ВЕРНУТЬСЯ

Балқаймақ

Қойды  өріске  айдатып,Болғаннан соң мал жайлап.Түйе сүтін қайнатып,Алар әжем балқаймақ. Наурызда  ауыл - аймақ,Келер үйге көрісіп.Тіл үйірер балқаймақҚою шаймен көр ішіп.

Сірне

Ойыныңды таста енді,Түр, - деді атам іргені.Сойдым, міне, жас төлдіДайындаймын сірнені. Тұр  қақпақтан бу сыздап,Жүзі атамның жайнады.Қызық екен, сусыз – ақӨз майына  ет  қайнады!

Көкпар

Кірпік ілмей күндіз – түн,Хас тұлпарды кім баптар?!Қазақ  пенен  қырғыздың,Ескі ойыны бұл  «көкпар». Ат  жаратып сайла  да,Кең  жайлауға, қырға  бар.Күш,           Ептілік,                     Айла да,Сол  «көкпарда» шыңдалар.  Дала ұқсап базарға,Шуылдайды ел, тегі.Лақтырасың  «қазанға»Доп  орнына  серкені.  Ат мінген соң  арынды,Құлар  олар көп кейде.Ойын шарты кәдімгі,Ұқсас футбол, хоккейге.  Қаның  бар ма бойыңда,Арғы атаң Ер Түрік!Жатады бұл ойындаАт та, адам да мертігіп. Жеткенше кез тынығар,Бәрін көріп азаптың.Көкпар ойнап шынығарЖігіттері қазақтың!!!

«Атан жарыс»

Күтумен сын сағатты,Қиындықты көп көріп.Атандарын жаратты,Тату достар – Бек, Берік. Қонар кімге бақ құсы,Ей, ағайын, қараңдар,-Той иесі – қарт кісіТұр айқайлап: Жарандар,- Кімде қандай сұрақ бар,Тарту көп               салт – дәстүрде.Болыңыздар құлағдар,Автокөлік –                     бас жүлде! Достар  тұрды қатарға әр,Қызықты бұл көр енді.Иір мойын атандар,Тапырақтай жөнелді. Шаң құндақтап өрісті,Солқылдайды кең алап.Көз сорады дөң үсті,Көзілдірік керек – ақ! Айқай – шуға толы маң,Топ тізбегі сөгілді.Әр атанның соңынанЖапырақ – із төгілді. Кім алмақшы жүлдені,Зор мәртебе – ұтқанға.Бек пе

«Жамбы ату»

Бұған куә сан аңыз,Қанды қырғын кешегі.Адуынды бабамызМерген болған деседі. Қорғамақ боп әскерді ен,Талай сойқан бүліктен.Нысанаға                     хас мергенБірінші өзі іліккен. Ілген тиын – теңгең бе,Жарау атпен шаңдатып,Той қызғанда,                      мергендерКірісті іске жамбы атып. Не қылмақшы өзге ойды,Етер мерген үлгі өзін.Нысананы көздейдіҚысып қойып бір көзін. Бәрін бүгін суреткеБір – бірлеп мен түсірдім.Ие олар құрметке,Өздеріне ұсындым. Таға алады кім айып,Білмейтіні әлі көп.Отыр інім мұңайып,Соқыр екен бәрі, – деп.

Страницы