ВЕРНУТЬСЯ

       Тыныштық - дәл осы шақ бар керегім,

Арадай гүл қуалап, бал теремін.

Алдымда ақжал толқын Жайық жатыр,

Жайқалтып жағасында тал-терегін.

Күн көзін паң далаға тастап нұрлы,

Бөлеп тұр шуағына асқақ қырды.

Осы бір көріністен қаным қызып,

Көңілім әлдеқайда бастап тұрды.