ВЕРНУТЬСЯ

     Зулайды поезд
ырғалып,

қараймын кербез
далаға.

Көтеріп көкке
шындарын,

көрінді таулар
ақ ала.

Мынау бір жасыл
даланың

естуші ем атын
бұрын жай.

Көрінді, міне,
Аралым -

ақынның мөлдір жырындай.

Көрдім де сұлу
Сыр маңын,

селт етіп бір
сәт тыңдадым:

Әбділда ағам
жырларын -

күбірлеп жатыр
сырлы ағын.

Зулайды поезд
белеспен,

етегін таудың
бөктерлеп.

Жұпардай майда желі ескен,

жотасы жасыл -
көкпеңбек.

Дүние жаңа, жер
жаңа

қартаймас мәңгі ұямдай.

Созылып жатыр
кең дала

жеткізбей жүрген
қиялдай...

1957