ВЕРНУТЬСЯ

        Өмірде ойға түсіп
кем-кетігің, 
Тулағыш мінезің
бар, жүрек, сенің.
Сонда сенің
отыңды басатұғын,
Осы өлең -
оқитұғын дұғам менің.
Ішінде бір қуаты
барға ұқсайды,
Тірі сөздің жаны
- сол, айрылмайды.
Қасиетті нәфәсі¹
желдей есіп,
Қайнап тұрған
ыстық қан салқындайды.
Жаныңның ауыр
жүгі жеңілгендей,
Көңілден кернеген
кек кемігендей -
Болады жылауға
да, сенуге де,
Жүректің басынан
у төгілгендей.