ВЕРНУТЬСЯ

       Бұзылған ба
тіршіліктің ырғағы,

Қым-қиғаш боп құбылыстың түр бәрі.

Шақша басым шарадай боп жүр қазір,

Араласып ойдағы мен қырдағы.

«Жылмына» батып-шығып
сауданық,

Біреулер жүр қалып күнде дауға мың.

Ал біреулер кеудесін құр соғады,

Білмей қалып, бастан бақыт ауғанын.

Жалған тірлік кім-кімді де алдайды,

Құрығыңа сырығыңды жалғайды.

Бір-бірінен айла асырып жүргенмен,

Жер бетінде ешкім мәқгі қалмайды.

Осы жайды бәріміз де білеміз,

Біле тұра, ойнап және күлеміз.

Өз-өзіңмен ой толғауға мұрша жоқ,

Ертелі-кеш бос сабылып жүреміз.

Өткендердің ізі жатыр жосыла,

Тыншырмыз біз сол ортаға қосыла...

Көз жұма, құпиясын айтайтын,

Өмір деген, өмір деген осы да!