ВЕРНУТЬСЯ

Көтеріп қыс түсірген ұнжырғасын,Ұзартқан бой жаздырып күн мырзасын,,Оятқан Жер-ананы ұйқысынанНаурыз депті қазақ жылдың басын. Талаппен елге құтты,Ізгі,АрдақтыҚадайтын жерге түрен біз бармақтыНаурыз келеді екен жылда бізгеІз тастай қадамына қызғалдақты. Ажыратып қыспен ірге жұраттықтан,Батырдай қатал, үлкен сынақта ұтқан,Айнымас табиғаттың анасындайМәңгілік тіршілікті мұрат тұтқан.Бұл күні сәлем беріп, төс қағысып,Бір бірін еске алар, дос табысып.Наурыз көже құйып қазанынан,Отырар жарастықпен қостап ішіп. Адамның мерекелі, шат күлкісі,Жайдары үй арасы,Бақтың іші.Сандықта жатып қалған, Әжелердің,Алмасты көк пүліші,Ақ пүліші... Қолқалап,Жердің жүзін мұң баспауын,Болсын деп сырлас халық,Сыйлас -  қауым,Құратын жасампаздық салтанатын,Қазағым осы депті жыл бастауын...