ВЕРНУТЬСЯ

          Ой-хой, дүние
серуен!

Адам бір көшкен
керуен.

Дүниені қызық қалдырып,

Асамыз өмір
белінен.

Кірсе лебіз -
шықса жоқ,

Қауіп етіңдер
өлімнен.

Қылышбайдан
таралып,

Сөз нұқсасы
келінген.

Дос-жаранға,
кемтарға

Қайырлы бол
делінген!

Қылған қайыр
болмаса,

Не әкетесің өмірден?!

Дәулетіңнен не
пайда

Таусылмастай
көрінген?!

Жалғыз мұраң сол
болар -

Қол қайырың
берілген.

Басқа дүние бірі
де

Көмілмейді
кебінмен.

Көп қарға тең
келмейді бір сұңқарға,

Көп жылқы тең
келмейді бір тұлпарға.

Жақсының
әрқашанда жөні бөлек,

Жаман адам
жарамас бір қымтарға.