ВЕРНУТЬСЯ

        БІРІНШІ  СУАЙТ Тыңдады  бар  жұрт  таңданып,Түсімде  айтқан  сөзімді.Тал  түсте  мен  шам  жағып,Зорға  таптым  өзімді. Түніменен  қамданып,Аңға  шықтым  таңертең.Көріп  түздің  арланын,Тұра  қашты  көлеңкем. Қара  түнді  зер  қылдым,Жинадым  жол  торабын.Сәулесіне  мен  күнніңКөлеңкемді  орадым. Жүр  едім  мен  күйкі  боп,Болдым  елдің  мақтаны –Өткені  алып  микробҚармағымды  қапқаны. Орындаймын  әртүрлі,Мылқаулардың  жүз  әнін.Әл бермейтін  нән  пілді,Бір  тал  шашпен  тұсадым. Тарыдан  сәл  ірімін,Мұным  аян  кім – кімге.Киттің  уылдырығынЖеп  тауыстым  бір  күнде. Деп, – қараңдар,  сорыма,Сабылтқаным  халықты.Өрмекшінің  торынаЖұлдыз  түсіп  қалыпты. Ұзақ  күлді  Бекіре,Сәндедің, – деп – төрімді.Бормен  судың  бетінеЖазғам  аты – жөнімді. Күшіме  таң  қаламын,Айлар  бойы  күйбеңмен.Күнтізбенің  парағынЗорға  аудардым  сүйменмен. Құлақтанды  шартарап,Мен  палуан  атандым.Бір  құдықты  арқалап,Шөлейт  жерге  апардым. Босқа  өтпеді  бұл  күнім,Шыңға  апардым  бұлақты.Тиіп  кетіп  кірпігім,Бір  жұлдызды  құлатты. Тасбақамен  жүгіріп,Көкке  бірден  самғадым.Найзағайға  ілініп,Есімде  аман  қалғаным. Ауырғанда  басыма,Қайық  киіп  айықтым.Сағыз  қосып  асына,Итке  күйіс  қайырттым. Қатық  батып  тісіме,Тоғыз  ғасыр  түнердім.Аквариумның  ішіне,Китті  әкеліп жібердім. Тамашаға  қалдым  мен,Не  түспейді  базарға.Ақша  сатып  алдым  мен,Көп – көп  қылып  азанда. Бір  ер  салдым  бес  атқа,Шырмауықпен  жүгендеп.Түнде  кемпірқосаққаҚонақтады  кілең  жек. Басқа  амалым  болды  ма,Сасқандығым  бұл  енді.Кетік   тісім  орнына,Іліп  қойдым  кілемді. Тумай  жатып  енші  алдым,Сеніңіздер  сөзіме.Жер, Ай,  Күнді   мен  салдым,Светофор  көзіне. Қашып   жүріп  сонадан,Каратэні  қолдандым.Жау  оғынан борағанҚолшатырмен  қорғандым. Теңіз  суын  сүзіп  ем,Табылғаны   тымағым.Бірақ  Ұлу  ізіне,Сүрініп   мен  құладым. Емес  мұным  өтірік,Бір  ісіме  қайранмын.Корабльге  отырып,Тары  дәнін  айналдым. Күштімін  деп  соңыра,Жұртты  қалай  сендірем?Сондықтан  хат  соңына,Нүкте  қылдым  жерді  мен. Жаяу  жүру  керек, – депТаяқ  қылып  сырықты.Соқыр  адам  жетектеп,Маған  қала  қыдыртты. Бір жақсылық  жасадым,Мұныма  көп  құс  күлді.Қарнынан  дәу  масаныңЖарып алдым  үш  пілді. Айдан  келген  емшіменСу  ішінде  бір  тұрдым.Маңдайымды  тершігенОрамалмен  сүртіндім. Қиналғаным  жоқ,  тегі,Бір  секундта  әлдендім.Роботқа,  өйткені,Жүз  литр  қан  бердім. Жан  қалтама  жылы,  кең,Қамап  қойдым  жүз  аңды.Балауыз  шам  түнімен,Жанып  тұрып,  ұзарды. Шығып  түнде  қырқаға,Салып  едім көз  қырын.Танауынан  бір  тана,Жатты  ала  алмай  өз  тілін. Шын  айтамын  мұны  мен,Әріп  білмей  оқыдым.Жарқанаттың  түгіненЕкі – үш  шекпен  тоқыдым. Ұн  жасадым   нанды  елеп,Еңбегіммен  құм  қызды.Тауық  біткен  дән  бе  деп,Шоқып  жеді  жұлдызды.    ЕКІНШІ   СУАЙТ Қыста  жерден  гүл  тердім,Айдан  түсіп  шанамен.Отын  үшін  мың  бөлдім,Бір  өзенді  арамен.Жүрмей сырттай  торып  мен,Қасқырларға  қас  қылып.Отар  қойды  бөрікпен,Кеттім  үйге  бастырып. Отырмадым  жан бағып,Күнге  бардым  тас  өріп.Дайындадым  малға  азық,Шалғыменен  шаш  орып. Таңдай  қақты  жұрт  көріп,Пысықсың  деп  пайдаңа.Даладан  көп  шық  теріпШегеледім   айнама. Су  ішінде  тарықтым,Ел  көрмеген  жұт  болып.Баласына  балықтыңАсырадым  сүт  беріп. Түн  жарымда,  ой  тоба – ай!Асқазаным  бүлінді.Бал  жегенде  байқамайЖұтыппын  ғой  тілімді. Көріп  ғажап  күйге  ендім,Сеніңіздер  сөзіме.Нән  сусиыр  инемніңТұрып  қапты  көзіне. Кинода  орман  өртенді,Бет  қаратпай  ыстығы.Жамылсам  да  көрпемді,Тиді  маған  ұшқыны. Отырмадым  дамылдап,Оймақпен  мал  суардым.Қара  бұлтты  сабындап,Әппақ  қылып  шығардым. Оянсам  да  мың  жылда,Ұйықтап  жатып  шыныққам.Сағызды  арқан  қылдым  да,Қауға  тарттым  құдықтан. Дәрігерлік  тәсілмен,Бөлшектедім  жанымды.Бір  тамшы  көз  жасымменҚандырдым  көп  табынды. Бес  аяқты  ат  көрдім,Аңы  екен  ол  түздің.Өзен,  көлді  дәптердіңСорғышымен  сорғыздым.Парашютпен  секірдім,Шаншып  қойған  тебеннен.Көмірменен   кетірдім,Лас,  кірді  денемнен. Өндіргенім  шамалы,Торайдан  жүн  қырықтым.Аяз  буған  даланы,Демімменен  жылыттым. Шығу  үшін  бір  шыңға,Қысқа  болып  арқаным.Аз  ойланып  тұрдым  даТамырымды  жалғадым. Қыс  ішінде  сегіз  күн,Жатып  алдым  қозғамай.Толқынына  теңіздіңҰя  салды  бозторғай.Ел  сүйсінер  әнімменӨлген  қойды  өргіздім.Жұлдыздардың  бәрін  деШаңсорғышпен  сорғыздым. Көрсең  сен  таң  қаласың.Мініп  алып  желге  мен.Күндіз  бен түн  арасынБөліп  қайттым  пердемен. Концерт  қойдым  тегін  мен,Көпке  өнерім  ұнады.Ән  салғанда  демімненКей  көрермен  құлады. Жердей  үлкен  доп  теуіп,Тар  қақпаға  кіргіздім.Тыңайтқышты  көп  сеуіп,Мың  тұрғын  үй  тұрғыздым. Деп  бір  қызық  қылайын,Болмасты  мен  болғыздым.Жер  астының  мұнайынМасаларға  сорғыздым. Ептімін,  һәм  ұқыпты,Мұным  аян  халыққа.Жаяу  кешіп  мұхитты,Ен  салдым  көп  балыққа. Жүнін  түтіп  жылқының,Отырмадым  құр  қарап.Терісінен  кірпініңЖасап  алдым  ұлтарақ. Жәндік  біткен  жарысты,Жұрт  күлкіге  кенелді.Тезек  қоңыз  марстыДомалата  жөнелді. Тыр  жалаңаш  жарқанатЖаурамайтын  қандай  құс?Жұмыртқасын  арқалап,Қонбас  жерге  алты  ай  қыс. Розетка  қылдым  да,Торайымның  тұмсығын.Қырқып  біттім  мың  жылдаКөртышқанды, бұл  шыным. Күннің  бетін  мүк  басып,Жайылды  оған  күшіген.Төгілгенде  сүт  тасып,Сиыр  шықты  ішінен. Өңімде  емес,  түсімдеБағдарымнан  шатасып.Өз  шашымның  ішіндеАлты  ай  жүрдім  адасып. Шоқ  темірді  сыртынан,Мақтаменен  қашадым.Шегірткенің  мұртынанАнтенна  мен  жасадым. Түсімде  аш  боп  түніменОйладым  да  ас  қамын.Шалбарымның  қырыменАғаш  жарып  тастадым. Дәрі  қылып  жасымнанСуын  іштім  Жайықтың.Жылан  шағып  басымнанАуруымнан  айықтым. Сүтімен  кіл  құстардыңҮлкен  ойпат  лық  толды.Бір  терісі  тышқанныңМың  есекке  жүк  болды. Мың  жыл  өліп,  тіріліпКеткеніме  қайранмын.Сым  бойымен  жүгіріп,Токтан  озып,  бәйге  алдым.  Ү Ш І Н Ш І   С У А Й Т Шоқпар  қып  құс  жілігін,Шыққам  жаудан  шеткері.Аяқтағы  шұлығымТулап,  жығып  кеткені. Төрімде,  өз  үйімде,Қол  созып,  аз  айналып.Бір  досыма « тиын»,- деп,Бере  қойдым  айды  алып. Ойлап – ойлап  тұрдым  да,Тез  жүгіріп,                    Сабылып,Шыңды  жастық қылдым  да,Ұйықтадым  бұлт  жамылып. Қысты  күні  тоңып  мен,Көлеңкемді  жамылдым.Түн  ішінде  көлікпенИнемді  іздеп  сабылдым. Көмекке  алып  балықты,Ауаны  мен  бүктедім.Мәңгі  есімде  қалыптыСудан  шапан  тіккенім. Бас  білгіздім  қоңызға,Жәндік  болды  ол  саналы.Ысқыш  қылып  қобызғаПайдаландым  араны. Домаланған  күнге  еріп,Аялдамай  ініне.Тұра  қалды  піл  келіп,Саңырауқұлақ  түбіне. Жұртқа  аян  ерлігім,Бос  мақтанмен  ісінбен.Күн  сәулесін  мен  бүгін,Идім  қара  күшіммен. Кәрі,  мылқау  әншіге« Сый»  деп  сәуле  ұсындым.Найзағайды  қамшыменҰрып  жерге  түсірдім. Насекомды  зияндыКөзбен  атып  түсірдім.Шіп – шикі   көк  қиярдыҚайнаттым  да,  пісірдім. Әтеш  таңнан  шақырды,Бүкіл  аңдар  тойлады.Чимпанзенің  шәкірті –Піл  турникте  ойнады. Бір  алманы  бөлгендеШықты  ішінен  төрт  інген.Үркер – ау  деп  мен  демдеБаса  қойдым  бөркіммен. Баспалдақпен  шығып  ап,Ине  ұшында  көп  тұрдым.Жоғарғы  вольт  сымынаКірді  жайып,  кептірдім. Кеше  қою  тұманнанІн  қазды  бір  тышқаным.Су  ағызып  краннанКөп – көп  балық  ұстадым. Шаңнан  тоқып  тұс  кілем,Екі  ғасыр  қуандым.Шөлдеп  қалған  құсты  менКүн  нұрымен  суардым. Тыңайтқыш  қып  септім  де,Күннің  қою  түтінін.Үйге  әкеліп  ектім  менНайзағайдың  тұқымын.  Мұрындығы  жылысып,Бозінгеннің  көктегі.Жерге  бойлап  бір  ұшыВулкан  атып  кеткені. Төндіретін  шын  қауіп,Мекендеп  ап  бөркімді.Кобраны  шырмауықОрап,  қысып  өлтірді. Есек  мініп,  қиналып,Бұлт  шетіне  бардым  мен.Жау  көмген  мың  минаныТіске  салып,  жардым  мен.Шығып  алып  аспанға,Қобызда  ойнап  жатырмын.Тиек  қылдым  сасқандаЕрін  мінгі  атымның. Жалғап  едім  үш  қанат,Қуып  жетті  ұшағым.Қырықаяқты  ұстап  ап,Рельспен  тұсадым. Атамның  нән  бізіменТүлкіге  қар  күреттім.Ұстараның  жүзінеБір  отар  қой  түнеттім. Қайсар  ұлан  атанып,Қиындықтан  қашпадым.Көлеңкемді  апарып,Күн  бетіне  тастадым. Күшті  дауыл  өтінде,Қойға  сынап  илеттім.Бір  тамшы  су  бетіндеКемелерді  билеттім. Белін  жазып  шамасыКемпірқосақ  шалқайды.Тасбақаның  баласыКөріп   мұны,  қартайды. Тіміскілеп  сең  үстін,Жіпке  тізіп  мың  қазды.Бір  саршұнақ  теңіздіңТереңінен  ін  қазды. Түйдім – дағы  келігеСабын  қылдым   тиынды.Көл  бетінде,  желігеКөгендедім  құйынды. Қиығыма  көзімнің,Басымды  мен  жасырдым.Қолтығымды  өзімніңШынтағыммен  қасындым. Жан  қалтама  жасырдымАтомның  бір  бөлшегін.Өткен  екі – үш  ғасырдыҚарысыммен  өлшедім. Т Ө Р Т І Н Ш І   С У А Й Т Қорлық  көрдім  жолда  мың ,Ұмыт  қалып  қолғабым.Ми  қайнатар  ыстықтанҮсіп  кетті  қолдарым. Қарғаларды  сайратып,Оқыттым  мен  ай  жатып.Айналдырдым  мұзынаБұлақ  суын  қайнатып Күзден  кейін  жаз  болды.Кірпігіме  қаз  қонды.Шаңғы  теуіп  масалар,Шегірткелер  мәз  болды. Ұмытпан  сол  көктемді,Китті  бүрген  бөктергі.Жеп  кеткен  жыл  бір  балықҚорадағы  шөптерді. Дауылыңнан  саспадым,Қиындықтан  қашпадым.Толқындарын  теңіздіңҮтіктеп  мен  тастадым. Су  әкелдім  елекпен,Алма  қақтым  теректен.Бал  тасыдым  үйімеТүбі  түскен  шелекпен. Дүрбіменен  қарадым,Аттың  түгін  санадым.Сәуледен  жіп  иіріп,Бұлт  жыртығын  жамадым. Теңіз  түбін  шаңдаттым,Шай  қайнатып,  шам  жақтым.Аспандағы  жарты  айды  ап,Табаныма  нәл  қақтым. Кеше  сағат  тоғызда,Артып келіп  қоңызға,Рельсті  тақтым  менІшек  қылып  қобызға. Жаңа  жылда  ерледім,Еңбек  еттім,  терледім.Қырау  сеуіп  бетінеКүнді  әсемдеп  зерледім. Шыққам  үйден  ертерек,Тұрып  қалдым  мен  кенет.Мүйізіне  сиырдыңҚонды  үлкен  вертолет. Өзгерттім  де  үнімді,Жұрт  үйренді  мұнымды.Дабыл  қағып  ұйықтаттымҰйықтамаған  інімді. Қапты  есімде  сол  бір  күн,Сағымнан  май  өндірдім.Өртенген  көк  теңіздіТүкіріп  мен  сөндірдім. Күнгейінде  төбеніңОтарды  мен  бөгедім.Өйткені  бір  лағымЖеп  қойыпты  төбелін. Қиналдым  да  сегіз  күн,Суын  сарқып  теңіздің.Киттің  жетім  баласынЕмізікпен  еміздім. Ұйықтап  жатсам,  өкпемеҚадалыпты  көп  кеме.Тиегенде  оларды,Толды  үлкен  төрт  кеме. Құса  болып  көп  күлдім,Буды  үрлеп  шоқ  қылдым.Мұзды  жуып  сабындап,Күнге  жайып  кептірдім. Таң  қалмаған  жан  бар ма,Таңды  ұрып  таңдарға,Еңбек  етіп,                    БасымдыҚорық  қылдым  аңдарға. Кешіп  өтіп  жылғаны,Ірі,  алып  тұлғалыӨрмекшімен  ойнадыСегізаяқ  құмдағы.  «Жер»  жегенді  «жел»  деді,«Ер»  дегенді  «ел»  деді.Үйреткенде  итке  әріп«Р»-ға  тілі  келмеді. Салып  алдым  нән  қапқа,Жүз  мың  тонна  салмақ  па?Міне,  сондай  мұзтаудыҚалтқы  қылдым  қармаққа. Аяз  қысқан  ақпанда,Ұшып  келе  жатқанда.Түсіп  қапты  беліненЕкі  маса  қақпанға. Көкке  қарап  тұрып  ек,(Өнердің  де  түрі  көп).Аузынан  шар  шығарып,Ұшып  келді  бір  үлек. Уақытта  қас – қағым,Ашық  болсын  аспаным,Деп  бұлттарды  жинақтап,Дәнекерлеп  тастадым.Қарным ашып,  жел  жұттым,Шарбы  бұлтпен  тер  сүрттім.Күй  ойнатқыш  инесін,Соқа  қылып  жер  жырттым. Ойлап  тауып  тың  тәсіл,Сырға  қылдым  кір  тасын.Мұны  көріп  мәз  болдыЖүз  жас  кіші  құрдасым. Мысықты  итше  үргіздім,Итті  адамша  күлгіздім.Көбігінен  сабынныңКөп  қатарлы   үй  тұрғыздым. Әрең  жүрген,                      БалдақтыШыбын  күндіз  мал  бақты.Түнде  қағып  қанатын,Бұлтты  қуып  шаңдатты. Мылқау  әнін  тыңдадым,Өзім  де  оған  жырладым.Сол   күні  айдың  нұрыменАспан,  жерді  сырладым. Бұл – кәсібім  тұрақты,Шашбау  қылдым  бұлақты.Сақа  қылып  асыққаҚұйып  алдым  сынапты. Дөңгелегін  шананыңКөрмей  тұрып  санадым.Хатты  салған  конверткеОн  сусиыр  қамадым. Б І Р І Н Ш І    С У А Й Т Жүктедім  де  кенені,Қуып  жеттім  кемені.Желден  желкен  жасадым,Діңгек  қылып  шегені. Пілге  тіккен  етікті,Маса  киіп  кетіпті.Жаяу  жүріп  сан  жылдарКүн  бетіне  жетіпті. Әлі  есімде  бір  кеште,Жұрт  сыйлады  гүл  десте.Өйткені  ау  сап  шыққа  менБалық  алдым  мың  бөшке. Тырмамен  шаш  тарадым,Шөлдеп  күнді  жаладым.Жыртығына  жейдемніңҚызыл  кірпіш  қаладым.Дән  ішінде  көсілдім,Бұлтты  үйіме  көшірдім.Шөлейт  жерге  су  шашып,Шілдеде  қар  өсірдім. Апыл – ғұпыл  асыға,Тигізбестен  шашыма,Киіз  үйді  телпек  қып,Киіп  алдым  басыма. Есімде  жоқ,  бір  күні,Іс  істедім  күлкілі.Пайдаландым  сасқандаЩетка  орнына  кірпіні. Көзін  ойлап пайданың,Шолпан  бетін  жайладым.Кіндігімді  бірақ  та,Жерге  мықтап  байладым. Шөп,  жемімді  сайладым,Сауынға  шіл  байладым.Қаймағына  сүтініңПышағымды  қайрадым. Таптым – дағы  тасаны,Бір  күрделі  іс  жасадым.Нан табаға  ай  сыймайШетін  үш  күн  қашадым. Өз  жанымды  қинадым,Көп  микроб  жинадым.Зорға  өлшедім  сызғышпенШіркіндердің  сирағын. Жүгендедім  інгенді,Қосақтадым  бүргемді.Екеуіне  тіркедімМұрындықтап  пілдерді. Жүнін  қырқып  жайынның,Малша  жайып  қайырдым.Мұзды  салып  қайнатып,Судан  торта  айырдым. Көрдім  кеше  соны  бұлт,Сусын  қылды  оны  жұрт.Үсті – басым  шаң  болдыТұнық  көлге  шомылып. Тамашалап  қорықты,Жұрттың  бәрі  көріпті.Бір  таскене  қан  ғой  депШар  ауасын  сорыпты. Домбырамның  құлағынБұрады  да  лағым,Айтып  берді  шетелдіңӘсем  сазды  мың  әнін. Жасадым  да  ұйғарым,Тазаладым  үй  маңын.Тауықтардың  іздерінБір  дорбаға  жинадым.Мерекеде  мал  билеп,Әсем  әнге  салды  үйрек.Мен  балмұздақ  жасадымКүнге  қосып  қарды  илеп. Естіп  ескі  аңызды,Іс  жасадым  маңызды.Шелек – шелек  сүт  алдым,Саудым  да  көк  сәбізді. Тілін  алып  сиырдың,Суды  ұршықпен  иірдім.«Шекпен  тоқы  осыдан!»-Деп  өзіме  бұйырдым. Өркештерін  нарымның,Санай  алмай  жаңылдым.Сондықтан  да  амалсызКомпьютерге  бағындым. Қадау  үшін  түймемді,Пайдаландым  сүйменді.Алпыс  құлаш  арқанменСабақтадым  инемді. Балта,  күрек,  қайламенЖерден  жол  сап  айға  мен.Бір  отар  қой  айдадым,Тікұшақпен    жайменен. Қар  бетіне  бор  жақтым,Кең  далаға  тон  жаптым.Дәптер  парақтарынаТемір  тұтқа  орнаттым. Орын  беріп  төсімнен,Көптен  баптап  өсірген,Тасбақаның  үстінеДойбы  ойнадым  досыммен.Бұлтты  жегіп  сиырғаСапар  шектім  қиырға.Жолым  болып  қайтардаМініп  келдім  құйынға. Көл  бетімен  жүгірдім,Жолда  шөлдеп  кідірдім.Бір  тостақан  ауаныАсықпастан  сімірдім. Таң  нұрына  жуындым,Буды  тұздап  қуырдым.Сосын  кемпірқосақтыБелбеу  қылып  буындым. Сілкіп  едім  жас  талды,Сылбыр  жаңбыр  басталды.Кемпірқосақ  түнде  деНұрландырды  аспанды. Күшті  желден  таң  ықты,Мұхит  түбі  шаңытты.Ал,  мен  үйде  отырып,Тағаладым  балықты. Е К І Н Ш І   С У А Й Т  Көпшіліктің  алдында,Бұлтқа  шығып  алдым  да,Дәнекердің  ұшқынынАйналдырдым  жаңбырға. Судан  ою  оямын,Көрмеге  мен  қоямын.Деп,- лакмус  қағазбенМұхит  түбін  боядым. Бар  денесін  тон  қысқан,Ауырлықтан  зорға  ұшқан.Шыбынды  атып  түсірді,Мерген  екен  көр  тышқан. Пайда  істеумен  халыққа,Кеме  айдадым  арықта.Ұшып   батпырауықпенҚармақ  салдым  балыққа.Не  болғанын  ұға  алмай,Сүйектері  сынардай,Түйе  балдан  бір  тамшыҚалды  әуре  боп  шыға  алмай. Тыным  таппай  күніне,Түнеместен  ініне,Ұя  салды  рельстенШымшық  жусан  түбіне. Шіркей  жұтып  сүлікті,Бастапты  бір  бүлікті.Қанден  біткен  маңырап,Ал,  шошқалар  үріпті. Таң  қалдырып  бұланды,Есек  айтты  бір  әнді.Шіркін,  демі  күшті  екен,Сейілткені  тұманды. Пілді  шертіп  құлаттым,Шілді  үрлеп  сұлаттым.Сағат  маятнигінеТаңып  сәби  жұбаттым. Құрық  салып  құр  атқа,Ұйықтамап  ем  бір  апта.Қасым  қағып  қанатын,Ұшып  кетті  жыраққа. Көктем  өтіп,  қыс  болды,Түннен  кейін  түс  болдыц.Ал, Марстық  достарымБүгін  үш – төрт  түстенді. Ұясынан  керіктіңЛағын таптым  еліктің.Сүт  орнына  шіркінгеМұнай  беріп  семірттім. Ерлігіме  биылғыЖұрт  таңырқап  жиылды.Буды  есіп  арқан  қып,Сүйредім  дәу  құйынды. Мөлдір  сумен  өрілген,Құдық  қаздым  төрімнен.Домна  пештен қайнағанМеталл  алдым  қолыммен. Бір  бос  орын  табылды,Қамап  қойдым  жанымды.Орамал  қып  сүртіндім Алаулаған  жалынды. Мәнді  өтті  бұл  күнім,Қамын  ойлап  жылқының.Қырық  құрық  жасадымБір  талынан  шырпының. Қамау  үшін  түйемді,Қора  қылдым  бүйенді.Қазық  қағып  ауағаАрқандадым  биемді. Қар  мен  мұздан  бүйініңТоқыдым  мен  киімін.Жамылып  ем  шапанынЖауыр  болды  иығым. Әтеш  таңнан  жырлады,Мынау  айтып  тұрғаны:Шақпақ  қантты  салып  ем,Мұхит  суы  құрғады. Алу  үшін  қаймағын,Бұлтты  арқанмен  байладым.Таң  атқан  соң  қарасам,Жеп  қойыпты  тайлағым.Май  алдым да  өріктен,Тасыдым  да  бөрікпен.Бір  арықтан  зорға  өттім,Көпір  жасап  көбіктен. Сақтаймыз  деп  жаныңды,Дәрігерлер  сабылды.Соқырішекті  алғанда,Ішінен  ай  табылды. Шебермін  деп  мақтанбан,Бесік  жасап  ақ  қардан.Кит  баласын  бөледім,Жастық  жасап  мақпалдан. Дәу  бір  жаңғақ  ақпанда,Түсіп  қапты  қақпанға.Шықты  ішінен  найзағайӘлгіні  ұрып  шаққанда. Алғаннан  соң  мазамды,Жүгендедім  сазанды.Ашуланып  ол  бұғанТеуіп  қалды  қазанды. Ойладым  да  жол  қамын,Масаны  ұстап  қомдадым.Күнге  жайып  шіркіндіҚапты  есімде  тоңғаным. Кеше  ғана  кешқұрым,Тосын  дауыс  естідім.Жалт  қарап  ем                АйнаданТұр  айқайлап  кескінім. Алмастан  бір  демімді,Еңбек  етіп  сенімді.Шегіртке  жеп  қояр  деп,Аспанға  ектім  егінді.Жаздым – дағы  жарнама,Күй  тартқыздым  қарғаға.Қошеметтеп  қол  соқтыӨліп  қалған   қандала. Ү Ш І Н Ш І   С У А Й Т Жаңбыр  суын  тамызып,Күлді  қылдым  тамызық.Құйын  қосып  илеп  ем,Болды  әрі  ине,  әрі  жіп. Қарғаларша  қарқылдап,Шапандары  жалпылдап.Екі  балық  сүзісті,Мүйіздері  сартылдап. Жұмысымдай  негізгі,Іс  жасадым  мен  ізгі.Бір  бүргенің  ізіне,Құя  салдым  теңізді. Мініп  жүріп  құр  атты,Бүріп  тұрып  лақты.Түкірікпен  бір  масаДәу   атанды   құлатты. Бит  терісін  бүркендім,Алма  ағаштан  жүн  тердім.Жаңбырдың  әр  тамшысынҚапқа  жинап  үлгердім. Үйретем  деп  әріпті,Қуып  жүрген  балықты,Мүйізіне  ешкімніңБұлт  оралып  қалыпты. Таң  қалады  бұған  кім,Жаңалыққа  құмармын.Елеп едім  мен  құмды,Ішінен  көп  піл  алдым. Қаздым  да  үлкен  арықты,Суша  ағыздым  жарықты.Байқамаппын                      Көлеңкем,Мұзға  қатып  қалыпты. Күн  сәулесін  біз  ұрттап,Қарап  тұрдық  қызықтап.Жел  бағытын  өзгертті,Бір  өгізім  сүзіп  қап. Қайрап  алып құрықты,Маймыл  ешкі  қырыпты.Сондықтан  да  бір  лақтың,Төбелі  оған  жұғыпты. Жалап – жалап  бүйірін,Жыртса – дағы  киімін,Өз  емшегін  өзі  еміп,Семіріпті  сиырым. Енді  бұған  таң  қалма,Бақылап  ем  әр  таңда:Тал  бүршігі  орнына,Шырақ  өсті  қаңтарда. Ішке  алып  демімді,Шешіп  тастап   темірді,Сүңгіп едім  мұхитқа,Суы  кейін  шегінді. Бұл  ісімді  жыр  қылып,Таңданумен  тұрды  жұрт.Іліп  қойдым  бір  ғасырСу  тамшысын  сүр  қылып. Мен  артиспін,  мен – деді,Түйе  бүгін  ерледі.Мойнын  созып  гармонь  қып,Концерт  қойып  бергені. Келе  жатып  інгенмен,Бұған  қалай  үлгергем?Мөлдір  әйнек  астына,Жасырындым  күннен  мен.Ұстап  алып  бұланды,Қылып  едім  ләңгі.Күліп  жатты  сонда  даШіркін  қандай  шыдамды! Сүйретіп  кеп  самалды,Жүгендедім  қабанды.Найзағайды  дәрі  ғып,Жазып  алдым  жарамды. Құс  жолынан  елікке,Күй  тартқызды  керік  те.Ұлттық  киім  киіп  ап,Би  биледі  шегіртке. Маңдайына  киіктің,Бір  қазан  сүт  ұйыттым.Найзағайдың  отыменҚойдың  басын  үйіттім. Тауысқан  соң  құрағын,Жесін  деп  ақ  лағым.Желімдедім  бұлтқаҚағаз  қиындыларын. Мәз  болысты  қойларым,Туған  күнді  тойладым.Концерт  қойып  бір  өзімОркестрде  ойнадым. Өмір  бойғы  қонағым,Ақылын  ап  сонаныңАсфальт  жолды  таспадай,Бір   тал   шашқа   орадым. Қыс  ішінде  қырық  күн,Жарқанатты  қырықтым.Жүні  көп – ау,  ойпырым – ай,Ұйықтамастан  жүріппін. Шұрқыраса  ішегі,Торғайым  бұлт  ішеді.Томағасын  сыпырсам,Бүркітке  кеп  түседі. Айта  аламын  бірден  нық,Жақсы  әдіс  табылды.Токты  жинап,  сүрлем  ғып,Семірттім  көп  малымды. Отырып  бұлт  үстінде,Қарды  сабап,  тоң  түттім.Көлеңкемді  піштім  де,Ініме  арнап  тон  тіктім. Башайыммен  бұлт  өріп,Әктен  жалын  өндірдім.Айдарымды  білте  қып,Жағып  түнде  сөндірдім. Қоян  қудым  түнімен,Үйіріп  ап  қамшымды.Майы  шығып  түгіненИтім  терге  малшынды. Ұмытпаспын  сол  күнді,Күннен  айға  түкірдім.РадиотолқындыСыпырғышпен  сыпырдым. Тапқырлықтың  түрі  көп,Жүрдім  сәуле – науамен.Өмірімде  бір  ретТыныс  алдым  ауамен. Т Ө Р Т І Н Ш І   С У А Й Т  Оқырманы  піл  кілең,Өткерген  жүз  ғасырды.Бір  кітапты  сілкіп  ем,Нүкте,  үтір  шашылды. Сүйемелдеп  кекілік,Хор  айтқанда  боталар,Қуанғаннан  секіріп,Билеп  кеті  ноталар. Ине  қылып  сүйменді,Жіпше  иіріп    жалбызды.Орнына  түймемніңҚададым  мен  қарбызды. Көп  қой  менің  күшім  де,Буды  аяқпен  таптадым.Тоңазытқыш  ішіндеҚызыл  шоқты  сақтадым. Бір  үйірін  жылқының,Жол  дорбама  қамадым.Көлеңкемнің  жыртығынАй  нұрымен  жамадым. Көргеннен  соң  көзімен,Жұрттың  бәрі  таң  қалды.Күннің  көлеңкесіменСаптадым  мен  балғамды. Бір  тынбаймын,  мен  ертең,Сеніңіздер  сөзіме.Билет  сатса  көлеңкем,Концерт  қоям  өзіме. Ұшып  жүрген  бүркіттен,Арлан  қасқыр  қарғыды.Қисық – қисық  мылтықпенДәл  көздедім  әлгіні. Ерте  игердім  ғылымды,Суды  сығып  жуа  алдым.Шөлдеген  бір  шілімдіКөз  жасыммен  суардым. Тышқанды  ерттеп  алдым да,Қайырдым  мың  жылқыны.Мұзға  сүйкеп  қалдым  даТұтандырдым  шырпыны. Жүз  мың  өрме  қамшыны,Досыма  әкеп  сыйладым.Күннен  түскен  тамшыны,Елгезермен  жинадым Аяз  күні тоңып  піл,Саңылаумен  үйге  енді.Мен  кенеттен  қорықтым,Пана  қылып  түймемді.Тамақ  ішпей  тоғыз  күн,Тәтті  әуенге  бойладым.Ысқышымен  қобыздыңКүйсандықта  ойнадым. Сұмдықтың  да  түрі  бар,Болған  шақта  таң  алды,Тонап  кетті  ұрыларТыр  жалаңаш  адамды. Жатып  алып  жайланып,Не  келсе  де  қылғыған.Өзіне - өзі  байланып,Өліп  қалды  бір  жылан. Кеше  түнде  інгенімШоқты  жұтып,  шайнады.Ал  сонан  соң  білгенім,Қарын  суы  қайнады. Ертеңгілік  тың  күшпен,Тәсіл  тауып  сан  түрлі.Қылға  кір  қыстырғышпенІліп  қойдым   нән  пілді. Күндіз – түні  жасырып,Айға  сүртіп  көз  жасын.Қолтырауын  ашығып,Жұтып  қойды  өз  басын. Тақтаға  ұзақ  бөгеліп,Мұз  суретін  салып  ем.Күн  шілдеде  ол  еріп,Айрылдым  мен  бәрінен. Мұндайлардың  көзін  бақ,Жаман  екен  ырымы –Өз  киімін  өзі  ұрлап,Ұсталыпты  бір  ұры. Сот  алдына  шығарып,Айыпты  деп  қабанды.Ертіп  кетті  куә  қып,Біреу  өлген  адамды. Мұзтаудан,  күн  күйдірген,Таптым  жылан  сүйегін.Ешкі  сүтін  құйдым  мен,Желініне  түйенің. Менің  қандай  кең  өлкем,Шаптым  мініп  қаязға.*Бірақ  тасып  көлеңкем,Төгілгені  аязда. Кенгуруды  бақтым  да,Салып  қойдым  тымаққа.Шырпы  дәнін  жақтым  даЖалау  қылдым  бір  апта.  Б І Р І Н Ш І   С У А Й Т Жалында  ойнап  құр  аттың,Аңшылықты  ұнаттым.Кинодағы  қасқырдыКөздеп  атып  құлаттым. Таң  қалдырып  халықты,Көмекке  алып  балықты,Қосып  бояу  жасадымҚараңғы  мен  жарықты. Түрі  көп  қой  өнердің,Алты  өрме  қып  жол  өрдім.Түйреуіштің  ұшынаМың  түйені  шөгердім. Сабын  қылдым  ақ  қарды,Жудым  орман,  шатқалды.Кір  қыстырғыш  орнынаПайдаландым  қақпанды. Мініп  алып  құланды,Салғаннан  соң  ылаңды.Жалғыз  аяқ  жолмененТіздедім  мен  жыланды. Ұйықтап  жатып  күндіз – түн,Тауықтарды  үргіздім.Жалғап  батареяғаӨлген  құрды  жүргіздім. Жұмыссыз бос  тұрам  ба?Аса  қою  тұманда.Су  ішінде  түтінменТұзақ  құрдым  қыранға. Тауды  тесіп  от  лебі,Ұрып  еді  ток  мені.Түскен  тісім  орнынаТерек  өсіп  кеткені. Қомдап  алып  тиінді,Шарлап  алыс  қиырды.Көкжиекке  кеттім  де,Белгі  қылдым  құйынды. Тұтаттым  да  балдырды,Бір  теңізді  жандырдым.Жүзімді  үрлеп  насоспенАса  үлкен  шар  қылдым. Алғанымша  демімді,Сүрткенімше  терімді.Менің  арық  қайығымКемені  еміп  семірді. Бір  орайы   келді  енді,Айға  жайдым  серкемді.Желімдедім  толқынға,Қайығымды  желкенді. Ауада  мен  мал  бақтым,Күннен  шоқ  ап  шам  жақтым.Бәтеңкемді  шештім  деЖемі   қылдым   қармақтың. Сәулені  үрлеп  сиреттім,Түнді  жіппен  сүйреттім.Көлдің  бетін  жаптым  менҚанатымен  үйректің. Шығармастан  үнімді,Өзгертпестен  түрімді.Сәбиіме  үйреттімЖылау  менен  күлуді. Шырмауықпен  байланған,Кит  өргіздім  қайраңнан.Қаймақ  алдым  екі месЖарты  кесе  айраннан. Қызыққа  бұл  келіңіз,Сарайыма  еніңіз.Жуып  қара  киіздіАппақ  қылдым  сеніңіз. Толқындардан  мың  құлап,Сәуле  шашып,  сылдырап,Бетінде  көк  теңіздіңАғып  жатты  бір  бұлақ. Алдын  алған  қауіптің,Шапшаңын –ай  тәуіптің.Емдеп  берді  заматта – ақКүрек  тісін  тауықтың. Қызығамын  түріңе,Ынтықпын – деп  үніңе.Жетектеп  бір  інгендіКірді  тышқан  ініне. Алдында  су,  жантағы,Қорада  тұр  нар  тағы.Ал  бір  жаман  әдеті –Ол  темекі  тартады. Маңғаз,  бойлы  керікке,Жүр,  жарайсың   серікке,-Деп  секіріп  ауадаҚалды  ілініп  шегіртке. Мүйізімен  қасқырдың,Сусиырды  састырдым.Алабұғаны  ұстап  ап,Сан  жұмыртқа  бастырдым. Болмасты  мен  болдырдым,Сәуледен  май  өндірдім.Электрдің  жарығынҮрлеп  зорға  сөндірдім.