ВЕРНУТЬСЯ

         Қыдыралы,
Құлшаннан

Құлаш ұрған
Сырттайым!

Жерді болжап,
күн шалған,

Жүргеніңді ұққанмын.

Қыдыралы,
Есімбек

Эрентальды
сабаған.

Ер туған ұл
десін деп,

Бір кәдеге
жараған.

Маманыңның өрені

Тиын-тебен
санаған.

Құтылғалы
кетіпсің,

Солар жапқан
жаладан.

Енді ниет
етіпсің,

Кім кірмеген
қаладан.

Сеңдей қазақ аз
шығар

Үміт қылған
баладан.

Екі балаң
жетілсе,

Құтыларсың
табадан.