ВЕРНУТЬСЯ

           Көршіні көрші
шақырды, 
Болды да сыйлап
ас бермек.
Қулығын ішке
жасырды:
Баланың әнін
есіттірмек.
Балалар шулап,
бақырды,
Ынтасы - даусын
білдірмек.
Қонақтың күйін
қашырды,
Басты ауыртты көп
дүрмек.
Алды-алдына
кетеді,
Қосылмайды
әндері.
Құлағынан өтеді
Құр айғай салған
сәндері.
Япырмай,
көрші-ай, не қылды?
Бас ауырды,
қаңғырды.
Құлағын басып
жалынды,
Қойғыза көр деп
құрғырды.
Тым-ақ даусы
күшті екен,
Бекер де емес
сенікі.
Сүйтсе де арақ
ішпеген
Есті ұлдар ғой
менікі.
Есі шықпай мұнан
да ішкен артық,
Қисыны жоқ
қышқырған не еткен тантық!