ВЕРНУТЬСЯ

Тағдыры бір азамат,Туысың – жүйрік қазанат.Бұрын-соңды көрмегенТап болды бізге қиянат.Көргенше енді күн жақсы,Сапарым болғай саламат.Хош, аман бол, елдерім,Тапсырдым Хаққа аманат.Хош, аман бол, ерлерім,Қалды байтақ елдерім.Ұялы тоғай, қалыңдық,Айдын шалқар көлдерім.Ойыл мен Қиыл, Жем, Сағыз –Өсіп-өнген жерлерім.Қайта айналып көрермін,Саламат болса дендерім.Тағдыр болса жазулы,Көрмегі солай пенденің.Хош, аман бол, сабаздар,Поштыға салып жіберіңҚатынас сәлем қағаздар.Сағынып жүрген халыққаБілініп тұрсын хабарлар.Алдым – биік, артым – жар,Айналуға жерім тар.Тардан кеңге шығарса,Биліктінің еркі бар.Құрметті сәлем халыққа,Күн батпайды – таң атсаБіздей міскін, ғарыпқа.Тұтқын үйден босанып,Шығармыз қашан жарыққа?!.