ВЕРНУТЬСЯ

...Жүрегіме екі қанжар қадалды,жүрегімді екі  қанжар тілді кеп...Жойылды ма маған деген адалдық,Мойыныңда әлде басқа бір білек... Екі қанжар...Жамандық бұл деймін бе?!Неге мөлдір көңілімді кір етті?!Бейкүнә, пәк қызғаныш та кейбірдеҚанжар болып түйрей ме екен жүректі... Не сыры бар біле алмадым түстің бұл,Көңілімнен бірақ ұзақ кетпеді.Жан дүниеге түсті де жат ұшқын бір,Киілді лез белгісіз мұң шекпені. Ұйқы қашты...Сырласйық кел, жүрек,Жасырайын сенен оның мен несін-Түсте көрген екі қанжар енді кеп,Жыртар ма екен мұңның мұнар пердесін...