ВЕРНУТЬСЯ

          Өрттей алма ұсынып ем, алмадың,

тұрып қалдым жаншылғандай арманым:

- Алма - сезім, ал Сіз мені сүймейсіз...-

Естімедім ар жағын

Қызыл алма жүректегі қан сынды

өз қолыммен қара жерге жаншылды -

күтпеп едің бұлай аяқталуын,

сені алмадан ұшқан шырын тамшы ұрды.

Келем зулап сұр жебенің ұшындай,

жымиды да, сүт-сәулесін ұсынды Ай...

Қуып жетіп, кес-кестедің алдымнан,

шыға келген көрші әйелден қысылмай,

сен - құсбегі, мен үкілі құсыңдай,

қойдың сосын ұшырмай.

1982