ВЕРНУТЬСЯ

        Келдің бе,
ақиығым, алыс жерден,

Өтіпсің самғап ұшып
асқар белден.

«Алмас пышақ қап
түбінде жатпас» деген,

Хан-төре
айналмай ма сендей ерден.

Ер ғана елін
табар іздеп жүріп,

Жүрсе де ғұмырында
қорлық көріп.

Құландай-ақ бұғауын
үзіп қашқан,

Жетіпсің енді,
міне, елге келіп.