ВЕРНУТЬСЯ

Қара шал

Қыр  мұрынды, қой  көзді  де  көрікті,Қазақ  деген  бір  қара  шал  болыпты.Ен  жайлауы  төрт  түлікке  толыпты,Ал, үйіне Қыдыр  ата  қоныпты. Өркеш - өркеш  дәнге  толып  қырманы,Сайын  дала  еңбек  күйін  тыңдады.Ерте  ержетіп  араласып  шаруағаӘкесінен аумай  қапты  ұлдары. «Терлеп  өттім  мынау  қысқа  тірлікте,Қоямын  мен  соған  бүгін  бір  нүкте.Сырттарыңнан  сынап  тұрар  дұшпан  көп,Бақыт,- депті  сол  қара  шал, - бірлікте. Ізгілікке  беру  керек  басты  мән,Онсыз  елдің  келешегі – тас  тұман.Балаларым, болсын  құттың  ордасы –Киіз  үйді  аманат  қып  тапсырам.  Жазда – жайлау, а

Қазақ тойында

Той  дегенде  тұрған  ба,Қызыққа  әрбір  жан  құмар.Ойын  қызып  бұл маңда,Түсте  көкпар  тартылар.Келгін  туыс, жақындар,Мереке  ғой   бүгін  нақ.Айтысқанда  ақындарКетті  ел – жұрт  шуылдап.«Жүрмей  босқа  сабылып,Қолдан  намыс  бермеңдер!»Кепшік, дабыл  қағылып,Мойнын  созар  кернейлер. Алтыбақан  тербеліп,Көтеріліп  ән  тәтті.Көкке  тиын, теңге  іліп,Хас мергендер  жамбы  атты. Бәйге  аттары  жарысып,Алға  шықты  кер  бесті.Анау  жақта  алысып,Палуандар  белдесті. Тыңда,  досым,  тұра  қап,Күй  кернеді  аспанды.Бітіп  «Тоғызқұмалақ»«Атан жарыс» басталды. Қарттардан  ап  бата  мың,Самғар

Шұбат

Бұрын  ішіп  көрмесең,Сусын, әрі  тамақ  бұл.Ыстық қысып  шөлдесең,Сәл  су  құйып  шалап  қыл. Дәмін бірден  ұнаттым,Қымыз  қосып  кім  татты?!Бұрқыраған  шұбаттың,Епіршігі  тым  тәтті.

Қымыз

Білсең  жұртқа  айта  бар,Сусынды  бұл  ұлым  сен.Шөліңді  тез  қайтарар«Бесті  қымыз»  сімірсең.  Татшы  дәмін  бүгін  кеп,Шаршап  жүрсең, күн  қағып.Кетер  көзің  күлімдеп,Кетер  жүзің  нұрланып.

Көпіршік

Берекесі  үйіңнің,Құрт, ірімшік, май, қатық.Құй  сүтіне  сиырдың,Қымызыңды  қайнатып. Баста, қане, атаңнан,Тұр  қазаның  толы  әлі,-«Көпіршік»  деп  аталғанСусын  дайын  болады.

Страницы