Сен
болдың жастық шақта - сиынғаным,
Неліктен?
Айту
оны қиын, жаным!
Бейнеңді
көз алдымда ұстаймын деп,
Көңілдің
көп
қағазын шиырладым...
Сен
болдың сиынғаны - жиырманың,
Неліктен?
Айтып
қайтем - бұйырмадың!
Екеуміз
екі ендікте жүрсек-тағы,
Келеді
сен шырқаған қиырдағы үн...
Сен
кім ең?
Сиынатын
құдірет пе едің?
Елес
боп қалатұғын жүріп өткенің...
Тұрады
- шырт ұйқыда жатсам-дағы,
Күлімдеп көз алдымда - суреттерің!
- 69 просмотров