ВЕРНУТЬСЯ

       "Ғашық жайлы мұңды өлең

жазба!" - дейсің. Ақылың.

Тұра қалып тілдер ем -

ұғар емес батырым.

Сүю - сезім улары,

татпақ түгіл қайғысын,

ғашық болып туғалы

көрмепсің-ау, байғұсым!

кетісудің кілті - егес,

қозғамайық ол жайлы.

Махаббатың - күлкі емес,

мұңсыз сүю болмайды!

1960