ВЕРНУТЬСЯ

       Жүйкелері жаратылған темірден,

Біз қай кезде арылармыз жебірден?

Күннен-күнге келе жатыр көбейіп,

Момындардың ақысын жеп семірген.

Болашаққа бастап жүрген осы елді,

Күні кеше шеттерінен «көсем-ді».

Енді қазір кері бұрып aт басын,

Жаңа заман «заңына» да төселді.

Алда шығар әлі талай көрерім,

Жүректілер жақпас отын «төренің».

 Серкесінген жігіттердің әп-сәтте,

Қу түлкі боп шығатыны не керім?!.