ВЕРНУТЬСЯ

Көрсете алған көңілдерден күліп бой,Айналайын әсерлі сөз, білікті ой.Таза болса, мөлдір болса екеуіЖан сусынды қандыратын тұнық қой. Айналайын, әсерлі сөз, ақылды ой,Жалтақтамай көрсететін батыл бой.Жібіткендей кебірсіген таңдайды,Жүрегіме зәмзәм құйып жатыр ғой. Келіп кенет құдіретімен сергіткен,Құтқарушым секілденіп мен күткен.Жадыратты жанымды олар қайтаданТабыстырып дархан пейіл, кеңдікпен.Айналайын қызыл сөзі қазақтың,Сені естіп мейірлендім, мәз-ақпын.Болмаса егер әсерлі сөз, ақылды ой,Туар ма еді сезімге бай ғажап күн? Аяқталмай басталған сыр іңірден,Жан дүнием бал шәрбатын сімірген.Жандай достың ғажап терең сөздерінҚанат етіп ұшып жүрмін бүгін мен. Алуан әзіл, арман ойлар бүкіл кепЖан дүнием толып еді шүпілдеп.Азып-тозған, алба-жұлба көңілім,Көк көйлегін алды содан бүтіндеп...