Құмарлық деген
бір ит бар,
бір ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.
Бай баласын көп көрдім,
Кедейлікті жек көрдім.
Сауық көрсем құмар боп,
Мен де сүйтем деп көрдім.
Мылтық атты, құс салды,
Домбыра, гармонды
қолға алды.
қолға алды.
Ауыл кезіп, ән салды,
Көрген адам таң қалды.
Дойбы, карта -
бәрі бар,
бәрі бар,
Жүз құбылған әні
бар.
бар.
Киім біткен
қынаулы,
қынаулы,
Таңырқарлық сәні
бар.
бар.
Мен де осындай болам ба,
Бола алмасам оңам ба?
Бар малымды шашсам да,
Жетпей қойсам соған ба!
Арпалыстым, алыстым,
Жағаластым, жарыстым.
Дәл өзіндей болған соң,
Озамын деп
қарыстым.
қарыстым.
Жеттім, оздым. Жер білді,
Маңайдағы ел білді.
Бәрекелді батыр деп,
Қыз-бозбала сол күлді.
Мақтағанға бу
ала,
ала,
Селкілдедім
дуана.
дуана.
Баяны жоқ,
пайдасыз
пайдасыз
Бір сағымды
қуала.
қуала.
Әлі келем
далақтап,
далақтап,
Қызыл тілім
салақтап.
салақтап.
Менен озған кім бар деп,
Алдыңғы
жаққа алақтап,
жаққа алақтап,
Қара көрсем, кетемін,
Жетуге талап етемін.
Пайдасында ісім жоқ,
He де болса жетемін.
Заман өтті, жас өтті,
Қайрат, өнер бос кетті.
Абырой
жоқ, сана жоқ,
жоқ, сана жоқ,
Өз басыңа не жетті?
Естігенді ұға бер,
Ыдысың болса - тыға бер
Пайдасыз болса құмарың,
Сілкініп тастап шыға бер.
- 393 просмотра