Еріншектен - салақтық,
Салақтықтан - надандық...
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сүйтіп адамдық.
Еріншек таза
жүре алмас,
жүре алмас,
Кірі-қоңын жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
Жүрейін десең, тұрғызар,
Төсекке мойын бұрғызар.
Аналар да
жүр ғой деп,
жүр ғой деп,
Біреуді мысал қылғызар.
Тұрайын десең, жатқызар,
Буынды сүйтіп қатқызар.
Орынды іске кіргізбей,
He болса соны шатқызар.
«Мен емес
пе сабырың,
пе сабырың,
Жаныңа
тыныш тамырың,
тыныш тамырың,
Асықпа - деп алдайды,-
Қазулы ма - деп - қабырың?
«Құдайдың
- дейді - күні көп
- дейді - күні көп
Асыққан істің міні көп.
Аз ғана
рахат қылсаңшы,
рахат қылсаңшы,
Істерсің ертең мұны»-деп.
Осымен-ақ жүре сал,
Мына бір жерге-ақ кіре сал.
Бір жырымың үзілсе,
Қанжығаңмен іле сал.
Тарамыс қайда, біз қайда,
Асығыстан не пайда.
Тігіп ала қоярсьң,
Біз табылған бір жайда.
Сонымен қалсаң алданып,
Ұмтылмасаң
қамданып,-
қамданып,-
Жалқаудың құлы
болғаның,
болғаның,
Жатпақ үшін жалданып.
Шаруа да көп басыңда,
Көндіру керек жасыңда.
Қылайын қасында.
Және айтады ақылды,
Қысып қояр тақымды:
«Тілімді алсаң, тек отыр,
Менің сөзім мақұл-ды.
Жас басыңнан
аптықпа,
аптықпа,
Кіре берме боқтыққа.
Өмір өзі-ақ береді,
Тағдырға қарсы соқтықпа.
Құлақ қойсаң сөзіме,
Пайда айтамын өзіңе.
Арқалатпа бейнетті
Қызық көрер кезіңе.
Бейнетке
жаның шыдай ма,
жаның шыдай ма,
Осы сөзім ұнай ма?
Пендесін аштан өлтірмес,
Қарсы болма құдайға».
Мұның сөзі
мақұл деп,
мақұл деп,
Айтқаны дұрыс ақыл деп,-
Харекетсіз кеткенің,
Жай іздермін ақыр деп.
Бұл сөзді ұғып жас кетті,
Ішіп алып мас кетті.
Бар керектен айрылып,
Еріншек деген қас кетті.
Еріншектің
қақпаны,-
қақпаны,-
Көрінбей көзге жатқаны.
Біреу оған ілінсе,
Оны құдай атқаны.
Іс қалдырмас еселі -
Ең білімнің кеселі.
Кірсе бойдан шығу жоқ,
Күн сайын өсер бес елі.
Төбені сүйтіп теседі,
Орныққан сайын өседі.
Ғибадат жоқ, өнер жоқ,
Бәрінің жолын кеседі.
Даулассаң
желдей еседі,
желдей еседі,
Өзі айтып, өзі шешеді.
Үйір болған кісілер,
Жан тыныштық деседі.
Жан
тыныштық бұл емес,
тыныштық бұл емес,
Жан дененің құлы емес.
Өзің байлап бересің,
Жан жұмысы
ол емес.
ол емес.
- 110 просмотров