ВЕРНУТЬСЯ

Белгілі ақын-журналист Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Сейітжан Гүлжауһар Нұрсапақызы 1947 жылы дүниеге келген. ҚазМУ-дың журналистика факультетінің 1971 жылғы түлегі.Арнайы жолдамамен Қазыналы түбекке табан тіреген Гүлжауһар Нұрсапақызы  1971-1990 жылдары Ақтау қалалық теледидарында редактор, облыстық газетте бөлім меңгерушісі, 1990-1999 жылдары «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық әкімшілікте кеңсе меңгерушісі, ақпарат басқармасында бөлім бастығы болып жұмыс жасады.Жауапты қызметтерді атқара жүріп, қасиетті қазақ жерінің, қазыналы түбектегі жасампаз замандастары, абзал адамдары жайлы өлең және әңгімелерден тұратын оннан астам кітап жазды. Гүлжауһар Нұрсапақызының «Тұңғыш» деп аталған алғашқы өлеңдер жинағы (1978ж.), «Ақерке» (1981ж.), «Үміт жағалауы» (1985ж.), «Жолайырық» (1986ж.), «Гүлайым» (1987ж.), «Маңғыстауым ғұмырымның арнасы» (1997ж.), «Жаңаөзен оттары» (2000ж.), «Маңғыстау мұнайшылары» (2002ж.), «Жер ана перзенттері» (2008ж.), «Жүректегі жазулар» (2009ж.), «Ана жырлары»(2012ж.) атты кітаптары жарық көрді.Гүлжауһар Сейітжан аймақ адамдарына кең тараған ондаған әндерге сөз жазған ақын. ГҮЛ АПА Әдетте халық ақын-жазушыны шығармалары арқылы таниды. Оны жақсы бiлмесе де, бетпе бет көрмесе де оқырман өзiне ұнаған шығармасы арқылы жақын сырласына, етене танысы­на балайды. Соған қарап қалам иесi текке тер төкпегендей бiр жасап қалатыны бар...Мен ақын Гүлжауһар Сейiтжанды өзiн көрiп, танысқаннан да он жыл бұрын бiлетiнмiн десем артық айтқандық емес. 1974 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетiнде оқып жүргенiмде Семейдiң Аягөзiнен келген, аласа бойлы, қағiлез, өзi тас қайнататындай алғыр да пысық жiгiт, қазiрде он шақты кiтабы шыққан сатирик жазушы Қазыхан Әшенов бiздiң старостамыз болды. Сол бiрде төбеден түскендей:-Сен адай екенсiң ғой, бiздiң бiр әпкемiз сiздiң жаққа тұрмысқа шығып кеткен-дi, -деп қойып қалды. Мен ол кезде Түрiкменстанның Крас­новодск ауданында тұратынмын, соны айтқалы ыңғайлана берiп ем, ол сөз тыңдайтындай бол­мады. Дегенмен, сол есiм жадымда қалды да, Гүлжауһар Сейiтжанның қолға түскен өлеңдерiн, әңгiмелерi мен мақалаларын жiбермей оқитын болдым. Ал, Қазыхан екеумiздiң арамыз кур­стас жолдастықтан достыққа айналды. Бiрер жылдан кейiн оның отбасы Аягөзден Алматыға көшiп келдi. Қала шетiнде тұратын он бала­лы, қашанда базарлы бұл шаңырақта жиi бо­лып, дастарқанынан сан рет дәм татқан едiм. Қазыханның ата-анасы қарапайым, өте жайлы кiсiлер едi. Ол кезде Алматыға көшiп бару, ор­наласып кету қиынның қиыны болатын. Бiрақ олар қандайда қиындықтан да қайыспай өз балаларының болашағын ойлап, оқыту үшiн сондай қадамға барды. Ата-ананың арман-мақсаттары орындалып балаларының барлығы да бүгiнде жоғары бiлiмдi, бiлiктi де тәрбиелi азаматтар, сан алуан мамандық иелерi. Айтайын дегенiм, Қазыханның үйiнде де жақын туыстары сонау қияндағы Маңғыстаудың адайына келiн болып кеткен сүйiктi қызы Гүлжауһар жайында сағынышпен айтып отыратын-ды...1971 жылы ҚазМУ-дың журналистика факультетiн бiтiрген Гүлжауһар арнайы жолда­мамен Маңғыстауға келiп, сол жылы өңiрдегi алғашқы тележурналист ретiнде Ақтау телесту­диясында еңбек жолын бастайды. 1973 жылы осындағы облыстық газетке ауысып, аға әдеби қызметкер, әдебиет және мәдениет бөлiмiнiң меңгерушiсi болады.Ақын ретiнде көпке танылып, өлең-жырлары республикалық басылымдарда жиi көрiнiп жүрген Гүлжауһардың 1978 жылы “Жалын” баспасынан “Тұңғыш” атты өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Оның туындылары сыршыл көңiлдiң тұп-тұнық, мөлдiр сырларындай әсерлi.  Мәселен, “Адамдар” деген өлеңiнде мынадай жолдар бар:...Қасиеттер қаншама сыйладыңдар,Бәрiн алдым сендерден иланыңдар!Сендер салған соқпақтан жоқты таптым,–Болмаса егер дем берер дарқан әнiң,Борыш жүгiн мен қалай тарта аламын?!Жақсылықтан бiр нышан болса менде,О да, адамдар, сендердiң арқаларың.Ағынан жарылып айтылған осынау өлең жол­дарын ақынның азаматтық ұстанымы дерсiз! “Өлең деген өсекшi жұртқа жаяр”, деп ұлы Абай айтқандай, ол кей бiреулерше, өзiм болдым, өзiм толдымнан аулақ, бар сырын шынайы қалпында жайып салып отыр. “Тұңғыштағы” нәзiк те, қайрат пен қайсарлыққа толы жырлардың қай-қайсысы да оқырманын бейжай қалдырмайды.Гүлжауһардың 1981 жылы Алматыдағы “Жа­лын” баспасынан “Ақерке” деп аталатын жыр жинағы жарық көрдi. Бұл жинақтан да кiтаптың алғы сөзiнде орынды айтылғандай, сыршыл ақыннның әр өлеңiнен нәзiктiк, биязылықтың лебi есiп тұрғандай әсер қалдырады...Гүлекеңмен жүзбе-жүз кездесудiң сәтi 1985 жылы түстi. Маңғыстау облыстық “Коммунистiк жол” газетiне тiлшi болып қызметке тұрғанымда ол редакцияның мәденииет және әдебиет бөлiмiн басқарады екен. Сол жылы “Жалын” баспасынан Қазақстан жас ақындарының “Қарлығаш” деп аталатын жыр жинағы жарыққа шығып, оған маңғыстаулық журналист - ақын Ғалым Әрiп екеумiздiң топтама өлеңдерiмiз енген бола­тын. Мұны көрген ақын апамыз қуанып қалды. Газеттiң бас редакторы Киiкбай Мырзағұловқа айтып, өзi алғысөз жазып, екеумiздiң бiрнеше өлеңдерiмiздi жариялағаны есiмде. Бұл да оның өзiнен кейiнгi, жасы кiшi iнiлерiне деген қамқор көзқарасын көрсетсе керек. Кейiннен Гүлекең хаттар бөлiмiне ауысып, мәдениет бөлiмiн басқару менiң еншiме тигенде де ол өз көмегiн аяған емес.1988 жылы облысымыз таратылып, “Коммунистiк жол” газетi жабылды да, “балапан басына, орынбасары, облыстық әкiмшiлiкте кеңсе меңгерушiсi қызметтерiн атқарады. 1998 жылғы тамыз айында мен отбасылық жағдайыммен Жаңаөзеннен Ақтауға қайта көшiп келдiм. Қызмет iздеп, сол жылдың басында ашылған облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасына бардым. Алдымнан Гүлекең апа­мыз шыға келдi. Жағдайымды бiлгеннен кейiн басқарма бастығы Асқар Киiкбайұлы Рзахановқа ертiп апарып, өз бөлiмiне алатынын айтты. Содан апамызбен бiр жылдай бiрге қызмет iстедiк. Көлiк жоқ, облыс орталығының мекеме-кәсiпорындары мен ұйымдарын, оқу орындарын жаяу аралап, iс қағаздарының мемлекеттiк тiлде жүргiзiлу барысын тексердiк. Осындай әрбiр тексру рейдiнен кейiн екеумiз де көзге түскен кемшiлiктер жөнiнде газеттерге мақалалар жа­зып, радио, теледидардан айтып отыратынбыз. Сонымен қатар Ақтаудағы мемлекеттiк тiлдiң жағдайын, ҚР “Тiл туралы” Заңының орындалы­сын 1999 жылы облыс әкiмдiгiнiң алқа мәжiлiсiне шығардық. Мұның облыс орталығында ерекше бiр серпiлiс туғызғанын айта кеткен жөн.Көп ұзамай Гүлекең өзiнiң шығармашылық жұмысқа кететiнiн айтып, бөлiм бастығы мiндетiн маған табыстады.1997 жылы Гүлжауһардың “Маңғыстауым - ғұмырымның арнасы” деп аталатын өлеңдер мен балладалар жинағы жарық көрдi. Жалпы адам өмiрiнде, сонымен қатар бiздiң өңiрiмiздегi оқиғалараға негiзделiп жазылған бұл жинақты оқырман қауым жылы қабылдады. Осындағы бiр ғана “Емшi екен бiр-бiрiне адам деген...” де­ген өлеңдi оқып қараңыз, көңiлдегi айтылмай жүрген ойыңызды дөп басады.Қандай күш бар, бiлдiң бе, ғаламда ерен,Дүние, бар тұсыңа хабар берем -Емдейдi екен бiздi iзгi тiлек,Емшi екен бiр-бiрiне адам деген.Тәттi сөз, көзқарасың, жақсы әңгiмеңДәрi екен таптырмайтын, бақсам кiлең.Iшқұса келiншектер баяғыдаЕмделген шығар бәлкiм бастаңғымен.Бiлдiң бе, қандай күш бар өмiрде бұл, iзгi қасиеттерге үндейтiн тақырыптарға құрылған. Мәселен, “Ана, нәресте және хрусталь” деген балладада дүниеқоңыздық, қанағатсыздықтың соңы трагедияға айналып, қос ғұмыр - қызы мен анасының өмiрден көшкен аянышты халi суреттеледi....Ең бастысы көзiңдi шел баспасын, көтере алмай бақыт пенен барлықты...-деп түйiндейдi автор.Тот баспайтын алтын кездiк сияқты жақсы шығарма да жерде қалмайды. Оқырманын ой­ландыратын бұл мазмұнды өлеңдi ұзақтығына қарамастан бiрде жаңаөзендiк айтыскер ақын, марқұм Жексен Қоңқаш қалалық көркемсөз оқушылар сайысында жатқа, мәнерлеп оқып, жүлденi жеңiп алған-ды. Жырсүйер қауым жақсы бағалаған бұл кiтаптағы тағы бiр жетiстiк -“Ана жырлары” топтамасы. Бiр леппен оқылып, әр жо­лынан сәбиге деген махаббат, жүрек лүпiлi есiп тұрған шумақтарда ана бейнесi жақсы сомдалған. Әттең, кезiнде Ақтаудағы облыстық баспаха­надан 1000 дана таралыммен ғана шыққан бұл кiтап көпшiлiкке жетпей қалды-ау...Гүлжауһар Нұрсапақызы Сейiтжан поэзиялық ғана емес, прозалық шығармалар да жазған. Жоғарыда аталған кiтаптарынан басқа оның 1985 жылы “Үмiт жағалауы”, 1986 жылы “Жол айырық”, 1987 жылы “Гүлайым” атты өлеңдер және әңгiмелер кiтаптары шықты. Қазыналы түбекте 35 жыл еңбек еткен жазушы - журналист ретiнде аймақтың әйгiлi адамдары, елдегi елеулi оқиғалар туралы да қалам тартты. “Маңғыстау мұнайшылары” (1999 жыл), “Жаңаөзен оттары” (2000 жыл) кiтаптары соның айғағы. Ол ел мен жер, Отан жайлы ондаған әндерге сөз жазды. Кезiнде облыстың қоғамдық өмiрiне белсене қатысып, жас қаламгерлерге ақылшы бола бiлдi. Бүгiнде өлкемiзге белгiлi ақын - журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесi.Темір МыңжасҚазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Гүлжауһар