ВЕРНУТЬСЯ

Әуелі Алла жараттың,Аспан мен жерді пәм етіп.Алты мыңдай нәубет,Көк миуалы көгерттің.Жер жүзіне сән етіп,Жебірейлі періште,Жетпіс жыл билеп адамды,Бізге құран ал деген.Әзірет Нұхынның уақытында су тасып,Мұсылманның баласы,Кемеге салып ал деген,Әузі деген кәпіргеКемеге мінбе қал деген.Періштелерге бұйырғанӘузінің терісін ал деген.Асық жілігін дарияның бетіне,Көпір қылып сал деген.Терісінде сол күндеТөрт үлкен дария бар деген.Дарияның атын айтайын,Жайхын-Шайхұн мін парап,Нұхыға түгел ал деген,Ай менен күнді жараттыңРеушен жарық шаммененЫбырайым, Кенған екі ауыл,Алжасып дінге таласқан.Кенғанның бір әулеті,Іше берген арақ-шараптан.Ыбырайымның әулеті,Келемесін қайырып,Ақап таудың етегі,Арапа бізге болсын депАлты тақты АраптанӘжі барып дәм татты.Әжі білікті бұлақтан,Он сегіз мың ғаламды,Сонда Сүлейменге сұратқан.Мұсылман, кәпір бірігіп,Араласып жүргенде,Құлшылық үшін құдайға.Мұхамбетке үмбет болғанда,Бір дін құрсаулық қорықпыз.Атамыз Әнес СахабаМұсылманның баласы,Бір жүз жиырма бес таңбалы,Осы отырған көпшілікСол Әнестің аймағы.Мекке-Мәдине болады деп,Араптар асып кетіпті.Асанқайғы Қазтуған,Алты жұрт кеткен бұл жерден,Әнестен туған Жабал-ды.Түбі атамыз Майқы би,Жайлыхан мен СейілханСейілханның баласы болғанда,Сегіз арыс бұл түркмен,Ақалтеке, Ерсары,Әйләдір, Жәуміт дегізген.Әуелі туып егіздер,Кіндік Ата дегізген.Түмен деген кісіні сонда,Ат мініп барып сиынған,Айләдір деген батырға,Шәудір деген бір ауыл,Қазақ-қалпақ туыс секілді,Жақын екен арасы.Қазақ-қалпақ екі ауыл.Әләу батырдың баласы,Қалпақ екен ағасы,Қалпақтың келіп алған жер,Әму-Дарияның сағасы.Төменгі жер ер Сұлтан,Мұның келіп қалған жері,Әр шахардың қаласы.Қоңырат, Шымбай – екі шалБұл қалпақтың салған қаласы.Ағарыс пен Жанарыс,Кішісі атам БекарысҮш ананың баласы,Қарабайырлы менен ҒанияСауран, Сырменен,Көшпелі болып Сахара.Қырға шығып кетіпті,Кіші жүздің баласыЖалайыр мен Дулат,Ұлы жүздің баласы,Арғын менен Қыпшақ,Қоңырат, Найман төрт ауыл,Ортаны мекен етіпті.Қатықсыз қалған қалмақ дерінен,Білімді би төремен,Тап сол жерден айырылыпАдай, Әлім байұлыТама-Табын жеті ру,Төмен қарай бұрылып,Тарғабайдың тауынан,Қатықсыз қалмақ жауынан,Бері шығып кетіпті.Саураннан келген ел екен,Мекен еткен жер екен,Сонда екі арасын бітірген,Хайбазы деген хан екен.Кіші жүздің ішінде,Мейізді шалдар да бар екен.Ең кейіні – бергі Алшыннан,Нәдір Қожадан туған жеті ауыл.Тама-Табын, Кердері.Рамазан, Тілеулі, Жағалбайлы,Міне осымен аршылған.Тастамай айтсам артынан.Құлақтан үні сарқылған,Шыға аламын ба бүгін шаршыңнан.Қара Кесек, Әлім, ШөмекейМайлыбай Әлім ағасы-ай,Алты аталы ӘлімніңБи Шолпан дейді Анасы-айЖоғарыдан келген,Жосаба менен Қосаба.Әлім менен Шөмекей алады,Арғын-Самал екі суТама-Табын алады.Жағалбайлы Кердері,Жайыққа таман барады,Қарақу мен ҚаракөлЕсентемір, ел БерішЫсық, Шеркеш БайұлыКең қонысты жарады.Ұраны Бақай қара таз,Жастабан, шарға,  Келдібай,Бұның қоныс еткен жерАтыраудың сағасы.Жәнібек хан салған екен қаласын.Кіші жүздің баласы,Мекенсіз болып пырағыСонда Адайдың баласы,Жетпіс үй екен шамасы.Қонысына өкпелеп,Қырға қарай салады.Егізім Адай көшпе деп.Ала сақал Алаша,Байұлының баласыСонда артынан қуып барады.Тыңдамады айтқанды.Оқ дәрісін текшелеп,Бір шығамын шетінен деп.Есболай, Шотан, Ер ЕсекҚырға қарай салады.Маңғыстауда үш түбек,Бұл Ноғайлардың жері екен.Қонып алып Адайлар,Құдықтың көзін ашады.Манағы келген жетпіс үй,Төрт мың үй болып жасады.Төрт-Төрткілдің басында.Мекен етіп Ел болып,Алпыс жыл қадам басады.