ВЕРНУТЬСЯ

        Кей адамның бағы жылдам өрлеген,

Бетіне оның ешкім жел боп
келмеген.

Қайда барсын, сый-құрметке бөленіп,

Әрқашан да дайын тұрар төр деген.

Ондай жандар тобыр көріп халықты,

Тез малданар, оңай келген даңқты.

Келе-келе көл қорыған қызғыштай,

Қызғанады ауа, суды, жарықты.

Баршамызды жүргендейін кісі қып,

Өз-өзінен шыға келер ісініп.

Ал біз болсақ, бұған маңыз бермейміз,

Жүрсектағы барлық жайды түсініп.

Қатар ұстап тұргандай боп Күн, Айды,

Өзіне тең есептер тек құдайды.

Мың асқанға, бір тосқанның
бары рас,

Мұндай пенде түбінде бір «құлайды»!