ВЕРНУТЬСЯ

       Мейілдерің, мені ойлап еске алмаңдар,

алар бір кез қасірет кешкен жандар.

Өмір деген кетеді өкіндіріп,

еске алмаңдар. Бірақ тек кеш қалмаңдар.

Мұңаймаңдар мен жайлы: "Зарлы ғашық,

ұзақ түні жүр-ау, - деп,- таңға ұласып".

Мен өтермін арыма дақ түсірмей,

тек соңымнан жүрмеңдер қан жыласып.

"Қалай ғана жүр екен жаный, жылап,

бітті онда, - деп аяма, - дарын-бұлақ".

Мейірімге тапшы-ау деп аялама,

кейін өртеп жүрмесін арың бірақ.

Неғып жүр деп көргеннен сұрамаңдар:

Ұқпайды ешбір шындықты бұл адамдар.

Аласармай кетуі мүмкін мәңгі

менше күліп, дәл менше жылағандар.

1975