ВЕРНУТЬСЯ

Десек те асыл ұлмыз, ару қызбыз –Алдында махаббаттың қарусызбыз.Әрқашан – жас болсақ та, кәріміз де,Жүректің сусынына зәруміз біз... Заманның қыздарымыз, ұлдарымыз,Биікпіз, Алатаудай тұлғалымыз.Бірақ та махаббаттан аласамыз,Сүйіскен жүректердің құрбанымыз... Болмайды махаббатта жарыс, бәйге,Бірақ та ешкім одан қалыспайды.Махаббатсыз жүректер шөліркейді,Махаббатсыз тілектер қабыспайды...Жүреміз жыр ғып егіп, гүл ғып тағып,Кірпіктен махаббат боп тұрдық тамып.Махаббаттың сәулесін сағынадыЖер бетінің тоқымдай құрлықтары. Махаббат керек саған, маған да, оған,Ешқашан толастамас ғаламда ол ән.Қорқамын соның нәзік сабағы үшін,Ғұмыры үшін мен соның алаң болам. Ұлым десін, ай жүзді қызым десін,Махаббатсыз сәуле жоқ жүзінде шын.Жүректерде, санада,Жер бетінде сабағы үзілмесін...