ВЕРНУТЬСЯ

               Көз жұмдың, үміт толы әнің бітті,

Қаншама нәзік жүрек жалын жұтты.

Өсиет еттің неге мына маған

Жетпеген өз ғұмырың әділдікті?

Демеймін мына өмірге неге келдім,

Еңбегім туар, бәлкім, еленер күн.

Жөргекте сәби жылап, өлең жаздым

Сол қалар еншісі боп немеремнің.

Өтті, апа, ой кешумен нелер кешім,

Бір кезде жоқтауы анық ел еркесін.

Жұбатып өзімді өзім өмір сүрдім

Біреудің паналамай көлеңкесін.

Бір билік құрсам ба әлде сайланып ап,

Шындықты өтсем бе екен айналып-ақ.

Бүл күнде талантты боп туғаныңнан

Бастықпен таныс болған пайдалырақ.

Сен, апа, адал жандар көп деп едің.

Әділдік ешуақытта жоқ демедің.

Қулық пен сұмдық барын үйретпепсің,

Сол үшін бүгін саған өкпеледім.