ВЕРНУТЬСЯ

     Жапанда
қатар өскен қос қарағай,

Мұңы
бір,

Мүддесі
бір дос баладай...

Ертеде
бұлар жайлы әңгімелеп,

Өз
сырын шертіп еді Оспан ағай.

Талай
жыл болып қапты оған, міне

Білмеймін,
одан бері жоғалды не?

Көзіме
елестейді екі боздақ

Есіме
түсіп кетсе сол әңгіме!

Жап-жарық
жаздың жайлы Ай-түнінде,

Жас
жігіт келе жатты
қайтып үйге.

Ақ
шабақ секірді де шоршып түсті,

Тұп-тұнық
су бар еді сай түбінде.

Жас
жігіт тұрып қалды есі кетіп,

Сиқыр
күш жүрек тұсын тесіп өтіп.

"Бақытты
болса жақсы-ау,

Болмаса
ше?

Жазбаған
маңдайына нәсіп
етіп?!"

Жас
жігіт тұрып қалды есі кетіп,

Ақ
шабақ жүрек тұсын тесіп өтіп.

Көл
жатыр күлімсіреп: "Батыр болсаң,

Шайқап
бір кетпейсің бе, кешіп өтіп!"

Көл жатыр...

Кеудесіне
Ай төнеді,

Қарайды
басын иіп бәйтерегі...

Жігіт
тұр секіруге аз-ақ қалып,

Ақ
шабақ, ұстатпаса
қайтер еді?!

Әркімнің
күтуі хақ алдан жұмақ,

Жұмақта...

Тамұғың
да - жалған бірақ!

Ару
қыз жете алмаған арманына

Күйікпен
өліп еді жардан құлап.

Ақ
шабақ - сол ару боп елестеді.

Есінде
- жар жағалап кеңескені.

Ең
алғаш сүйгенімен сүйіскен жер

Осынау
көл жағасы емес пе еді?!

Жалт
етті найзағайша қайта ақбалық,

Сәулесін
су түбінен байқап қалып, -

Жігіт
сол секірді де кетті сүңгіп,

Тұнығын
көл бетінің шайқап барып.

Қаңқылдап
қаздар ұшты жағасынан,

Көл
кетті асып-тасып сабасынан.

Жырақта
жымыңдаған шоқ жұлдыздың

Сорғалап
біреуі ақты жаны ашыған!

Жап-жарық
жаздың жайлы Ай-түнінде,

Жас
жігіт оралмады қайтып үйге...

Ақ
шабақ асыр салып ойнамады,

Кел
жатты көңілсіздеу сай түбінде.

Қарайды
суда жүзген тостаған Ай,

Қаңырап
қалған үнсіз босқайыдай.

Жағаны
жауынгерше күзетіп тұр,

Қасқайып
қатар өскен қос қарағай!

Тұр
олар!

Бұл
өмірде күнәсі жоқ!

"Бар
болса, осы көлден сұрашы?" - деп.

Ел-жұрты
аңыз етіп айтады оны -

Арманда өлгендердің мұрасы! - деп.