ВЕРНУТЬСЯ

«Бәйге»

Хас атбегі – дана адам,Сырын ішке сақтайды.Сәлден кейін аламан,Басталады ат бәйге. Тосқанда өзі құлағын,Дәл жаныма таяп кеп.Атамнан мен сұрадым-Ең жүйрік ат қай ат?- деп. Маңыз беріп өнерге ең,Деп ұрпаққа азық – ты.Ұлы Абай өлеңменАттың сынын жазыпты. Қысып бойын ар – намыс,Тұлпарларын баптаған.Қобыланды, АлпамысҚұртқан жауын қаптаған. Көңіліңе түй мұны,Өзгеше сын – сымбаты.Жүйріктердің жүйрігі –Батырлардың мінгі аты!

Тоғызқұмалақ

Жүрсе – дағы қой бағып,Жүрсе – дағы тойда анық.Қарсы отырып екі адамОйнар мұны ойланып. Құмалақтар басы артық,Деп аталар «базарлық».Бар он сегіз атауы,Және екі қазандық. Ұтсаң қонар, сірә, бақ,Қалар ойын ұнап – ақ.Шахматы қазақтың,Осы – «Тоғызқұмалақ»!

Қазақша күрес

Осал  жағын                    көп  бағып,Қарсыласыңды  алып  ұр.Мықты  біреу  шот  салып,Жығып  кетер  бәрібір. Күресем  деп  шығыпсың,Еңсеңді  сен, тұр, көтер.Алып  ұрсаң,                         жігітсің,Жердің  шаңы  «бұрқ» етер. Ақырын  жүр,                          алданба,Тәсілі  оның  бар  басқа.Сәл  тікейіп  қалғанда,Сал  бәленді                      жамбасқа! Айлакер  ол,                   Байқарсың,Сүріндің  бе,                      тұрып  кет!Күрес  маңы                       айқай  шу,Ұран,  ақыл,  үгіт  көп.  Әне  біреу  ән  сап  тұр,Әне  біреу  жар  сап  тұр.Палуан  да  шарша

Аударыспақ

Жарау  аттар  осқырып,Тұр тартқызбай  шылбырын.Сом  білекті  қос  жігіт,Аудармақшы                       бір – бірін. Бұлшық  еттер  кернеген,Киімдері  сөгілді.Екі  жігіт  терменен,Қою  шаңға  көмілді. Түсіп  ақ  тер, көк  терге,Бірі  құлап,                      ат  қашып...Май  топырақ  беттергеЖабысады  баттасып. Баса  киіп  бөркіңді,Жанкүйер  боп  барасың.Құттықтайсың  сен  кімдіӘй,  танымай  қаласың!

Өтірік өлеңдер

Ай  бетіне  құм  ектім,Иісін  сордым  сүр  еттің.Тебенімнің  ұшына,Жүз   кірпіні  түнеттім. Босқа  үйде  жатпадым,Күнді  түнмен  қаптадым.Айбалтамды  мен  бүгін,Көлеңкеммен  саптадым. Игі  іске  бет бұрдым,Қуыршағымды  ектірдім.Бұлтты  кірқыстырғышпенКүнге  жайып  кептірдім.  Қауырсынын  қасқырдың,Көк  түтінге  жапсырдым.Теріп  аңның  іздерін,Зертханаға  тапсырдым.  Бар ма  бұған  амалым,Күлді – ай келіп  қабаным.Бәтеңкемнің  ішінде   Қалып  қапты табаным.   Ақылын  ап  төбеттің,(Дайындамас  қорек  кім?)Мұзды  мұхит  үстіне,Көкөністі  көп  ектім.  Құрға  шылым  шектірдім,Бүргеге  арба  жект

Страницы