ВЕРНУТЬСЯ

      Бай мен жарлы
баласы аңға шықты,
Жалаң қағып жарап
тұр аты мықты.
Жортып жүрген
түлкіні көрді-дағы,
Қуып барып
еріксіз інге тықты
Екеуі келді шауып
атты қыстап,
Түлкіні аламыз
деп отпен ыстап.
«Шылбырынан
арқандап атты отқа қой,
Тойып қалсын
болғанша біз жұмыстап».
Жазым болар десе де болмайды бір,
Жарлы байғұс, қайтсын-ай, ұнамай жүр.
Байы айтқан соң амалсыз арқандады,
Анда-санда бір үзіп елеңдеп тұр. 
От жағып, ыстап еді түтін салып,
Екі ат үркіп жөнелді үзіп алып.
Түлкі құрсын,
айрылып көлінен, 
Сандалды екі бала жаяу қалып.
Бәйбатшасы жүгірді тұра сала,
«Тоқта - деді мырзаға атшы бала,-
Аттан да, түлкіден де айрылмалық,
Мен ұстайын, сен түлкіні ыстап қара».
Ақырын келіп еді лықылықтап,
Құйрығын тігіп алды шиыршықтап.
Желіккен ат желге ермей тоқтасын ба,
Ойын салып ұстатпай
кетті зынтап.
Қайта келсе, бай отты жаға алмай тұр,
Отыны жоқ бір шоқты үреді құр.
Отын салып, жарлы ыстап түлкіні алды:
«Енді не бар аяңдап, ауылға жүр».
Екеуі елге қарай жүрді ентелеп,
Мырзасы жүре алмайды уайым жеп.
Қыл шылбырдың үзігін алды жарлы,
Бір нәрсеге керегі болар-ау деп.
Бәйбатшаға жаяулық жаман батты,
Аяғы ісіп, жүре алмай сұлап жатты.
Мұндай істің талайын көрген жарлы,
Тастасын ба мырзасын, арқалапты.
«Мен бұрын
жаяулықты көрмедім - деп,
Бүйтіп жан қинағанша өлмедім - деп.
Бәйбатша арыздасты жолдасына -
Әлім кетіп, тым қатты шөлдедім деп».
Жолдасы су іздейді сыр жүгіріп,
Беліне екі етегін алды түріп.
Құдық шығар деді де жетіп келді,