ВЕРНУТЬСЯ

Адамзаттың баласыАрманы болмас дүниеде –Алласы болса панасы.Жақсылар аттан жығылса,Жаманның қанар табасы.Тұтқынға алған біздерді –Сәл нәрсенің жаласы.Жазықсыз қуған дұшпанныңКөңілінің болып аласы;Өтірік жала жаптырдыАтасыз иттің баласы.Жазықсыз іске шатаған,«Жауыз» деп бізді атаған;Анығын ашпай қылмыстың,Тұтқынға бізді матаған;Газетке басып, әйгілеп,Жер-жерге хабар тараған.Центрден келді тергеушіБір жеті өтпей арадан.Бұзықтың сөзі «шын» болды,Болса да нахақ-қарадан.Жүректі езген ауыр дертТолтырды ішті жарадан.Қайғырды сыртта ата-ана,Күдерін үзіп баладан.Жолыға алмай кетеді,Көбіне жылап даладан.Хәкімнен үміт үзілді,Соттары болып жаңадан.Бер жағы – алты ай, жыл жарым,Ар жағы – бес жыл шамадан.Бұдан артық не болсын,Болмаса жәрдем Панадан?!Келген екен қорғаушыАқтөбе деген қаладан.Қаратайұлы Бақытжан –Жасы жеткен шал адам.Тыңдамады айтқанынДерегі қолда бар адам.«Қасиет бұдан шықпайд» деп,Айтатын еді көп адам,Табылды айтқан шамадан.Сыртым бүтін болғанмен,Қапаланып осы күн,Ішім толды жарадан.Ақсұңқар құс талпынар,Баласын көрсе ұядан.Арғымақ жылқы жайылмас,Қараны көріп қиядан.Көңіл бір көшіп қозғалса,Қайғылы болмақ сірәдан.Көтеріліп қаламыз,Хал сұрай келсе бір адам.Тұтқында ерлер ойлайды,Ойласа, ойға тоймайды.Дертке толған сұм жүрекЕрді еркіне қоймайды.Орынсыз көрген оқиғаКөңілдің шерін қозғайды.Байлаулы жатқан нар тайлақҮйірін іздеп, боздайды.Келгесін адам жаралып,Баянсыз фәни-жалғанға-ай;Қапа шегіп кімде-кім,Қалған екен арманда-ай.Сол арманның бірі – біз,Отыралық қорланбай.Әзіреті Жүсіп, біз түгіл,Ол-дағы түскен торларға-ай.Жалғыз өзі зындандаБірнеше күн сандалды-ай.Тағынан тайған бірнешеЕл билеген хандар да-ай.Не көрмейді адамзат,Кеудеде шыбын жан барда-ай?!Басынан бақыт ауған күнТалайлар болған албарлы-ай.Мүгедек болып отырмыз,Жасы жеткен шалдардай.Сәл нәрсеге жұбанып,Нәресте, сәби балдардай.Асыр салып жатырмыз,Төрт-бес бөлме вокзалда-ай.Қасірет-қайғы орнадыЖеті мүше – ағзаға-ай.Қапталы жауыр болса да,Қайыспас жүкке қара нар.Мүсәпір қылса пендені,Аллаға нешік шара бар?!Тұтқында жатқан біздергеНахақтан болған жала бар.Өзекті барып өртейді,Жүрекке түскен жаралар.Сөз жазайын қорытынды-ай:Дұшпанның көңілі бір тынды-ай.Қолдан келер шара жоқ,Ағайын-туған жұртымда-ай.«Іс істелді төтен» деп,«Төтесін тауып жетем» деп.Келгендер бізге айтпады«Аяушылық етем» деп.Сақтамаса Құдайым,Қалмады ешкім паналар.Қарындас халқым күйзеліп,Аңдыған дұшпан табалар...