ВЕРНУТЬСЯ

         Қыш табақтар,

Ас ішкен кімдер одан?

Ол да біздей бір кезде жүрген аман,

Ол да біздей өмірге ғашық болып,

Тіршіліктің қадірін білген адам.

Күміс белбеу,

Тақты екен ару қандай.

Көрген адам есінен жаңылғандай,

Жетті ме екен арманға жетпеді ме?

Сүйген жардың ауылы сағымданбай.

Қазып тапқан

Жоғалған жүзден бірін,

Ғасыр өткен, ат-жөнін іздеу қиын.

Бұйымдар тұр музейде, иелері

Өмір сүрген сан ғасыр бізден бұрын.

Өткір қылыш,

Ойранды салған жаумен,

Бейбіт күнді өттің бе армандаумен?

Күмістелген ер-тұрман серінікі-ау,

Солардан да қалдың ба, қайран дәурен!