«Хорезмді қар басып қалды»
газеттен
Хабар, хабар...
Болады шыны, жаңсағы.
Жүрегім ылғи
Нұр шашса дейді таңсәрі.
Асығы оның
Алшасы түспей тұр ма екен,
Қар басып қалды
Хорезм, сенде алшаны...
Күншығыс-
Жердің секілді және ұяты,
Ұятын кім бар
Суық қолдарға қиятын?
Тәңірім деймін,
Шуағыңды бер құтқарар.
Ұяты оның -
өмірі, нәрі, қуаты!
Үзілгенің бе?
Үздіге берсең жалғанар.
Хорезми жүрген
Бақтарда бұлбұл таңданар.
Күтеді сені
Күн түсті кілең Күнікей,
Күншығыс жақта
Ұяттай қызыл алмалар!..
- 117 просмотров