ВЕРНУТЬСЯ

      Күн бүгін тұрып алды күреңітіп,

Шіркіннің ашылмайды реңі түк.

...Күреңіткен ауылдың сырт жағында,

Мені де отыр ма екен біреу күтіп.

Күн сияқты ол-дағы күреңітіп.

Кім күтсін, кім жоқтасын онда мені,

Күтетін бір махаббат болған еді,

Күте-күте күдерін үзген шығар,

Күреңіткен мына күн сол ма тегі?!

Бұл күнде
жоқ - әжелер, аталарым,

Кім күтсін, кімнен барып бата аламын.

Кім сейілтсін көңілді қападағы,

Кімге керек «дәрежем», атақ-арым?!

Мансап, атақ,
дәреже?!

Қайдан болсын.

Әлдеқашан
жығылған сайран-қосым,

Арсалаңып
алдымнан шығатұғын,

Қырда жатыр
қимасым, қайран досым.

...Күн бүгін
күреңітіп тұрып алды.

Көңілім күнге
қарап құбылады.

Аямасаң аяма!
Енді менде

Алынбаған не
әкеңнің құны қалды!?