ВЕРНУТЬСЯ

Ескелді Сүгірдің 1957-1960 жылдары Түркменстанның Ташауыз облысынан Шымкент облысының Жетісай-Гагаринге көшкен ел азаматтарына арнап жіберген сәлемдемесі.            Жалында сәлем, жазылған,Хорезмде орнаған.Бесқаланың жеріненҚапаланып, қайғырып.Халықтардың тілінен,Айрылдық деп аға-ініден.Несібе ғайып деген барБізден бұрын неше жұрт.Қаттысынан қалмақтың,Қатты сөзі тигеннен.Аса көшкен елінен,Мекен еткен жерінен.Төгілген алтын себінен,Айрылған сүйтіп теңінен.Бастарың аман-сау болсын,Біразырақ сөйлейін.Қоныстың бағдар жөнінен,Бәріңді сұрап жатырмын.Сол жаққа барып келгеннен,Көшіп жатқан халық көп.Көңілдері желденген,Ақырын Алла білмесе,Бұрынғы ата-бабаның,Қонысы емес жерленген.Саураннан айналып,Жүз елу Адай келгеннен.Ат құлағын теңесіп,Отыз мерген, он батыр.Қорлыққа көнбей сенделген.Басына бақыт қонған күн,Маңғыстау, Арқа, Құба дөң.Ығыстырып талайды,Он екі ата байұлы.Адайлар елді меңгерген,Ар жағынан айтқанда,Болған жоқ жері кем келген.Басынан бақыт ауған күн,Тар заманға тап болып,Шалдар да пайда таппадыТөрт түлік малға ергеннен.Хорезмнің ойында,Әму-Дәрияның бойында,Мекен еттік біраз жыл...Нашарға жәрдем бергеннен,Поселке, школ, әсем жай,Миуалары гүлденіп,Ақ самаурын, қызыл шай,Қоныстанып ел болдықАбыроймен келгеннен.Ауызды бірлеп істеңдер,Күлкі болмай елдерге,Қалы төсеп төр берген,Есболат, Әбдір, Кітабай,Ер баласы Бердібай,Әбибулла Мәдірей,Арналды-ай сәлем сіздерге.Ел арасы алшайса,Қысқарар қолым сермелген.Істей берің құдай деп,Ұраным Бекет, Адай деп.Аму-Дария арнасы,Құтты болсын құдай-ай,Ильичевский район,Жетісайдың арнасы.         Бұл сөзді Сүгірдің шәкірті қырықмылтық Бүркітбайдан 1969 жылы 2 қазан күні магнитофонға жазып алған Үбіғали Бақтығалиұлы.