ВЕРНУТЬСЯ

Екі  әріптен  тұратын,Оқылуы  оп  – оңай.Үні  биік  шығатын,«Си»  ме,  «ля»  ма,  нота  қай? Көріңіздер  таң  қалмай,Нота  станы – оңаша  үй.Ағайынды  жандардай,До,ре,ми,фа,соль,ля,си.               До Ноталардың  басымын,Оқшау  тұрам  бәрінен.Алшы  тұрған  асығым,саз–әуеннің  мәні –мен Сайраған  бір  қалықтан,Бейік  ұшқан  құстаймын.Қарасаңыз  анықтап,Ө  әрпіне  ұқсайды.                    Ре  Мені  «күнім »  ,«Айым »  деЖұртқа  мәлім  ұнарым.Сап  бойынша  дәйім  де,Екінші  боп  тұрамын. Ширығып  мен  жетілдім,Берер  әнші   маған  мән.Біреуіндей   жеті  ұлдың,Үлгі  алам  «до»  ағамнан.                   Ми  Еріп  жолдас – жорама.Жастай  әуен,  күй  кештім.Мисыз  адам  бола  ма,Ұмытпайды  «ми–ді»  ешкім. Ал,  тұрағым  самал  – жай,Соқпай  өтпес  жыр – әнің.Қонақ  күткен  адамдай,Жол  бойында  тұрамын.                   ФаТүсте,кеште,таңымдаТұрсын  деймін  көкте  Ай, Күн.Екі  жағым – қабырға,Дәліздегі    доптаймын. «Фа» –мын  маған  қараңдар,Тәртіпті  де  үлгілі.Үш  інім,үш  ағам  бар,Ортаншы  ұлмын  біл,  мұны.                  Соль Айтсаң  дағы  қыр  әнін,Созылмаймын  өлшемсіз.Домбыраның  бұрауын,Түсіріп   көр,  «соль» –сіз. Жанымызды   жылатып,Кеудемізді   үн  кернер.Есімімді   ұмытыпТұз  деп  қалып  жүрмеңдер.                Ля Сан  жыр–күйге  сән  бердім,Бойымда  күш,  тола  ағын.Көбінесе  әндердің,Қайырмасы  боламын. Қанған  кезде  құмарым,Аяқтаймын  күй  соңын.Құшағымда   тұрады.Туыстарым  «си», «соль» –ім                Си  Есімім  «си»  қарашы,Сызық  бойы тұрағым.«До»  мен  «до»ның   арасын,Толықтырып    тұрамын. Тұрсам  да   ылғи  жерде  осы,Кіші «до» – ны  қолға   алам.Ноталардың   кенжесі–Биігі  де  мен  болам.