ВЕРНУТЬСЯ

Халқымның ішінде мен көп гүлдеппін,Жалғаншы өтеріңді мен білмеппін.Соғысқа кеткен құлыным күйігіңнен,Байқадым өнерімнің көнергенін.Есқуат еске түссең буыным босап,Білмеппін заманымның өзгергенін.Айналып қалған халқым келе алсам,Қош болың тілектес көз көргенім.Сыйлықтан ат мінгізіп шапан жапқанРизамын аға-жеңге, келіндерім,Белгілі ат дүбірлі Сүгір едім,Кетіп тұр бойдан менің кемеңгерім.Ал аман бол, көре аламасам Адайларым,Келмесін жас өмірдің абайладым.Адайда Абыл, Нұрым, қарт Қашаған,Кешегі Сәттіғұлдай болмасам да.Елу жыл мерекеңді амалдадым.Бүгінде бәсім кеміп шамаладым.Ал бірінші енді аман бол,Келінберді-Құдайке,Адайдың екі баласы.Бәлен байтақ десем де,Өзгені айтып неғылам.Әр рулы елдердің,Өткен шығар күнінде,Бұлбұлдың шайыр данасы.Бәлен байтақ десем де,Сөзімді қате деген жоқ.Дидарыма кез-келген,Кіші жүздің баласы-ай,Аржағы бүтін  демеймін,Қазақ түгіл байқасам,Алшын менен Текшіл екі ауыл.Өзбек пен Түрікмен, мен көрдімБұлардың да саңлағын,Баяндап айтсам жігіттер.Көп болды бізбен қоштасып,Мәжіліс дудың қалғаны.Кеудеден кетсе шыбын жан,Қош аман болың арттағыКелінберді-Құдайке,Халқымның асыл шаңырағы.Мен халқымның ішінде,Қанатымды қағып сермедім.Еділ мен Жайық шайқаған,Дария болды ермегім...Бүгіндері не пайда,Біз құрыққа түскен құлыңбыз.Не де болса көрерміз,Жасаған жаппар бір Алла.Әзіретке жүгініп,Артта қалған балдарым,Талаптанып талпынып,Қалмайды қартың тартынып.Құдыреті күшті АлланыңСапырған мұхит суларын.Қаһарланған күнінде,Қалады екен бұ да сарқылып.Жас та келді анада,Жетпіс беске мінеки.Заманым қайда бұрынғы,Көп көрдің-ау жасаған,Тұлабойым тұңғыш Есқуат,Әлдилеп жүрген ұлымдай,Қарағағым қолдан кеткесін.Көңіл суып бұзылды-ай.Кәріліктің шағында,Көз алдыма елестеп,Шығара алмай жүрмін ойымнан.Тірілей кеткен құлынды-ай,Қош, аман болың, қалған ел.Батиқамды алған ел,Қоныстан аудық туған жер.Жетібай, Өзен, Маңғыстау,Егескен жауды қуған жер.Айналып та қоныс жеріме,Сапарда еттім жақсылар.Кешегіде өткен қарасам,Әбубәкір Кердері,Мен қазақпын дегенге,Болыпты сидың данасы.Сол Әбубәкірдің соңынан,Адайдан өткен Абылым,Талай бір жерге тарқаған.Сөзбенен даңқың танылды.Соңында шыққан-ай, соңынанЖаманадай Нұрымым.Іздегенменен таппайсың,Тақыр бір жерде орыным.Қашаған өтті шайырдан,Егескен дұшпанды айырған.Сол Қашекемнің соңынан,Қарт Сәттіғұл кешегі...Айтпасам да болар ед,Көңілге келді бір қиял,Жалғастырдым тағы да.Он екі перзент қарасам,Артыңда қалған бірі жоқ.Алшаңдап жүрген ағаның,Өтті-ау дүние басынан.Сол Сәтекемнің соңында,Ескелді Сүгір, мен едім.Қайнаған бұлақ көл едім,Алдыма шықса біреулер,Тілменен талай бөгедім.Мен тізгінімді бермедім.Аңсаған аға жеңгелер,Ендігі жерде еркімдіӨздеріңе бергенім,Сарқылып балдар шөлдедім.         Материалды жинақтап тапсырған Жарылғасын Орзбайұлы Құлшаров.