ВЕРНУТЬСЯ

     Шаршадым білем,

Жантая кеткім
келеді.

Миыңды жеген, құрысын
бүйткен өлеңі!

Күйзеліп тапқан
көңілімдегі көрікті ой,

Аузымнан түссе адыра қала береді.

Өлеңі құрсын,

Таппадым одан ұятты,

Жазбай-ақ қойдым,

Жазғаным енді ұят-ты.

Менсіз де мына ғаламат жырау-дүние,

Өзінен-өзі жырланып жатқан сияқты.

Өткізіп жылдар,

Өткізіп айлар,

Бекер күн,

Болғансып ақын,

Мұрнымды несін көтердім?!

Өлмей-ақ жүр ғой,

Өлең жазбаған адамдар,

Өлеңсіз мен де,

Өмірді бірдеңе етермін.

Жанды да жансыз,

Көрінген заттан сыр бағып,

Өлетін болдым,

Өзімнен-өзім
ұрланып.

Шаршадым білем,

Жатпасам
енді болмас-ты.

Жұрт кетіп жатқан

Қара теңізге бір
барып...