ВЕРНУТЬСЯ

        Жанға жинап дүниенің жарығын,

Жас кезімде лапылдады жалыным.

Жалпы жұртты жарылқауым қиын ғой,

Көп жүрекке ашпа
болып дарыдым.

Кей адамдар мені бірақ ұқпады,

Құшағыма құшақ ашып шықпады.

Болған шығар сыртымнан сөз айтқандар,

Қарсы келіп қалған кезде - «ықтады».

Сондадағы адамдарды бөлмеймін,

Қай кезде де айдын шалқар
көлдеймін.

Жақсылықпен жүретұғын жамырап,

Енесінен айырмаған төлдеймін.

Аз емес қой бұл өмірдің сабағы,

He іздесе, адам соны табады.

Ақылдының алдында мен бас ием,

Болмау үшін ақымақтың мазағы!