ВЕРНУТЬСЯ

         Іш тартпай,

кейде салқын қарап қалам

адамдай жаратпаған -

таңданба, қалқам, бұған,

сезіп, ұғып қарарсың әлі-ақ маған.

Көздерімнен

жалғыз қалған аққудың жанарындай

(жүрші тек таба қылмай!)

мұң аралас от ұшқын атқыласа,

солай болу тиістей қарағын жәй.

Мен де бір кез

күлгенмін жарқылдағам,

қуаныш боп келетін әр күн маған -

екеу едік. Жоқтай-тын басқа бақыт,

айнала алтын ғалам.

Махаббаттың толқыны тұншықтырса,

ұмытады атағын, даңқын да адам.

Сосын... бір кеш... көз салып реңіне,

қорғасын боп балқыған жүрегіме

мұзды суды құйғандай салқындағам.

Солай, айнам.

Мүмкін, жұмбақ жандаймын саған анық.

Суыт, сұрғылт күндер де барады ағып.

Өзгереді адамдар қалған кезде

сенімі жараланып.

1976