ВЕРНУТЬСЯ

        Әскерге әке ұлын
аттандырды.

Сәт сапар тіледі
жұрт, мақтан қылды

Ел ішіне
сүйкімді, мақтаулы ұлды,

Жасама деп жат
қылық сақтандырды

Жаңадан отау
тігіп, ірге құрап,

Қалыпты жас семья
гүлденіп-ақ.

...Анасы жол
жабдығын әзірлеуде,

Қуанып, бірде
күліп, бірде жылап.

Қоштасып ағалары,
құрбылары,

Қош айтып
ауыл-аймақ тұрды бәрі.

Қош бол! -деп
алыс сағым бұлдырады

Естіліп
бұлақтардың сыңғыр әні.

Бәрі де
қоштасуда...

Бірақ бір жан,

Бата алмай
қоштасуға жылап тұрған.

Жолығып жол
бойында қырат-қырдан,

- Қош бол! -деп
орамалын лақтырған

Болашақ солдат
оны байқамады,

Қыз қылығын тағы да қайталады...

...Жасыма, махаббатың қайтар әлі

Оның да сен боларсың айтар әні.