ВЕРНУТЬСЯ

     Өмірдің
таттым уын, тәттісін де,

Сен
мұны, оқушы дос, жат түсінбе!

Басымнан
бала күнгі өткен
дәуір,

Жыр
болып жазылды да, жатты ішімде.

Адамға
айтпаса да мұңын шағып,

Өлең
боп кісінеді құлын - шабыт.

Сонда
мен бар сырымды айтқым келді,

Кішкентай
жүрек сөзін ұғынса жұрт.

Қанша
күн содан бері өтті белден,

Қырық
жыл аспаным да жоқ түнерген!

Қарасам
енді өзіме - аға боппын,

Көп
жасап,

көпті
біліп,

көпті көрген.

Көрседе,
жақсы-жаман көзім көпті,

Жылдардың
тез өткені сезілмепті.

Ал
бүгін өнеге
етіп ұрпақтарға,

Айтатын
бар сырымды кезім жетті.

Мектепке
барған кезде жетіде едім,

Білмеймін,
тағдырымнан не тіледім?

Балғын
ем қос жанары мөлдіреген,

Кіреуке
түсірмеген
бетіме мұң.

Аттадық
босағадан ән-күйменен,

Күмбірлеп
көкіректе
әр қилы өлең.

Бала
едік қиялымыз құстан ұшқыр,

Жел
өбіп, бетімізге шаң тимеген.

Ат
қылып ақ таяқтың басын шалып,

Ойнадық
өңкей құрбы асыр салып.

Күн
шықса - алақайлап қуандық та,

Қорықтық
аспан төсін
жасырса бұлт.

Орнаған
мектебіміз құм
ішінде,

Ұстаз-ды,
ол, ән үшін де, жыр үшін де.

Күн
сайын шарбағында ән қалықтап,

Толатын
сыңғыр-сыңғыр күміс үнге!

Ақ
шағыл айналасы - ми кеңістік,

Боп
кетті мектебіміз үйден ыстық.

"Жау"
деген,

"соғыс"
деген сөзді есітіп,

Бұған
да бірте-бірте үйреністік.

Сабаққа ерте кетіп, кеш келеміз,

Алаңсыз
жолда ойнауды қош көреміз.

Мәнісін
бұл сұмдықтың білмесек те,

"Фашизм"
деген сезден сескенеміз.

Кейде
біз ұзақты күн
ас көрмедік,

Ойнадық
қару жасап, әскер болып.

"Партия,
Отан үшін!"
- деген сөзді,

Ұранға
айналдырып,

қастерледік.

Шүйілген
ел басына қауіпті ұғып,

Болғанын
бір пәленің жүрдік біліп.

Түн
еді...

Жақын
маңға бомба түсіп,

Оятты
үй біткенді дүрліктіріп...

Содан
соң құлақ бітіп, тұнып қалды,

Не
екенін үлгермедік ұғып та әлі.

Ес
жисақ:

Мектеп
тұрған терең сай мен

Өртеніп,
жанып жатыр құдық маңы...

Жау
тегі барлау жасап көруге кеп,

Өзінше
қайтқан шығар көңіл жебеп:

"Мектепті
- блиндаж, - деп,

Құдықтарды
-

Окоп",
- деп бомбалаған болу керек.

"Құзғындар
құртпақшы ма жас ғұмырды?"

Талайдың
жүрегіне тас тығылды...

Сол
түні
Нарындағы мектепті өртеп,

Жау
менің бомбалады жастығымды.

Жерді
емес, өртегендей
денемізді оқ,

Ант
еттік:

-
Фашизмді жеңеміз! - деп.

Қырық
жыл өтсе-дағы содан бері,

Жоғалған
жастығымды келем іздеп.

Естияр
боп
енді қанат жайғанда,

Екі
бірдей ағам кетті майданға.

Жап-жас
еді,

Қиын
болды жесір қап,

Желкілдеген
Жамал менен Айманға.

Енді
екеуі бұрынғыдай салмайды ән,

Оған
бөгет болған әлгі қан майдан.

Екі
ағадан келіп тұрды хат-хабар,

Сағынышын
алып-ұшып шалғайдан.

Жау
ентелеп, елдің шырқы бұзылды,

Еңбекке
деп салды апарып қыз-ұлды.

Ағалардан
келіп тұрған
хат-хабар,

Сирей-сирей,
о да бір күн
үзілді.

Бар
үмітін
жанышқандай, тау құлап,

Екі
жеңгем қалды осылай жаудырап.

Қарғап-сілеп
тағдырына налыды,

Оны
қайдан ұқсын
есер жау бірақ.

Осылайша
хабар-ошар тоқтады,

"Не
болды?" -деп жеңгелерім жоқтады.

-
Хал нешік? - деп келіп-кетіп тұратын,

Хат
таситын ақсақал да соқпады...

Сағыныштан
жарылуға шақ қалып,

Жүрген
кезде, жетті әлгі шал хатты алып.

Хат
болмады - қара қағаз екен ол,

Көздің
жасы бұлақ
болып жатты ағып.

Қос
бауырдың біреуінен айрылдық,

Жылап-сықтап
еңіредік, қайғырдық.

Ұйықтағанда
тірі адамдай елестеп,

Өлді
деуге қимай неше ай жүрдік.

Туған
жерін алтын қазық - бесік қып,

Ерлікпенен
көз жұмғанын
кеш ұқтық.

Шекарадан
өткен күнгі шайқаста

"Он
немісті өлтірді",
- деп есіттік...

Шабуылға
шығып сонда бас болып,

Жанарына
ыза менен жас толып,

Қыран
құстай
қабақ түйген ағамыз,

Тұрып
қапты дәу гранит тас болып!

IV

Туған
жердің ақ төсіне от жағып,

Тағы
да бір сұрапыл жыл өтті ағып.

Жаз
айы еді...

Біз
отырған жайлауға,

Бір
топ адам келе қалды топталып.

Жел
сөздер көп...

Қабылдайсың
қайбірін,

Аңдамаймыз
жылдың өткен
ай-күнін.

Топ
адамды көрсек,
бірақ қорқамыз

"Белгісі,
- деп, - келе жатқан қайғының".

Көрдік-тағы
тұрып
қалдық аңырып,

Жүр
едік біз шат хабарды сағынып.

Олар
кірген ағаш үйге беттеді

Көрші
үйлердің адамдары ағылып.

Бір
қария сөз бастады тұнжырап:

(Екі
жеңгем босағада тұр жылап)

"Жазмыш
солай..

Шейіт
бопты ініміз,

Құтылады
ажалыңнан, кім бірақ?!"

Екі
ағамды жалмады да кесірлі оқ,

Жеңгелерім
қалды жастай жесір боп.

Жұбатады
көңіл айта
келгендер:

"Ұрпақ
бар ғой...

Соларды
аман өсір", - деп.

Ұрпақ
өсті...

Жігіт
те аман, қыз да аман!

Көңіл
суып, жүректер
тек мұздаған.

Шашы
ағарып, қартайса да қос жеңгем,

Мен
оларды көрінгеннен қызғанам.

Ұл-қыз
өсті...

Оған
да енді шүкірлік,

Өсіп
жатыр бүкіл
қоғам, бүкіл
жұрт.

Соғыс
атын қайталаса құзғындар,

Лағынет!

Бетіне
оның түкірдік!

Жеңіс!
Жеңіс! -

Айтып
жүрміз ән қылып:

Айықты,
- деп, - төбемізден мәңгі бұлт.

Естілмейді
соғыс салған жаңғырық,

Құрбандарды құрметтейміз мәңгілік!