ВЕРНУТЬСЯ

Шаңы қонып өн бойыңа тірліктің,

Тотықтырып жүзіңді өмір аптабы,

Өтіп жатыр, өтіп жатыр мүлгіп күн

Секілді бір тұтқындардың саптары.

Қайран дәурен батар күндей бозарып,

Қара бұлтқа сүңгігелі әзір тұр.

Өр көңілім - өмір итке жол азық,

Көкірегім сезімнен де кәзір түл.

Кеуде қуыс, сырты дұрдей тұлыппыз,

Түгімізге тірлік тозаң жия апты.

Өмір әнін ыңылдаймыз қүлықсыз,

Кәрі қызбен қалжыңдасқан сияқты.

                                                        1960.