ВЕРНУТЬСЯ

    Бұл парсы менен
Закавказдағы түріктерге мағол түріктен көп араласқан. Рашид-ад-дин сөзінде
Хулагу яғни Әлекенің әскерінен әр он кісінің екеуін соларға қосты. Ол парсы
менен Закавказ түріктерінің рулары мыналар - қажар, афшар, қашқай, шаһзийуин,
бенделли, қарабөрік, Аллаберді, қарақоғонлы, жанбеклу, ұзанлу, абулхасанлу,
кенгірлу, жерруз, хожаәли, келләкөл, шайыхлу, баят, қылыш, жалайыр. Мұның
ішіндегі қажар - Қажар ноянның нәсілі дейді. Ол Сыртақ ноянның баласы Әлекенің
әскербасы еді.