана, салтанатқа.Сонымен, «Бастауышым – балбұлағым» атты бастауышпен қоштасу кешін бастаймыз. 2 –жүргізуші:Ендеше сахнаға өнерлі балаларды шақырайық! 1 – оқушы:Шығармыз талай – талай жолға әлі де,Кезігерміз өмірдің мол дәміне.Соңғы биі биленер бастауыштың,Бүгін, міне, шырқалар соңғы әні де. 2 – оқушы:Тыңдап ұстаз ақылын, мақұлдаймыз,Тоқтамаймыз, жанамыз, лапылдаймыз.Орта сыныпқа өтеміз, міне, бүгін,Болащаққа бір қадам жақындаймыз.3 – оқушы:Деген бар: «Білімменен бақ үстелер,Жақсының шарапатын әр істе көр!»Бір ұстаз сабақ берсе бастауышта,Ертең – ақ көп мұғалім дәріс берер.4 – оқушы:Білім жамап ілгері сан аттаппыз,Ұстазға арнап бүгін  ән айтпақпыз.Білім негізі – бастауыш деген сөз бар,Сіздерді біз де жерге қаратпаспыз.5 – оқушы: Жүргенде балақ түріп, жарысып біз,Жатыпты қыс, жаз, көктем ауысып күз.Төрт – ақ жыл дегенменен бастауышты,Бірталай оқулықты тауысыппыз. 6 – оқушы:Бастауыш – емес қой бұл сынақ ақтық,Ұстаздар бойға құйған ұлағат – құт.«Баланың ісі – шала» деген бар ғой,Жасасақ кешіріңдер, бір ағаттық. 7 – оқушы: Таң атып, күнге құшақ жайғанда маң,Ақ парақта жүзетін қайран қалам.Жанарымыз нұр шашып қуанушы ек,Ұстаздың жүзін көріп жайраңдаған. «Ұстазым» әні орындалады. 8 – оқушы:Ұстазым, бүгінгі күн күйің қандай,Көңілге өзгеше мұң құйылғандай.Салтанатты мереке дегенменен,Өзіңізбен қоштасу қиын қандай. 9 – оқушы: Жатқандай күн көпіршіп, таң сылынып,Көрермен шәкірттердің жан сырын ұқ.Кешіміз жалғасады әрі қарай,Отыралық күй кешіп, ән сіміріп. 10 – оқушы:Ұстаздың жазы да аңыз, қысы да аңыз,Өмірі  оның  – өнеге, қызығамыз.Мол мейірім, көңілге шуақ төккен,Сіздерге біз ән – гүлін ұсынамыз. Ұстаздарға арналған ән айтылады. 11 – оқушы:«Ұстаз»  сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні – өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге, өмір сүруге  үйрету, жақсылыққа тәрбиелеу дегенді білдіреді. 12 – оқушы:Ғарышкер аға, мектепке, ата – аналарға, мұғалімдерге арнаған шумақтарымыз ұнады ма? Сіздің өз ғаламшарыңызда оқу мәселесі қалай? Айтып беріңізші, білгіміз келіп тұр!? Құлтемір - қонақБі – біз үл – кен ғаламшарда тұрамыз. Жер шарынан көптеген айырмашылығы бар. Сіздердің әсем табиғаттарыңыз– өзен – көлдеріңізді,тау– шыңдарыңызды,Жап – жасыл орман – тоғайларыңызды көріп таң тамаша қалдым. Бағзы бір замандарда біздің ғаламшар да осы жер сияқты болған деседі.Кейін адамдардың оспадар қимылдарынан экологиялық апаттарға ұшырап, тақырғаайналған. 12 – оқушы:Аянышты екен! Сонда не болды? Құлтемір – қонақ:Біздер ғаламшарымыздың бетінен 70 м.тереңдікте өмір сүреміз.Өйткені күндіз 80 градус ыстық, ал түнде 60 градус қатты аяз болады. Балалар:

  • Адамдар қалай өмір сүреді?
  • Балалар қалай оқиды?
  • Қалай күйіп қалмай жүрсіздер?

 Құлтемір – қонақ:Сіздердей жер бетінде алшаң басып жүре алмаймыз(өксиді).Бір қызығы, бізде мектеп атаулы жоқ. Бізде адамдар ғаламторлық жүйемен, үйінде отырып білім ала береді.Тағы бір айта кететінім,біздің көп мүшеміз – темір. Балалар:Не-е? Өкінішті – ақ екен! Құлтемір – қонақ:Иә, мысалы, жүрегіміз қымбат материал – алтыннан жасалған.Әрине, бізде ғылым сіздердікінен әлдеқайда ерте дамыған. Балалар:

  • Ғарышкер аға, неше балаңыз бар?
  • Сіздерде көп балалы деген ұғым бар ма?

 Құлтемір – қонақ:Осы сұрақты қоймаса екен деп едім. Бірақ шындықты жасырмайын. Біздерде, кешіріңдер, бала атаулы жоқ. Құлтемір - қонақ селкілдеп кетеді.Ме – ен жылай алмаймын.             Тағы селкілдеп кетеді.Айттым ғой, біздер құлтемірміз деп. Өзімізді өзіміз жасаймыз.Сондықтан бізде әйел, еркек деген ұғым жоқ. Ей, жер бетіндегі пенделер, сендер шексіз бақыттысыңдар.жар таңдап, бала сүйесіңдер. Оларды тәрбиелейсіңдер, ержеткізесіңдер, бәрі қызық. Әттең, тек өмірлерің ғана қысқа. Балалар:

  • Сіздерде қалай?
  • Қатты жабырқап кеттіңіз ғой!

 Құлтемір - қонақ:Иә, иә... бізде өмір сүру дағдысы өзгеше. Аздаған жылдардан кейін біздер жер бетіне қол ұшын беру үшін қайтып келеміз. Кім біледі, мүмкін алтын жүрек әкеліп, сіздерге салып берерміз. Балаларға қарап, еңкейіп күлімсірейді. Қане,олай болса, алғашқы кезек кімге келер екен? Балалар (жамырап):

  • Апайлар мен ағайларға!
  • Ұстаздарға!
  • Ата – аналарға!

 Құлтемір - қонақ:Міне, міне... адамгершілік деген осы!Иә...Думандарыңды жалғастыра беріңдер! Мен көріп тамашалайын. 1 – жүргізуші:Ғарышкер аға, мына  әніміз сізге арналады. Өнерпаздар ортаға шығып, өз өнерлерін көрсетеді. 1 – оқушы:Бейбітшілік ұраны,Біз жас елдің ұланы.Жарқын жүзді ұстаздар,Сіздер – өмір шырағы. 2 – оқушы:Сан шәкіртті түлеткен,Өнегесін жыр еткен.Ұстаздарға мың алғыс,Әр жүрекке гүл еккен. 3 – оқушы:Қаншама қиындықпен таңды атқызып,Сан мұрасын бабалар жалғастырып.Келесіңдер рахмет, әз ұстаздар,Бойларыңнан есіліп бар жақсылық. Концерттік номер орындалады. 2 – жүргізуші:Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Өзге бір мамандықты таңдасамда,Мейлі мен биік ұшып, самғасам да.Өнегелі өмірге жетектеген,Алғашқы ұстаз ыстық – ау әрқашан да. 1 – жүргізуші:Алғашқы ұстаз! Сіз қандай құрметке де лайықтысыз. Келесі әніміз Сізге арналады.Концерттік номер орындалады. 1 – жүргізуші:Балалар, қане, енді ойынға кезек берелік.Жүргізушінің ұйымдастыруымен бірнеше ойын ойналады. 2 – жүргізуші:Өнер биік төрлесін,Күміс күйлер гөйлесін.Қане, қабыл алалық,Ата – аналар сөйлесін. Сөз кезегі ата – аналарға беріледі. Оқушылардың орындауында Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыры» орындалады. 1 – жүргізуші:Құмарымыз қана ма?Ән салдық жаңа да.Кезекті берелік,Ғарышкер ағаға! Құлтемір – қонақ:Ал, оқушылар, ата – аналар, ұстаздар!Осынау бір жан тебірентер кешке қатысқаныма өте қуаныштымын. Біз ғарыш адамдары өз сезімдерімізді білдіре алмаймыз, яғни айтқанда сендер сияқты күле де, жылай да алмаймыз. Мұндай сәттерде  қатты – қатты  қозғалып кетеміз. Сіздерге  рахмет! Біздер ән салып, күй де шала алмаймыз. Мектептеріңде ... оқушы оқиды екен. Менің қуанатыным – көпшілігі  үздік оқиды  деп естідім.Осы үрдіс жалғаса берсін. Сендерге бақытты өмір тілеймін! Келесі келгенде бәріңізге де сыйлық ала келемін. Мен енді өз ғаламшарыма  аттанайын. Балалар:

  • Неге асықтыңыз?
  • Мерекеміздің соңы да  жақындап келеді.
  • Дайындаған дәмімізден ауыз тиіңіз!

 Ғарышкер:Рақмет, айналайындар! Сендердің тамақтарың біздерге ас болмайды. Кішкентай дәріміз бар,күніне біреуін аузымызға салсақ,жетіп жатыр. Қозғалып, кетуге ыңғайланады.Айналайындар, мен кетейін,себебі ертең біздің планетада Жаңа жыл мерекесін қарсы алу салтанаты болады.  Кешті мен жүргізетін едім. Асығыспын. Ал, сау болыңдар! Жақсы оқыңдар! Балалар:

  • Қош болыңыз, Ғарышкер аға!
  • Келесі жылы да келіңіз!
  • Бірнеше алтын жүрек ала келіңіз!

 Құлтемір - қонақ тағзым етіп, шегіншектеп, есіктен шығып кетеді.Балалар кешті әрі қарай жалғастырады.1 – жүргізуші:Әр таңды ақ ниетпен атырамыз,Бойын арман кернеген шат ұланбыз.Ал, енді алғашқы ұстаз құрметіне,Бәріңді жалпы биге шақырамыз.Вальс әуенінде би биленеді.2 – жүргізуші:Гүл бітсін жолдарына жүріп өткен,Жаны – нұр, дидары – жаз, үні – көктем.Сынып жетекшісіне сөз береміз,Шәкірттер санасына білім еккен. Сынып жетекшісі сөз сөйлейді. Оқушылар ән орындайды. «Бастауыш сыныппен қоштасу» Сөзі мен әні: К. Ыбрайұлыныкі. Тәртіпті болып, бестік алып,Дарыттық білім ойға анық.Дауылпаз соғып, кепшік қағып,Кешімізді тойлалық. Біз тәмамдаймыз бастауышты,Бесінші сыныпқа өтеміз.Жолдарды кешіп асқан ізгі,Бар мақсатқа жетеміз. Қайырмасы:Тұрмай тосылып,Жарқын күйге еніп.Бірге қосылып,Кел, кел, билелік! Өткізген бірге сан айларды,Көңілдерінде таң күліп.Ұстаздар: апай, ағайларды,Ұмытпаймыз мәңгілік.Жайқала өскен кілең гүлміз,Жаңалықтарға құмармыз.Бақытты өмір тілейміз біз,Ұстаздарға мың алғыс! Қайырмасы. 1 – жүргізуші:Оқушылар,көбейсін «төрт», «бесіңіз»,Ал, ұстаздар, бақытты өмір кешіңіз.Қимай – қимай қоштасамыз бәріңмен,Осыменен  аяқталды  кешіміз!                                                 КЕЗДЕСУ                                  (Сахналық  қойылым) Сахнаға бір қыз шығады. Жай естілген әуеннің ырғағымен билей басып иінағашпен әкеле жатқан суы бар. Ортаға келіп, екі шелегін  жерге қойып, жан – жағына наздана қарайды. Шолпысын түзеп, бойын сәндейді.Сахнаға Құндыз, Назым атты екі қыз шығады. Құндыз: Айсұлу, қайдан келесің? Мынауың не?( иінағашты нұсқайды)Назым:Қандай әдемі болып кеткенсің! Шашыңа не тағып алғансың? Екі қыз Айсұлуды шыр айналдырып, қызықтайды. Айсұлу:Ім...м.... Мен бүгін мүшел жасқа толдым, қыздар. Шашыма тағып алғаным -  шашбау. Білесіңдер ме, мұны әжем маған сақтап қойған екен. Өзінің бойжеткен қыз кезінде таққан шашбауы көрінеді. Ол кісіге де әжесі берген екен. Алтын мен күмістен араластырылып салынған өрнектері бар.   Қыздар:

  • Шашбауы несі?
  • Оны не үшін тағады?
  • Бірінші рет көріп тұрмын.

Айсұлу:Қыздар, біздің қазақ халқында баланың дүниеге келген күнінен бастап, ол  ер  жетіп, азамат болып, отау құрып, өз бетімен өмір сүріп кеткенше жасалатын әр түрлі салт – дәстүрлері,  тағылым – танымдары  бар. Мысалы, соның бір түрі – қыздарының  шашына шолпы тағу. Назым:Қызық екен? Шолпыны не үшін тағады сонда? Айсұлу:Халқымыз балаларының әдемі, ақылды болып өсуіне қатты көңіл бөлген. Мысалы, қыздарының жүріс – тұрысы әдемі болуы үшін шаштарына шолпы таққан. Құндыз: Солай ма? Қане, жүріп қарашы, көрейік. Айсұлу әдемі әуеннің ырғағымен әрі – бері жүреді. Шашына таққан шолпысының сыңғырлаған дыбысы әуенге қосылып, қыздың жүріс – тұрысына одан сайын сүйкімді үйлесім бергендей. Назым:Қандай ғажап! Шынымен сылдырлайды екен! Құндыз: Керемет екен! Айсұлуды әрі – бері айналдыра қарап, біраз таңданып тұрады. Назым:Шашбауың керемет екен! Ал, мына ағашың не? Құндыз: Ой, қыздар, мен бұл ағашты музейден көргенмін. Сенде қайдан жүр бұл ағаш? Айсұлу:Жақсы, қыздар, мұны да айтайын. Біздің су алатын бұлағымыз үйден алыстау ғой. Екі шелек суды қолмен әкелсең, денең еңкіш тартып, тез шаршайсың.Ал, мына иінағашпен әжем, одан кейін менің анам су тасыған екен. Иінағаш- пен су тасу – қыздардың бойын тік ұстауына ықпал етеді, еңбексүйгіштікке баулиды. Сөйтіп қыздардың бойы тіп – тік, сымбатты, мүсіні әдемі болып өсуіне иінағаштың үлкен әсері бар екен. Назым:Шынымен бе? Халқымыз қандай дана! Құндыз: Қандай қамқорлық! Біздің осыны білмеуіміз ұят екен! Назым, солай емес пе? Назым:Иә, солай! Осы заманда қыздар жүрістерін әдемі, мүсінін тік етеміз деп әр түрлі жаттығулар жасамай ма? Құндыз: Иә, иә!Әр түрлі жаттығулар жасап жатады. Ал, оны біздің ата – бабаларымыз әлдеқашан білген екен. Қандай көрегендік!Айсұлу:Иә, қыздар, өте дұрыс айтасыңдар!Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, шынарға, жауқазынға теңесе, сұлулықты, нәзіктікті – аққуға, айға, күнге балаған.Мысалы, менің атымды  «айдай сұлу» болсын деп ырымдап  Айсұлу деп әжем қойыпты.  Құндыз: Ал, менің атымды «Жақсы қыз – жағадағы құндыз» деп, әрқашан құндыздай жарқырап жүрсін, өзінің бар болмысымен бағалы болсын деген тілекпен атам қойыпты. Назым:Айсұлу, дұрыс айтасың. Халқымыз ат қоюға аса мән берген. Мысалы, менің атымды да атам қойыпты. Қабанбай батырдың қызы  Назым жауға шапқан ержүрек болған екен. Мені де сондай өр мінезді, батыл, қайсар болып өссін дегені шығар. Айсұлу:Әне, көрдіңдер ме, қыздар! Қазақтың ырым – дәстүрінің  жүрмейтін жері жоқ.Келешек ұрпақ біліп өссін деп бізге өсиет еткен ғой. Сондықтан өзіміздің салт – дәстүрімізді біліп қана қоймай, үнемі насихаттап жүргеніміз абзал.  Құндыз: Айсұлу, осы иінағашпен су тасу – мүсінді шынымен де түзетуге септігін тигізе ме? Айсұлу:Әрине, сен күнде жүрісімді, мүсінімді түзеймін деп, басыңа кітап қойып жаттығып жүрген жоқсың ба? Оның орнына  иінағашпен су тасы... әрі еңбек, әрі..Ал, қыздар, мен кеттім, апам күтіп қалды. Иінағашқа шелектерін іліп, енді кетейін деп жатқанда, қолында жүгені бар аптығып, екі иінінен дем алып Жолдас келеді. Қыздар:

  • Жолдас, не болды?
  • Қайдан келесің асығып?
  • Өңің қашып кетіпті ғой!

 Жолдас:Тайым басқа жылқыларға еріп, жайлауға кетіп қалыпты. Жоғалып кетер деп іздеп бара жатқан бойым еді. Өте асығыспын. Құндыз: Қамшыңды беліңе қыстырып алыпсың, түсіп қалмай ма? Жолдас:Жоқ қараған жолаушы осылай істейді.Біздің қазақ дана халық қой. Қамшының қалай тұрғанына қарап, көп нәрсе білуге болады. Назым:Сонда қалай? Құндыз: Қойшы – ей, не айтпақсың сонда? Жолдас:О – о, білмейді екенсіңдер ғой, айтайын онда. Қыздар:

  • Айтшы, айтшы...
  • Тіпті қызықтырып жібердің ғой!

 Жолдас:Жарайды, онда. Асыққанмен болмас, аялдайын.Біздің қазақтар көшпелі дәуірді бастан кешірген. Шөбі шүйгін жерлерге киіз үйін түйеге артып, көшіп – қонып жүрген. Ал, қамшылары қолдарынан түспеген. Өйткені қамшымен мал айдайды, әрі қару қылады. Қамшының қалай ілініп тұрғанына байланысты сол үйдің иесінің жағдайын білуге болады. Қыздар:

  • Е – Е...мынауың қызық әңгіме екен.
  • Айта берші....

 Жолдас:Жақсы, шамам жеткенше айтайын.Қазақ қамшыны төрге іліп қояды, өйткені ол ілініп тұрған жерге жаман нәрсе жоламайды деп есептеген.

  • Егер қамшы керегеде немесе қабырғада төмен салбырап ілініп тұрса, онда сол үйдің иесінің өмірден өткендігінің белгісі.
  • Ал үйдің азаматы аман болса, онда қамшыны қабырғаға  ортасынан бүктеп іледі.
  • Қамшыны белге қыстыру – мал қарағанның белгісі.
  • Үйге келген жолаушы қамшыны босағаға жалауша сияқты қыстыра салса, «отырамын, шаруа жайымды айтамын» дегені.

Қыздар:

  • Білмеуші едік, көп нәрсе үйрендік.
  • Иә, иә... жалғастыра берші...

 Жолдас:Тағы бір қызық айтайын...

  • Егер жолаушы қамшысын сықырлауық жанындағы кереге бастарына көлденең тастаса, ол сол үйдің қызына ғашық болғаны.

 Қыздар:Қойшы ей, мынауың тіпті тамаша екен! Жолдас:

  • Егер адам есік алдында тұрып, қамшысымен жерді үш рет ұрса, онда дау – дамай басталады деген сөз. Ертеде қазақтардың арасында жер дауы, жесір дауы, мал дауы көп болған ғой.

 Қыздар:

  • Қызық екен.

 Жолдас:Сөйтіп тіл орнына қамшы сөйлеген.  Түу, мені жолымнан қалдырдыңдар ғой.

  • Егер адам қамшысын көлденең  ұзынынан тастаса, бұл – келісемін, бір мәмлеге келемін деген белгі.
  • Қазақта «қамшының сабы сынды» деген сөз бар.Оның мағынасы... Тарихтан бір әңгіме айтып берейін.

 Ертеде Жиренше шешен үйде жоқта әйелі Қарашаш ауырып, қаза болыпты.Жәнібек хан:

  • Жиреншеге  әйелінің өлгенін кім естіртеді? – дейді.

Уәзір:

  • Біз естірте алмаймыз, - дейді.
  • Жиреншеге әйелінің өлгенін біз естірте алмаспыз, өзіне – өзі естіртсін, ешқайсың сездіріп қоймаңдар, – дейді хан.

Жиренше шешен жолаушылап елге оралғанда, ханның үйіне түсіп, сәлемдесіп  отырады. Хан Жиреншеге:

  • Ау, шешенім, әкесі өлген қалай болады?
  • Әкесі өлсе, асқар тауы құлағанмен бірдей болады.
  • Шешесі өлген қалай болады?
  • Ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады.
  • Ағасы өлген қалай болады?
  • Оң қанаты қайырылғанман бірдей болады.
  • Інісі өлген қалай болады?
  • Сол қанаты қайрылғанмен бірдей болады.
  • Апа – қарындасы өлген қалай болады?
  • Ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады.
  • Әйелі өлген қалай болады?
  • Аһ, менің Қарашашым өлген екен ғой? –депті Жиренше.

Ол күйініп, қамшысын таянғанда, қамшының сабы ортасынан шарт сынады. Қыздар:

  • Қаншама көп нәрсе білдік.
  • Қазақ халқы  ырымға  өте бай екенін бүгін білдім.
  • Рахмет саған, Жолдас.
  • Біздің көзімізді аштың!

 Жолдас:Қой, мен кетейін. Көбірек бөгеліп қалдым. Қыздар:

  • Көп – көп рахмет!
  • Тағы сәл кідірсеші!

 Жолдас:Жо – жоқ. Жолымнан қалмайын! Атам айтатын, егер қарлығаштар жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады деп, тайыма тезірек жетуім керек.Кездескенше, қыздар! Жолдас жүгіре жөнеледі. Қыздар қол бұлғап қала береді. Қыздар да бір – бірімен қоштасып, шығып кетеді.