ВЕРНУТЬСЯ

          Өлең көп деп біреулер жазғырар ма

махаббат, сезім жайлы.

Олар, әттең, мендегі жазды ұғ-ар ма

жолдар келіп тұрғанда өзің жайлы.

Өзің жайлы -

өкініш, өсегі мен

құштарлығы тағы мол өмір жайлы:

құштарлығым қүн сайын өседі де,

қуаныштан тәттірек со бір қайғы.

Өмір - сенсің, бар жұртты ұмыттырып,

өзіңді құштыратын.

Ішіп-жеген жанарыңды үміт қылып,

күттіретін біткенше күш-қуатым.

Сенсіз жырмен жоқ менің тілдеспегім,

қайтем енді біреулер оны ұқпаса...

Бұл қүнәһар тірлікте жүрмес те едім,

өзіңмен жолықпасам.

1967