ВЕРНУТЬСЯ

          Шау тартып қалыпсың-ау, қайран шабыт!

Жүруші ең кейбір жерде ойран салып,

Жүруші ең кейбір жерде сайран салып,

Шау тартып қалыпсың-ау қайран шабыт!

Секектеп желетін де сен емес ең,

Тепектеп келетін де сен емес ең,

Ақ бұлт пен қара бұлттың арасында,

Алапат айқұш-ұйқыш төбелес ең!

Сен солай болмағанда елемес ем,

Сені мен найзағайға теңемес ем.

Шау тартып барасың-ау, шарық-құсым,

Тояттап әлде жемге қарықпысың?

Бар, ұшшы!

Босатайын тұғырыңнан,

Шау тартпа!

Шынымен сен шабытпысың!?