ВЕРНУТЬСЯ

          Қап-қара, ғажап, сиқырлы

Қашпаңдар қара бояудан!

Қандырып уыз-ұйқымды,

Қап-қара түннен оянғам.

Қап-қара түнді көрдім де,

Жап-жарық таңға кездестім.

Қарасыз, сірә мен мүлде,

Аппақтың нарқын сезбеспін.

Жарыңның шашы қап-қара,

Көзі де қара, шамасы.

Сондықтан жүзі аққала

Сондықтан әсем, қарашы.

Ақ пенен қара алмасып,

Алмасып тұрса әрдайым.

Ақ түске ғана жармасып,

Қараны неге алмайын.

Қап-қара көзді
бір қыз бар,

Қашпандар қара бояудан!

Аспанда жарық жұлдыздар

Қап-қара түнде оянған.