ВЕРНУТЬСЯ

Салт-дәстүрді сақтаңдар

Ертеде  бір  бай  болды,Шаруасы  жай  болды.Малы  егізден  төлдепті,Қыстаса  да  ой,  қай  дөңді. Қыры  дәнге  толыпты,Ойы  шүйгін  болыпты.Не  бір  сал  мен  серілер,Үйіне  оның  қоныпты. Жұрттан  ылғи  сый  көрген,Жүріпті  бай  күйбеңмен.Бопты  оның  қос  ұлы,Өткен  жылы  үйленген. Байдың  бағы  жаныпты,Зәулім  сарай  салыпты.Жұрттың  бәрі  бұл  үйденҮлгі – өнеге  алыпты.Жұрттан  соң  ол  жатыпты,Таңы  ерте  атыпты.Бір  күндері  әлгі  байКеліндерін  шақыртты. Хабар  ма  екен  бұл  жайлы?Келіндері  тыңдайды.Ыдыс – аяқ  үйдегіСылдырламай  тұрмайды. Бітпес  өмір  күйбеңі,Бай  содан  соң  бүй

Жылқышы туралы аңыз

Ер  мінезді,                  жайлы,                               өңді,Жоқ  ойында  елді  арбау.Ертеде  бір  бай  болдыҚоныстанған  кең  жайлау. Бәйгеге  нар  байлапты,Бай  еліне  болды  құт.Шақыртатын  аймақтыЖиі – жиі  той  қылып. Күндіз – күлкі, таң  думан,Серілер  ән  айтатын.Оған  келген  әрбір  жан,Риза  боп  қайтатын. Көтерердей  бір  тауды,Жау  шапса  егер  қорғайтын.Алпамсадай                    мылқау – ды,Жылқышысы  сол  байдың. Жасы  отызды  еңсерген,Өз  күшіне  сенетін.Барымтамен  көрші  елден,Көп  жылқы  айдап  келетін. Не  жауының  күші  көп,Не  сол  жақтан  дос  тапты.Осы 

Өнер құдіреті немесе райынан қайтқан хан

Ерте,  ерте,  ертеде,Бір  қатыгез  хан  болды.Өнер  десе  жиіркенеҚарайтұғын  жан  болды. Кім  өнерлі,  даңқты,Хан  кесір  деп  таныпты.Басын  допша  қағыпты,Не  зынданға  салыпты. Буыны  жоқ  бишілерТөмен  бұғып,  жасыпты.Небір  әнші,  күйшілерКөрші  елдерге  қашыпты. Жүк  артып   көп  атанға,Нөкер  ертіп  саны  мың.Бірде  алыс  сапарғаАттандырды  хан  ұлын. Қатыгез  хан – ұлы  ханНардай  шөгіп,  солғаны.Өйткені  оның  ұлынанХабар – ошар  болмады. Не  тап  болды  сорына,Жер  шетіне  барды  ма?Түсті  ме  жау  қолына,Жоқ,  ауырып  қалды  ма? Жатыр  ма  той  өткізіп,Тауып  жайлы  бір  мекен?Қ

Қобыз үні

Халқы  сүйген  бір  батыр  ұл  даңқты,Бөтен  елде  қоныс  теуіп  қалыпты. Ал  сол  елде   бағы  оның  жаныпты,Бау – бақшалы  сарай   салып  алыпты. Құса  болып,  туған  ұлын  сағынып,Өз  анасы  күтіпті  оны  қамығып. Сорлы  ана  күңіреніп,  түнерді,Талай  мәрте  хат  та  жазып  жіберді. Бірақ  ұлы  сол  кеткеннен  қайтпады,Өз  тірлігі  туралы  сөз  айтпады. Үмітінен  көрмеген  еш   түңіліп,Дана  қартқа  отыр  ана   жүгініп: - Халім  мынау,  жылдан  ұзақ  атар  таң,Бір  арысым  оралмады  сапардан. Сол  ұлымды  қайтаратын  бар  ма  амал,Онсыз  әлем,  әлем  емес  тар  маған. Жау  қолынан  жоқ 

Қарлығаш туралы хикая

Ерте,  ерте,  ертедеЖетісудай  өлкеде –Әлде  Кеген,  Қаскелең,Әлде  Күрті,  Меркеде... Қызыл  тамақ,  көріктіБір  қарлығаш  болыпты.Құтаймаса  балапан,Адамдардан  көріпті. Ішке  түйіп  есебінЖүреді  де  неше  күн,Елден  жырақ,                      Тауға  кеп,Ғұмыр  кешкен  деседі. Жүрегінде  қызғаныш,Саяқ  жүріп  түзде  алыс,Түспей  жұрттың  көзіне,Ұялапты  құзға  құс... Нұр  құятын  күлгендеҚасиетін білген бе,Жұмыртқасын  қызғанып,Жасырыпты   күннен  де. Күндер  зулап  асықты,Көктем  жұпар  шашыпты.Қарлығаш  та  қиядаЖұмыртқасын  басыпты. Орындалып  арманы,Ол  жұмыртқа  жарды,  әне!Қуанышы

Страницы