ВЕРНУТЬСЯ

Жарау  аттар  осқырып,Тұр тартқызбай  шылбырын.Сом  білекті  қос  жігіт,Аудармақшы                       бір – бірін. Бұлшық  еттер  кернеген,Киімдері  сөгілді.Екі  жігіт  терменен,Қою  шаңға  көмілді. Түсіп  ақ  тер, көк  терге,Бірі  құлап,                      ат  қашып...Май  топырақ  беттергеЖабысады  баттасып. Баса  киіп  бөркіңді,Жанкүйер  боп  барасың.Құттықтайсың  сен  кімдіӘй,  танымай  қаласың!